Абай атындағы Қазақ


Ойлау, философиялық  тұрғыдан, басқа ұғымдар арқылы дəл анықтау мүмкін емес, алғашқы



Pdf көрінісі
бет103/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Ойлау, философиялық  тұрғыдан, басқа ұғымдар арқылы дəл анықтау мүмкін емес, алғашқы 
ұғым деп қарастырылады. Сондықтан ойлау ұғымына талдау жасағанда ұғымның интуициялық түсі-
нігі  қолданылады.  Оның  интуициялық  айқындылығын  Р.Декарт  былайша  түсіндіреді:  «Ойлаймын, 
демек, өмір сүріп жатырмын». Ойлау үш деңгейлі құрылымға ие: 1) интуиция; 2) ес; 3) ақыл. 
Тек  қана  интуициямен  шектелген  ойлау  ирррационалды  деп  аталады.  Интуиция  еспен  толық-
тырылған жағдайдағы ойлау интеллектуалдық  деп аталады. Интуиция тек еспен ғана емес, ақылмен 
де  толықса,  онда  үшеуі  бірге  қосылғандағы  ойлау  тиімді  болып  табылады,  ол  өте  мүлтіксіз  ойлау 
болып  табылады.  Ойлаудың  бұл  үш  түрінің  арасындағы  байланысты  И.  Кант  былайша  бейнелеп 
көрсетеді:  «Біздің  əр  біліміміз  алдымен  сезінуден  басталады,  содан  соң  еске  өтеді  жəне  ақылмен 
бекітіледі, біздің өн бойымызда ой толғаныстарымызды өңдейтін жəне оларды біріктіруге алып келе-
тін одан жоғары ешбір нəрсе жоқ» [1, 340 б]. 
Нəтижеге  бағдарланған  білім  моделі  бойынша  білімнің  мəні  оқушының  өмір  қажетін  өтеуінде 
екені  анық.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  ойлау  мəдениеті  мектеп  түлегі  міндетті  түрде  меңгеруі  тиіс 
білім  мен  біліктің  түпкі  нəтижесі  болып  саналады.  Сондықтан  ойлаудың  логикалық  мəдениетін 
дамытуды оқытудың маңызды мақсаттарының бірі деп қабылдау керек. Бұл ұғым, біріншіден, логи-
калық ойлау ұғымымен байланысты, екіншіден, «математикалық мəдениет» ұғымымен байланысқан. 
Логикалық  мəдениет  -  өте  кең  ұғым,  ол  қатаң  логикалық  құрылыммен  сипатталатын  бірқатар 
компоненттерді қамтиды. 
Оймен  нəтижелі  жұмыс  жасаудың  тиімділігі,  шын  мəніндегі  биік  мақсаттарға  қол  жеткізетін 
қабілеттіліктің болуы, көп жағдайда логикалық сауаттылық деңгейіне байланысты болады. 
 
Логиканы белсенді түрде қолдана білгенде ғана оқушылар мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен 
дағдыларын  адамдар  қызметінің  əртүрлі салаларында,  сондай-ақ  тұлғалық қарым-қатынас  пен  əлеу-
меттік  қатынастарда  өмірлік  міндеттерді  шешу  үшін  пайдалана  алады.  Бұл  функционалдық  сауат-
тылықты  дамытудағы  PISA  шеңберінде  қарастырылатын  жасөспірімдердің  білімін  бағалау  талаптарына 
толықтай  сəйкес  келеді.  РІSА  шеңберіндегі  тестілеу  барысында  функционалдық  сауаттылықтың  үш 
саласы бағаланады:  оқудағы  сауаттылық,  математикалық жəне жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық. 
Зерттеу  айналым  бойынша  (үш  жылда  бір  рет)  жүргізіледі.  Əрбір  айналымда  функциялық  сауатты-
лықтың  қандай  да  бір  түріне  ерекше  назар  аударылады.  Жалпы  функционалдық  сауаттылықты 
дамытудың  мақсаты, адам баласының жинақталған  əлеуметтік  тəжірибесі  негізінде, əр алуан танымдық 
іс-əрекеттерді  қалыптастыру  мақсатымен  біртұтастықта  қарастырылып  отыр.  Танымдық  əрекеттер 
жекелеген  оқу  пəндерінің  сипатына  сəйкес  өзіндік  ерекшеліктері  бойынша  жəне  кез-келген  пəнді 
оқытуда қолданылатын ортақ іс-əрекеттер болып бөлінеді. Дербес жағдайда, логикалық ойлау əрекеттері 
осы ортақ танымдық іс-əрекеттерге жатады. 
Өзінің  кең  ауқымды  əлеуетіне  сəйкес  логикалық  дұрыс  ойлау  кез-келген  пəннің  материалы  арқылы 
қалыптасуы  мүмкін.  Алайда,  мейлінше  қатаң  жəне  логикалық  түрдегі  құрылымымен,  логикалық 
заңдылықтарға бағынуымен  ерекшеленетін  математика  пəні  логикалық  ойлау  əрекеттерін  қалыптас-
тыруда  тиімді  жəне  мойындататын  артықшылықтары  бар  пəн  деп  саналады.  Өйткені  мектепте 
оқушының  математикадан  меңгеретін  білімдері  логикалық  ойлау  дағдыларын  қалыптастырудың 
базасы қызметін атқарғанда ғана, бұл пəн оның өміріне қажетті іскерлік дағдыларды дамытудың, 
яғни функционалдық сауаттылықты дамытудың құралына айналады.  
«Логикалық мəдениет» ұғымын көптеген авторлар түрліше түсіндіреді, бірақ барлығының анықтауында 
ортақ  негізгі  белгілер  жиі  кездеседі.  Бұл  мəселені  толық  зерттеуге  математиканың  əдістемесі  сала-
сындағы мамандар И.Л. Никольская, А.Д. Семушин, А.А. Столяр, А.И. Фетисов жəне т.б.жұмыстары 
арналған. Логикалық сауаттылық ұғымын тұжырымдаған жəне енгізген И.Л.Никольская болатын. Ол 
логикалық  мəдениетті,  сауаттылықты  «əр  адамға, оның  немен айналысатынына  байланыссыз, қажет 
болатын  логикалық  білім  мен  біліктің  кейбір  минимумы  сияқты  жəне  ол  орта  білімі  бар  əркімде  де 
бар  болуы  ықтимал»  деп  түсіндіреді  [2,7б].  Оның  тұжырымдауынша,  логикалық  сауаттылық  –
оқушылардың ойлауының логикалық мəдениетін қалыптастырудың жəне дамытудың қажетті шарты 
болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет