Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
51
айналымға енгізді. Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, К. Маннгейм, Т. Парсонс, Н.В. Кузьмина,
В.Н. Куницина, В. Шепель жəне т.б. өз еңбектерінде білімгерлердің құзіреттілік деңгейін көтеру
мəселелері жан-жақты қарастырылу керек айтады. Білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан
келуді жүзеге асырудың əдіс-тəсілдерін меңгеру туралы мəселелер М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер,
В.В. Давыдов жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Орыс ғалымдары Н.О. Астапова,
Н.С. Соловьева, Панкратовтың еңбектерінен коммуникативтік құзырет, лингвомəдени құзыретті
П.Ю. Боровиковтың, ал Д.Н. Кулибаеваның зерттеу жұмыстарынан мəдениетаралық қатысымдық
құзыреттіліктің субкомпетенцияларын кездестіруге болады.
Мəдениетаралық қатысым теориясының негізін қалаушы американдық антрополог Эдвард Холл
болып саналады. Ол өзінің еңбектерінде ең бірінші болып «қатысым» жəне «мəдениеттің» өзара бай-
ланыстарына талдау жасай отыра, сонымен қатар əртүрлі мəдениеттердегі уақыт пен кеңістікке
сипаттама берді. Сонымен бірге Э. Холл өзінің зерттеулерінің нəтижелеріне негізделе отырып «өзге»
мəдениет өкілдерімен байланысты зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін дəлелдеді. Э. Холлдың артынан
АҚШ-та əртүрлі мəдениеттер өкілдерімен əрекеттесуге арналған біршама психологиялық жəне
əлеуметтік зерттеулер жүргізілді (Strodbeck F.L, 1961; Hofstede G.,1980; Mead M., 1988; Taifel H., 1978).
Мəдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің құрылымы мен үлгісіне талдау жасай келе
Д.Н. Кулибаева «Жалпыевропалық құзыреттіліктің» құрамын жалпы, қатысымдық тілдік деп ажыра-
тады. Сонымен бірге шетел тілін оқыту үшін мəдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің келесі
субкомпетенцияларын анықтайды: лингвистикалық, стратегиялық, дискурсивтік жəне əлеуметтік мəдени
[5, б.88].
Жоғарыда берілген ғалымдардың көзқарастары ұлттық тіл мен халық мəдениеті арасындағы сабақ-
тастықты болжап, тілдің ішкі əлеуетіне саятын қасиеттерін танытудан туған. Яғни, қазіргі қоғамның
даму барысында əлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың жетілуі, тіл, мəдениет, тарихтың тоғысуы
маңызды іспеттес.
Мəдениетаралық қатысымның құрамдас бөлігі ретінде əлеуметтік-мəдени құзіреттілікті қалыптастыру
өте маңызды. Əлеуметтік-мəдени құзіреттілік қазіргі əдістемеде кеңінен қолданылып жүрген ұғым-
дардың бірі жəне əлеуметтік-мəдени құзіреттілік сол тілде сөйлейтін халықтардың əлеуметтік-
мəдени портреті. Өйткені ол білімгерлердің кез келген жағдайда тиімді мəдениетаралық қатысымға
түсе алуын қамтамасыз етеді[6, б.115].
Шетел тілін оқыту
методикасында ғалымдар əлеуметтік-мəдени құзіреттіліктерді қалыптастыру
мəселесін жан-жақты қарастырылуда. Бүгінгі білім беру саласындағы маңызды мəселердің жоғары оқу
орындарында болашақ шет тілі мұғалімінің кəсіби маман ретінде əлеуметтік-мəдени құзіреттілігін
қалыптастыру. Бұл білімгерлердің шетел тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады. Білім берудің
негізгі мақсаттарына, əлеуметтік тəжірибенің құрылымына, білімгердің іс əрекетінің негізгі түрлеріне
байланысты мына төмендегі білімдік құзырлықтар маңызды болып саналады:
1.Мəдениетаралық қатысымның құрамдас бөлігі ретінде білімгерлердің əлеуметтік құзіреттілігін,
яғни ұжыммен немесе топпен бірлесіп жұмыс жасау қабілеттілігін қалыптастыру;
2.Əлеуметтік құзіреттілік-тұлғаның қоғам жəне өзі туралы білімін, қоғамдық қабілет, дағды, мінез-
құлқын, сонымен қатар оның тұлғалық ерекшеліктерінде көрініс беретін қарым-қатынасын, мотивациясын
байланыстыратын жеке тұлғаның жинақталған білімі [7, б.58].
Əлеуметтік құзіретті мінез-құлықтың жəне оны қалыптастырудың шарттары диалогтық өзара іс-
əрекет болып табылады. Ал диалогтік өзара іс-əрекет субьектілерінің өзара қатынасы жəне теңдігі
арқылы анықталады.
Əлеуметтік құзіреттілік əлеуметтік өзара іс-қимыл тəжірибесі негізінде білім алуды көздейді. Ол
үшін:
Достарыңызбен бөлісу: