-
оқу тапсырмаларын орындауға əзір болуы;
-
өз бетінше əркет ете алуы;
-
өз іс-əрекетін саналы ұғыну;
-
белсенділік пəніне тұрақты қызығушылықтың болуы;
-
өзінің тұлғалық деңгейін көтеруге талпынуы [5, 194 б.].
-
С.Я. Батышев танымдық белсенділікті білім жəне біліктерді тиімді меңгеруге талпынудан көрініс
беретін оқу іс-əрекетінің сапасы ретінде қарастырады [6, 189 б.].
Т.И.Шамованың берген анықтамасына сəйкес танымдық белсенділік белсенділіктің бір түрлі болып
табылады жəне танымдық қызығушылықтардың бағыттылығы жəне тұрақтылығы, білімдер жəне іс-
əрекеттің тəсілдерін тиімді меңгеруге талпыныс деген түсінік беріледі.
Осылайша, оқушылардың танымдық белсенділігі мына жағдайларда көрініс береді:
-
танымдық іс-əрекеттердің мақсатты бағыттылығы жəне саналылығы;
-
əрекеттерді кезеңмен меңгеру негізінде танымдық іс-əрекетті кеңейтуге жəне тереңдетуге
ынтасының болуы;
-
іс-əрекеттің білімдері, біліктері жəне тəсілдері жəне оларды пайдалана алуында.
Оқушылардың танымдық белсенділігі тұлғаның бүкіл қалыптасу үдерісінде дамып отырады. Бел-
сенділіктегі маңызды өзгерістер іс-əрекетте көрініс береді, ал тұлғаның дамуы оның белсенділігінің
жай-күйінен көрініс табады. Осыған байланысты психологиялық-педагогикалық əдебиеттерде оқу-
шылардың танымдық белсенділік деңгейінанықтау мəселесі қарастырылады.
И.П. Подласый оқушылардың танымдық белсенділігінің келесі деңгейлерін ажыратады: ақпараттық
(репродуктивтік), проблемалық, эвристикалық, зерттеушілік [7, 360 б.].
Г.И. Щукина танымдық белсенділіктің үш деңгейін қарастырады:
1. Репродуктивті-еліктеуіштік белсенділік. Оның көмегімен іс-əрекет тəжірибесі өзгенің тəжірибесі
негізінде жинақталады.
2. Ізденушілік-орындаушылық белсенділікм неғұрылм жоғары деңгей болып табылады, өйткені
бұл жерде өз бетінше жұмыс жүргізу белсенділігі жоғары болады. Бұл деңгейде міндетті қабылдап, өз
бетінше орындау құралдарын табу қажет.
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г.
44
3. Шығармашылық белсенділік ең жоғары деңгей болып табылады. Мұнда міндетті оқушылардың
өздері қояды жəне оның шешімін табудың жаңа, бірегей құралдары іздестіріледі [8, 27 б.].
Жоғарыдағы мəліметтерді қорытындылай отырып, кез-келген танымдық белсенділіктің келесі
деңгейлерін атап көрсетеміз:
-
бастапқы деңгей (көрсетілген үлгілерді тану);
-
ортаңғы деңгей (іске асырушы немесе репродуктивтік);
-
жоғары деңгей (проблемалық-ізденушік, зерттеушілік).
Кез-келген деңгейдің белсенділігі жағдайға байланысты, бір кезеңдік сипатта болуы, тұрақты
тұлғалық сапаға дейін жетуі мүмкін. Яғни, тұлғаның іс-əрекетке деген қатынасының тұрақтылығына
байланысты жағдаяттық белсенділікті атап көрсетеміз. Ол белгілі бір жағдайларда, танымдық белсен-
діліктің жеке бір түрлерінде береді. Мұнда оқушы сапалы танымдық іс-əрекетте тұрақты қалыптасқан
қажеттілігін көрсетеді. Бұл жағдайда оқушы тұлғасы бағыттылығы жағдаяттық қажеттіліктерге тəуелді
бола бермейтін танымдық іс-əрекеттің күшті жəне тұрақты мотивтерінен көрініс табады. Оқушылардың
танымдық белсенділіктің шығармашылық деңгейіне көтерілуі көп жағдайда оқытушыларға байланысты
болады.
Жоғарыда аталғандардың негізінде оқыту мен білім алудың өнімділік деңгейі басым жағдайда
танымдық белсенділік деңгейіне тəуелді болады деген тұжырым жасаймыз.
Зерттеу логикасына сəйкес «белсенділікті арттыру», «танымдық іс-əрекеттің белсенділігі» ұғымдарын
қарастырайық.
И.П. Подласый ерекшелеп көрсеткендей белсенділікті басқару «белсенділікті арттыру» деп аталады.
Оқу іс-əрекетін белсенділігін қалыптастыру анықтамасын Р.А. Низамов былай деп берді: «Оқушының
білімдерді меңгеруге, икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыруға, оларды тəжірибе жүзінде пай-
далануға қызығушылығын ояту мақсатында оқыту мазмұнын, формаларын, əдістерін, тəсілдерін жəне
құралдарын жетілдіруге бағытталған оқытушының мақсатты іс-əрекеті болып табылады» [7, 38 б.].
Г.И. Щукина өз зерттеулерінде танымдық іс-əрекетті арттырудың жалпы шарттарын ұсынады:
-
қоғамдық бағытталған іс-əрекетті жобалау;
-
əлеуметтік байланыстарды нығайту,и ұжымдық субъектіні əрбір оқушының белсенді ұстанымы
бірлігінде қалыптастыру;
-
іс-əрекетті орындаушылық деңгейден шығармашылыққа дейінгі жоғары деңгейге көшіре отырып
біртіндеп жəне кезеңмен күрделендіру [8, 140 б.].
Сонымен, колледж оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мақсаты олардың білімді
меңгерудегі белсенділігін, шығармашылығын, өз бетінше əрекет жасай алуын жəне алған білімдерін
кəсіби іс-əрекетінде пайдалана алуын қалыптастыру болып табылады.
Оқу-танымдық іс-əрекеттегі оқушылардың белсенділігінің құрылымдық бірліктері мотивтердің
сипаты, өзін-өзі реттеудің деңгейі, танымдық бастамашылдық пен өз бетінше жұмыс жасай алудың
деңгейі болып табылады.
«Оқу іс-əрекеті», «танымдық іс-əрекет», «белсенділік» жəне «белсенділікті арттыру» ұғымдарының
тəсілдерін сараптай отырып біз «оқушылардың танымдық іс-əрекетін белсендіру» ұғымының белгілерін
нақтыладық. Ол жағымды танымдық мотивацияны қалыптастыруды, белсенділікті көтеруді, кəсіби
маңызды білімдерді, біліктерді жəне дағдыларды өз бетінше меңгере алуды қалыптастыруды қарас-
тыратын оқытушы мен оқушының біріккен іс-əрекетіне, оқушыларды оқуға ынталандырудың мақсатты
бағытталған үдерісі ретінде қарастырамыз.
Осылайша, жоғарыда келтірілген мəліметтер мынадай тұжырым жасавға мүмкіндік береді:
-
орта кəсіптік білім беру жағдайында оқушыларды даярлау күрделі үдеріс болып табылады. Ол
білім берудің жаңа жағдайларымен жəне мемлекеттің, кəсіпорындардың, колледж оқушылары тарапынан
талап етілген жаңа көзқарастармен шартталатын үдеріс. Аталған үдеріс оқушыларды колледжде белсенді
жəне шығармашылық түрде оқытуға бағдарлануымен сипатталады;
-
даярлауда оқу үдерісінде оқытудың белсенді субъектісіне айналдыра отырып оқушының ұста-
нымын өзгертуге əкелетін танымдық іс-əрекетті белсендіру қажет.
Танымдық іс-əрекетті белсенді ету оқушыларды оқуға, оқытушы мен оқушының біріккен іс-
əрекетіне ынталандырудың мақсатты бағытталған үдерісі ретінде анықталады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
45
1
Ушачев В.П. Творчество в системе образования : монография / В.П. Ушачев. - М.: Московский пед. ун-т,
1995. - 210 с.
2
Бабанский Ю.К. Избранные психологические труды / Ю. К. Бабанский. - М.: Педагогика, 1989. - 558 с.
3
Момынбаев Б.К. Кəсіптік педагогика. - Алматы, 2006. - 552 б.
4
Абульханова-Славская, К.А. Деятельность и психология личности / К. А. Абульханова-Славская. - М.:
Изд-во Наука, 1980. - 334 с.
5
Селевко Г.К. Энциклопедия образовательных технологий : в 2 т. / Г.К. Селевко. - М. : НИИ школьных
технологий, 2006. - Т. 1. - 816 с. (Серия «Энциклопедия образовательных технологий»).
6
Профессиональная педагогика / под общ. ред. С.Я. Батышева. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Ассоциация
«Профессиональное образование», 1999. - 904 с.
7
Подласый И.П. Педагогика. Новый курс : учебн. для уч.пед. вузов : в 2 кн. - М.: Гуманит.изд.центр
ВЛАДОС, 1999. - Кн.1:Общие основы. Процесс обучения. - 576 с.: ил.
8
Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в педагогике / Г.И. Щукина. - М., 1971. - С. 208-210.
Достарыңызбен бөлісу: |