Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет261/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
170
 
психологиялық  концепциялар  негізінде  анықталады.  Имидждің  көптеген  функциялары  технологиялық, 
реттейтін жəне құндылықты сипатталады, ол оның практика тұрғысында пайдалануының кең спектрі 
жəне  тұлғааралық  қатынас  пен  өзара  əрекетке  байланысты  іс-əрекеттің  алуан  түрлерін  оңтайлан-
дырудағы оның мағынасы туралы айтуға мүмкіндік береді. Педагогикалық салада жеке жəне кəсіптік 
құндылықтарға  бағдар  жасайтын  аксиологиялық  функцияны,  сондай-ақ  нақты  адамдар  арқылы  жүзеге 
асырылатын  жəне  имидждің  əлеуетін  белгілейтін  психологиялық,  педагогикалық,  эстетикалық  əсер 
ету функцияларын маңызды ретінде белгілеу қажет. Үлгі, жүзеге асырылған идея ретінде позитивтік 
имидждің  ынталандыратын  жəне  уəждемелі  қабілеті  бар,  құндылықтарды,  мағынаны,  əлеуетті 
маңызды тəжірибені көрсету құрал, іс-əрекеттің педагогикалық ресурстарының бірі болып табылады. 
Педагогика шеңберінде имидждің қалыптасуы берілген нəтиже алу үшін қажетті əлеуметтік-педа-
гогикалық  жағдайларды  жүзеге  асыратын  мақсатқа  бағытталған,  ұйымдастырылған  жəне  жоспарлы 
үдеріс  ретінде  қаралады.  Имидж  қалыптасу  үдерісінің  құрылымы  субъекті  жəне  объектінің,  нақты 
қойылған мақсаттарды, заңдылықтарды қағидалар, əдістердің болуын, шарттар мен формалардың болуы 
мен жүзеге асырылуын болжамдайды.  
Имидж қалыптасудың барлық элементтері өзара байланысты, өзара шартты жəне біртұтас педаго-
гикалық үдеріс болып табылады.  
Педагогикалық  амал  имидж  қалыптастыру  жəне  имидж  құру  ұғымдарын  нақты  шектеуге  жəне 
имидж құруға мүмкіндік береді. Үдерісте бір жағынан сыртқы, белсенді күш (субъект), екінші жағынан 
субъектінің əрекет етуші қабілеті бағытталған біршама сылбыр, бастамашылық ету жақтың (объект) 
болуы  имидж  қалыптасуының  терминологиялық  айналым  деп  ұғынылады.  Қалыптасу  ұғымы  үлкен 
дəрежеде  сыртқы  белсенді  формалардың  нəтижесі,  осы  жағдайда  педагогикалық  əсерді  бейнелейді. 
Имиджді құру ұғымы субъектінің белсенді, мақсатқа бағытталған, саналы іс-əрекетін көрсетеді.  
Спортта  имидж  қолданылуы  мен  мағынасы  туралы  мəселеге  келгенде,  оның  маңыздылығы  мен 
өзектілігіне  қарамастан,  қазіргі  уақытқа  дейін  имиджмейкерлер,  ПИАР  саласындағы  мамандар,  спорттық 
психологтар жəне т.б. тарапанынан тиісілі көңіл бөлінбеген.  
Қазіргі  күннің  ақиқаты  көрсеткендей,  мемлекеттік,  коммерциялық  ұйымдары  өз  имидждеріне, 
əсіресе басшылар мен қызметкерлердің  имиджіне ерекше көңіл бөледі. Көптеген спортшылар саяси 
қайраткерлер мен актерлермен салыстырғанда өз имидждерінің қалыптасу қамын мүлде ойламайды. 
Əйтсе де, имидж олардың спорттық жетістіктеріне, жарнамалық шарттарына, əлеуметтік жағдайлары 
мен келешегіне тікелей əсер ететінін айтып кеткен дұрыс.  
Литва  зерттеушілерінің  (Дадауснас  Девидас  Кəсіби  спортшылар  үшін  имидждің  ролі.  Каунас, 
1999) деректеріне сəйкес атлет имиджінің шарт жасауға елеулі əсер етуін Литва баскетбол лигасының 
жəне А разрядының Литва баскетбол лигасының (төмен лига) - 72%, 83% жаттығушылар жəне 73% 
спорттық журналистер белгіледі.  
Спортты коммерциялауға келетін болсақ, оның алғашқы орамы 1991 жылы басталған болатын, ең 
үлкен  табыс  шығару  мақсатта  кез  келген  коммерциялық  іс-əрекет  жарнама,  ПР,  имиджмейкер  сала-
сындағы  мамандардың  тартылуын  талап  ететінін  айту  қажет.  Əрине,  осы  мəнмəтінде  спорттың  имиджі 
нақты бейнесін табады, сонымен қатар тыңғылықты қарау кезінде осы жерде жағымсыз сəттер орын 
алады. Əдетте, имиджді қалыптастыру бастамашылығын осы спорттық командаға немесе спортшыға 
қызмет  көрсететін  фирма  алады  көптеген  жағдайларда,  жұртшылықтың  көз  аясынан  спортшының 
тұлғасы ғайып болады, тек спортшының жабдықтары, фирманың жарнамасындағы лайықты беделді 
жарыстардағы оның қатысуы, осы фирмамен ұзақмерзімді келісім-шарттың болуы жəне т.б. осы сияқты 
көптеген адамдарды қызықтырып тартатын бөлшектер қалады. Сонымен, спортшының имиджі оның 
спорттық  əрекетінің  шеңберінен  шығарылады,  яғни  жұртшылық,  əсіресе  жанкүйерлер  спортшының 
тұлғасын белгілі фирмамен жəне оның коммерциялық əрекетімен байланыстырады.  
Қарама-қайшы  мақсаттарды  спортпен  айналастыру  үшін  адамдарды  тартуға  байланысты  имидждің 
қалыптасуымен  айналасатын  адамдар  қояды.  Ал,  егер,  бірінші  жағдайда  спортшының  іс-əрекетінен 
үлкен табыс шығару мəселесі ең басты болып табылса, онда екінші жағдайда келесі біртұтас кешен-
дер  маңызды  болып  табылады:  дене  шынықтырушылардың  жанкүйерлердің  көрермендердің  жасы 
мен мүдделері, елдің географиялық, экономикалық ахуалы жəне т.б. Осыларға байланыты елде спорт 
имиджінің қалыптасуы көптеген факторлардың есебін талап ететін өте күрделі процесс.  
Əлеуметтанушылар  имиджінің  негізгі  сипаттамаларының  ішінен  имидждің  өсіңкілігін,  құбылма-
лылығын,  ситуациялығын  белгілейді.  Əлеуметтану  ғылымының  тұрғысынан,  негізгі  ретінде  имидждің 
келесі  функциялары  белгіленеді:  əлеуметтік  баға  беру,  реттеуші,  əлеуметтік  өзін-өзі  сəйкестендіру. 
Сондай-ақ,  И.А.  Федеров  əлеуметтік  тренингтің  функцияларын,  иллюзорлық-толықтырымды  жəне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет