Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет314/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   464
Жалпы  сауаттылық  -  мазмұндама,  шығарма  немесе  баяндама,  реферат  жазу,  калькуляторсыз 
есептеу, анкеталарды, бланктерді толтыру жəне т.б.; 
-
 
Компьютерлік сауаттылық - ХХІ ғасырды ақпараттың көлемінің ұлғаюына сəйкес ақпараттық 
дəуір дейміз. Осы ретте пайда болған сауаттылықтың түрі – сандық сауаттылық. Ол бірнеше құрама 
бөлшектерден  тұрады.  Сандық  сауатты  адамды  сандық  азамат  деп  атаған.  Сандық  азаматқа  тəн 
қасиеттер:  ол  –  кибернетикалық  кеңістікке  кіруіне  мүмкіндігі  бар  адам;  ол  –  сандық  коммерцияны, 
атап  айтқанда  онлайн-дүкендерден  тауарлар  мен  қызметтер  ала  алатын,  интернет  арқылы  интернет 
картасын  пайдалана  алатын  т.б.  адам;  ол  –  интернет  желісі  арқылы  басқалармен  байланыс  орната 
алатын, хаттарды тасымалдайтын қызметтерді дұрыс пайдалана алатын адам; ол – сандық заңдарды 
білетін;  ол  –  сандық  құқықтарды  білетін;  ол  –  сандық  сауатты,  демек  адам  ағзасына  инновациялық 
технологиялардың  əсерін  білумен  қатар,  интернет  арқылы  өз  денсаулығын  сақтай  алатын,  сандық 
қауіпсіздікті  меңгерген,  демек  жеке  ақпараттарды  сақтай  жəне  оларды  дұрыс  пайдалана  алуға  қабілетті 
адам. 
Математикалық сауаттылық – қазіргі жəне болашақ қажеттілігін қанағаттандыру үшін қабілетті, 
шығармашыл, өмір сүруге құлшынысы бар азаматқа тəн ақылға қонымды математикалық тұжырым-
дарын дəлелдеу, əлемдегі математиканың рөлін анықтау мен түсіну; жеке тұлғаның математиканы əр 
түрлі  контексте  қолдана  алу  қабілеті;  құбылыстарды  сипаттау,  түсіндіру,  болжау  үшін  математи-
калық  дəлелдерді,  математикалық  түсініктерді,  процедураларды,  факт  мен  инструменттерді  қолдануы; 
математикалық  тəсілдер  арқылы  шешімін  табатын  қоршаған  ортада  туындаған  проблеманы  анықтауы; 
математика  тілінде  проблеманы  құрастыруы;  математикалық  білім  мен  математикалық  модельдеуді 
қолдана  отырып  проблеманы  шешуі;  қолданылған  шешу  тəсілдерін  анализдеуі;  соңғы  нəтиже 
шығаруы. Математикалық сауаттылықты анықтаушы аспектісінің бірі «математикалық құзіреттілік».  


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
205
 
Жаратылыстану  ғылымдары  саласындағы  сауаттылық  –  қоршаған  орта  мен  ондағы  өзгерістерді 
түсіну мақсатында ғылыми əдістерді қолдану, қорытынды жасау. 
Коммуникативтік  сауаттылық  -  топта  жұмыс  жасау,  басқаларды  өзіне  қарату,  өз  көңіл-күйінің 
жетегінде  жүрмеу,  мəдениетті  сөйлеу  жəне  коммуникативтік  құзіреттілік  т.б.  Коммуникативтік 
құзіреттілік – жүйелі құрылым, ол тіл меңгерудің біліктері мен дағдыларын білдіреді.   
-
 
Шет тілдерді меңгерудегі сауаттылық - сөздікті қолдана отырып қиын емес мəтінді аудару, əр 
түрлі  тауарлар  этикеткасындағы  кеңесті  түсіну,  шетелдік  таныстармен  тұрмыстық  мəселелерді 
талқылау; 
-
 
Тұрмыстық сауаттылық - дүкеннен тағамдарды, қажет заттарды дұрыс таңдау, ақшалай шы-
ғындарды жоспарлау, нұсқауды қолдана отырып əр түрлі тұрмыстық тауарларды қолдану, анықтама, 
карта арқылы таныс емес қалада жүру; 
-
 
Құқықтық  жəне  қоғамдық-саяси  сауаттылық  -  өз  құқығың  мен  қызығушылығыңды  қорғау, 
құқықтық, əкімшілік жəне тəртіптік құқық бұзушылықтың арасындағы айырмашылықты ажырату, ол 
- жастардың қандай саяси құқықтары мен бостандықтары бар екендігін білуге жəне оларды орынды 
да  тиімді  пайдалана  білуге  үйретеді;  мемлекеттік  саяси  маңызды  мəселелерді  шешуде  халықтың  саяси 
белсенділігінің  төмендемеуіне  септігін  тигізеді;  мемлекетте  болып  жатқан  саяси  реформаларды,  саяси 
құбылыстарды  дұрыс  қабылдауға,  түсінуге,  саяси  баға  беруге  көмектеседі;  жаппай  саяси  бассыз-
дыққа, теріс əрекеттерге бармауына, олардың бойында қазақстандық патриотизмді жетілдіруге, шың-
дауға əсер етеді. Саяси сауаттылық қоғамды адамгершілік құндылықтарға қарсы жүйеден сақтандырады.  
Сонымен,  функционалды  сауаттылық  -  қоғамдық  жетістік  индикаторы.  Сауаттылықтың  жоғарғы 
деңгейі  қоғамның  белгілі  бір  əлеуметтік-мəдени  жетістігін  мегзесе,  төменгі  деңгейі  –  əлеуметтік 
дағдарыстың туындау мүмкіндігіне мегзейді. Сондықтан Қазақстан ғылымы үшін білім мазмұнының 
мақсаттары  мен  нəтижелерін  қайта  қарау;  білім  мазмұнының  принциптерін  жаңалау;  білім  алушы-
лардың функционалдық сауаттылығын дамыту амал-тəсілдерін, технологияларын жəне өнімді формасын 
қайта қарастыру көзделген.  
Функционалды сауаттылық туралы жоғарыдағы ойларды қорыта келе «функционалды сауаттылық 
дегеніміз білім алу жүйесінде жəне тұрмыс-тіршілікте қалыптасатын функционалдық білім, фун-
кционалдық  іскерлік,  функционалдық  дағдыны  адами  іс-əрекеттің  əртүрлі  сферасында,  қарым-
қатынаста, қоғамдық қатынаста қолдана білу, демек кең көлемдегі маңызды өмірлік міндеттерді 
шешу құзіреті» - деген ой түйіндейміз.  
Олай болса, функционалды сауатты тұлға – əлем мен ақиқаттағы қоғамдық құндылық пен мүддеге 
сəйкес  əрекет  ететін  адам.  Функционалды  сауатты  адам  –  адами  іс-əрекеттің  əр  түрлі  сферасында, 
қарым-қатынаста  жəне  əлеуметтік  қатынаста  кең  диапазонды  өмірлік  міндеттерді  шешуде  тіршілік 
барысында үздіксіз алынған білімді, іскерлікті, дағдыны пайдалануға қабілетті адам». 
 
1
 
Грамотность: жизненная необходимость. - Париж, 2005. - 505 с. 
2
 
Терешкович П., Крупник С. Новый порог функциональной грамотности: вызов 21 века  
3
 
[Электронный ресурс]. Режим доступа: http://worvik.narod.ru/method/fg-porog.htm 
4
 
Гершунский Б.С. Грамотность 21 века // Советская педагогика. – 1990 г. 
5
 
   Тангян С.А. Грамотность в компьютерный век // Педагогика. – 1995, № 1. 
6
 
  Фролова П.И. Формирование функциональной грамотности как основа развития учебно-познавательной 
компетентности студентов технического вуза в процессе изучения гуманитарных дисциплин // автореферат 
канд. диссер, - Омск, 2008. 
7
 
Ермоленко В.А.Развитие функциональной грамотности обучающегося: теоретический  
8
 
аспект.  Электронное  научное  издание  Альманах    Пространство  и  Время  Пространство  и  время 
образования, Т. 8. Вып. 1, 2015. 
9
 
Кричевский В.Ю. Функциональная грамотность в развивающемся обществе//  
10
 
Функциональная  грамотность  взрослых:  современное  состояние  исследований  и  их  перспективы 
(материалы к международному семинару). - Спб., 1992. - С.74-81. 
11
 
Чтение и грамотность в образовании и культуре: вторая междунар. науч.-практ. конф.:  
12
 
По  итогам  Десятилетия  грамотности  ООН  «Грамотность  для  всех»:  докл.  и  тез.  /  Русская  ассоц. 
чтения.  – М., 29-31 марта 2012 г. - 235 с.  
13
 
Чтение и грамотность в образовании и культуре: (К10-летию проекта «Школа, где  
14
 
процветает грамотность»): материалы Междунар. науч.-практич. конф. – М., 26-29 марта, 2009 г.  
15
 
 Пошконяк  Н.  Образование:  традиция  и  нововведения  в  условиях  социальных  изменений  //Инновации  и 
традиции в образовании. Сб. российско-югославских конференций, 1996.
 
 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
206
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет