Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
43
Сонымен жүргізілген талдау оқушылар іс-əрекет арқылы ғылыми білімдер жүйесін жəй жүзеге
асыру немесе шығармашылық деңгейде меңгереді деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Белгілі
бір іс-əрекетті меңгеру белсенді тұлғаны ақлыптастырудың шарты (негізі) болмақ.
Колледж оқушыларының танымдық белсенділігін теориялық талдау, оның тиімді шешімі іс-əре-
кеттік жəне тұлғалық-бағдарланған тəсілдерді пайдалану арқылы жүзеге асыруға болатынын көрсетті.
Тұлғалық-бағдарланған тəсілге сəйкес кəсіптік білім беру болашақ кəсіби іс-əрекетінің жаңа сапалы
мəн-мағынасы мен технологияларын меңгерген іс-əрекет субъектісін қалыптастырудың күрделі үдерісі
ретінде қарастырылады. Бұл үдерісте тұлғаның өздігінен білім ала алуы мен танымдық белсенділігі
маңызды рөл атқарады.
Осыған байланысты «белсенділік» ұғымын «танымдық белсенділік» ретінде қарастыруымыз қажет.
Белсенділік – белсенділіктің қозғаушы күші - қажеттілік пен құштарлық. Тіршіліктің негізі - қозғалыс
пен іс-əрекет болса, оның не қарқынды, не баяу жүруі қажеттілік пен құштарлық шегіне байланысты.
К.А. Абульханова - Славская тұлғаның белсенділігін іс-əрекет субъектісі ретінде қалыптастыруға
өзін-өзі ұйымдастыруы мен өзін-өзі реттей алуы деп қарастырады [4, 181 б.].
Осылайша, бір зерттеушілер белсенділікті іс-əрекетпен теңестірсе, екіншілері белсенділікті іс-əре-
кеттің нəтижесі, ал басқалары белсенділік – іс-əркетке қарағанда анағұрлым кең ұғым деп қарастырады.
Белсенділік іс-əркеттен ажырамас ұғым болғандықтан, біз зерттеуімізде белсенділікті тұлғалық
құрылым деп қарастырамыз жəне ол оқушының ерекше жай-күйін жəне оның іс-əрекетке деген қаты-
насын (жалпы процеске белсенді қатысу, жылдам əрекет ету) білдіреді деп тұжырым жасаймыз.
Оқу үдерісінде оқушылардың белсенділігі мəселесіне одан əрі зерттеулер жүргізілді. Оқытуда
ескерілетін бірқатар жаңа дидактикалық қағидалар (заңдылықтар) қалыптастырылды. Аталған қағи-
далдың ішінда маңыздылары: оқыту қиындықтардың жоғары деңгейінде жүргізілуі тиіс; оқыту үдерісінің
барысында материал жоғары қарқында берілуі тиіс, ал жаңа білімдерді меңгеру жаңа білімдерді
оқып-үйренумен байланысты жүргізілуі тиіс.
Танымдық белсенділік құрылымында келесі компоненттер ерекшелеп көрсетіледі:
Достарыңызбен бөлісу: