ƏЛЕУМЕТТІК - МƏДЕНИ ҚҰЗІРЕТТІҢ МƏДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТ ПРОЦЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ Абдрахимова Г.Б. –ф.ғ.к. Абай атындағы ҚазҰПУ «Кəсіби шетел тілі коммуникациясы» кафедрасының доценті Уалиева С.А. – 6M011900 – Абай атындағы ҚазҰПУ 6M011900 – Шет тілі: екі шет тілі мамандығының 2- курс магистранты, ualievas@list.ru
Мақалада жалпы əлеуметтік - мəдени құзіреттің мəдениетаралық құзірет процесінде алатын орны қарасты-
рылады. Сонымен бірге зерттеушілер құзырет, мəдениетаралық құзырет, əлеуметтік - мəдени құзырет, мəдениетаралық
қатысым, мəдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің субкомпетенцияларының теориялық маңыздылығына
тоқталады. Шетел тілін оқыту үшін мəдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің субкомпетенциясы негізінде
əлеуметтік - мəдени құзыретті қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылады. Əлеуметтік-мəдени құзыретке ба-
ғытталған оқыту процесі үнемі қозғалыстағы, əрі ашық жүйе деп қарастырылады жəне өзін өзі дамытуды,
үздіксіз білім алу тұлғалық ұмтылысын қамтамасыз ететін жүйенің ең маңызды құрамы болып табылады.