Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет260/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін сөздер: имидж, дене шынықтыру мұғалімі, спорт, имидждің сипаттамасы, əлеуметтену, жеке бастың өсуі. 
 
Жаңа  əлеуметтік-экономикалық  жағдайларда,  спортта  имидждің  қалыптасуына  бағытталған  іс-
əрекет  саласында  балалар  мен  жастарды  спортпен  айналасуға  баулу,  сондай-ақ  кəсіби  спорт  саласында 
барынша табыс табу мақсатында ерекше мəнді болып табылады. Имидждің құрылуы оның психоло-
гиялық негіздері, ең алдымен ұғымның қалыптасу заңдылықтарын ескерусіз мүмкін емес. Айтылған 
факторларды  ескеру  арқылы  құрылған  имидж  -  спортты  тұрғылықты  ел  арасында  тарату  немесе 
насихаттау  саласын  кеңейтуге  мүмкіндік  береді,  сондай-ақ  спортшылардың  коммерциялық  іс-əре-
кетін дамытуға ықпал етеді. 
Қазіргі студенттің – болашақ маманның бейнесінің үлгісі ретінде і жаппай санада бекітіліп, оның 
қоғаммен  қабылдануына  белгі  қалдырады.  Жұртшылықтың  санасында  студент  -  болашақ  бакалавр-
дың қалыптасқан имиджіне- көбінесе жоғары оқу орындарына талапкерлерді тарту үдерісі, болашағы 
мол  жобалардың  жүзеге  асуы,  сондай-ақ  жоғары  оқу  орнының  білім  кеңістігіндегі  нəтижелілігі 
байланысты. Тəртіпаралық, ықпалдастық амалдың қалыптасуы жəне əлеуметтік-педагогикалық аренамен 
байланыс ретінде имиджі қажетті əдістемелік негізін құру гуманитарлық ғылымның елеулі жетістігі 
болды.  Сонымен  қатар,  философиялық-мəдениеттану  зерттеулері    (Т.Ю.  Быстрова,  Н.И.  Григорьева 
жəне т.б.) мəдени имидж қалыптасуының негізі екендігін жəне имидж бағалау жəне уəждемелік мəні 
зор, ол оқиғаларға, құбылыстарға, нысандарға, субъектілерге тұрақты қатынас құра отырып, оларды 
дараландырады  жəне  теңдестіретінін  көрсетеді.  Сондай-ақ,  имидж  иеленушілердің  мінез-құлқына, 
олардың шынайы оқиғаларға қатынасына имидждің ықпалы зор [1]. 
Философиялық  тұрғыда  имидж  ұғымы  практикалық  салада  имидж  қалыптастыру  мақсаты  мен 
құралдарын таңдау критериялары ретінде байқалатын руханият, мораль, этика, эстетика категорияларымен 
тығыз байланысты. 
Имидждің  қазіргі  əлеуметтік  зерттеулері  (Л.Г.  Бызов,  Д.В.  Иванов  жəне  т.б.)  имидж  белгілер  жүйесі 
арқылы субъектіден субъектіге немесе топқа ақпарат берудің нəтижелі құралы болып табылады жəне 
ол əлеуметтік қоршаған ортамен нəтижелі өзара əрекет жасауға қабілетті деп айтуға мүмкіндік береді. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
169
 
Имидж  жүріс-тұрысты  реттеу,  сəйкестендіру,  əлеуметтік  талаптарды  өз  алдында  басқаша  ұйғару 
жиынтық  механизм  бола  тұра,  субъекті  мен  əлеуметтік,  кəсіптік  орта  арасындағы  қайшылықты 
шешудің негізгі нышанды дəнекер болып табылады [2]. 
Е.Б.  Берелыгина  белгілегендей,  имидж  –  кез  келген  адамның  қалыптасуына  ықпал  ететін  ажырамас 
бөлігі [3]. Имидждің қалыптасуы екі жолмен жүзеге асырылады: кенеттен жəне мақсатқа сай, сондай-
ақ  ерте  балалық  шақтан  бастап  бірнеше  кезеңде  іске  асырылады.  6-8  жаста  имидж  бей-берекет 
бейімделу  нəтижесі  болып  келеді.  Ол  еліктеу  механизмі  негізінде  қалыптасады  жəне  өзін  өте  оңды 
басқалардың  бейнесі  арқылы  түсініп,  əлеуметтік мақұлдау  алу  талпынысқа  байланысты.  Жеткіншек 
жаста  Мен  –  тұжырымдамасын  оңды  «Менге»  жақындату  талпынысы  болып  табылатын  имидж 
құруға «əр жақты уəждеме» салынған. 
Ғалымдар  имиджді  қалыптастыру  бойынша  мақсатқа  бағытталған  іс-əрекет  үшін  алғашқы  қолайлы 
кезең ретінде жастық кезеңді (16-22 жас) белгілейді. Бұл кезеңде адам инкультурация, əлеуметтену, 
жеке дамуының жаңа сатысына енеді жəне өзінің жеке имиджін құруға, сондай-ақ мақсат, оны құру 
құралдары мен тактикасын таңдауға мақсатқа сай жəне сапалы дайын болады. Сонымен қатар, имидж 
даму  жəне  өздігінен  дамудың  табиғи,  субъективті  үдерістің  қорытындысы  ғана  емес,  мақсаттың 
объективизациясы, іс-əрекеттің əуелгі, бағалы өнімі болып табылады.  
Əлеуметтік  психология  шеңберінде  имидж  адамның  ішкі  əлемімен  белсенді  өзара  əрекет  ететіні 
жəне дамытпалы жəне бейнелеу сипаты бар екендігі сендіре көрсетілген.  
Социология,  психология,  философия  жəне  гуманитарлық  білімнің  басқа  салалары  шеңберінде 
шығарылған  ережелер  негізінде,  сондай-ақ  имидж  дəстүрлі  əлеуметтік-психологиялық  амалдармен 
шектеле тұра жеке қалыптасу үдерісі нəтижелі болмайтынын түсіну салдарынан педагогикада имидждің 
толымды  əлеуметтік-педагогикалықұстанымын  бірлестіру,  жалпы  психологиялық  əлеуметтік  психо-
логиялық, əлеуметтік жəне педагогикалық білімнің құрылуына бағытталған қадамдар жүзеге асырылады.  
Қазіргі  таңда,  педагогикалық  ғылымда  имидж  туралы  теориялық  білімдер мен  оларды  тəрбиелеу 
жəне  білім  беру  үдерісінде  практикалық  тұрғыда  қолдану  саласында  жеткен  деңгейлер  арасындағы 
алшақтықты еңсеру шаралары қолданылуда. Ең белсенді болып педагог (Т.Б.Куланова, С.А. Машалянова), 
болашақ  аудармашы  (Ю.В.  Матюшина),  болашақ  жаттықтырушы  (Т.Н.Бушуева),  туризм  менеджері 
(Н.К. Петрова жəне т.б.), əлеуметтік мəдени əрекеттің маманы (Л.Г. Попова, Н.Ф. Симонова) имиджін 
құрудың жеке салалары зерттелуде.  
Имидж  қабылдау  нəтижесі,  ұсыну-бейне  ретінде,  ал  оның  құрылуы  ең  алдымен  рецепиенттің 
когнитивтік саласында жүзеге асырылатын психологиялық іс-əрекет ретінде белгіленетін əлеуметтік-
психологиялық амалмен салыстырғанда  педагогикалық  амал  рецепиентке ақпарат жіберетін  субъек-
тінің  когнитивтік  саласында  жүзеге  асырылатын  іс-əрекетке  назардың  шоғырлануына  мүмкіндік 
береді.  Бұндай  жағдайда  имидж  ішкі  күйдің,  идеяның  (ойдың)  білдіруі  ретінде  қаралуы  мүмкін. 
Педагогикалық  амал  имидж  туралы  тұлғаның  бірлестікті  сипаттамасы,  тұлғаның  əлеуметтік-жəне 
кəсіби маңызды қасиеті сияқты жеке құрылымдарын ашатын ауызша жəне ауызша емес белгілермен 
ұсынылған презит бірлестікті жиынтық туралы айтуға мүмкіндік береді. Жеке имидж адамның əлеу-
меттік,  кəсіби  ортамен  үйлесімді  өзара  əрекет  етуін  қамтамасыз  ететін  шынайылықтағы  сипатта-
малар, қасиеттердің (мазмұны) сыртқы түрі (форма) сияқты ұсынылады. 
Əлеуметтік-педагогикалық  амал  имиджі  білім,  тəрбие,  оқыту,  дамыту  өз-өзін  дамыту  сияқты 
педагогикалық феномендермен жəне тиісілі технологиялармен өзара байланыстағы біртұтас құбылыс 
ретінде түсінуді болжамдайды.  
Қазіргі  педагогикалық  зерттеулерде жоғары  кəсіби  білім беру  жағдайларында  позитивті  имиджді 
құру  мəселесін  шешу  көзі  ретінде  педагогикалық  ғылымның  мүмкіндіктері,  кəсіптік  өзін-өзі  анық-
таудың  түрлі  кезеңдерде  маманның  имиджін  қалыптастыру  ерекшеліктері  талданады,  сондай-ақ 
имидж құрудың педагогикалық модельдері мен бағдарламалары ұсынылады [4].  
Педагогикалық  зерттеулерде  имидж  көпқұрылымды,  көпдеңгейлі  феномен  ретінде  көрсетілген, 
үдеріске өзінің айырықша үлесін қосатын сыртқы (объективтік жəне субъективтік) жəне ішкі (объек-
тивтік жəне субъективтік) əлеуметтік-педагогикалық факторлардың ең күрделі кешендердің əсерімен 
құрылатын  коммуникативтік-презентациялық  сапалар  мен  сипаттамалармен  анықталатыны  көрсетілген. 
Имиджді əлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде ұғыну оны əлеуметтік мəнмəтіннің  педагогикалық 
жағдайларда қалыптасатын құбылыс ретінде қарауға мүмкіндік береді, жалпы, əлеуметтік-психологиялық, 
кəсіптік мəдениеттің қалыптасу деңгейін көрсетеді. 
Имидждің  педагогикалық  əлеуеті  оның  аксиологиялық  қасиеттері  (имидж,  құндылық  ретінде), 
үлгіленетін  қасиеттер  мен  функционалдық  мүмкіндіктер  арқылы  философиялық,  социологиялық  жəне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет