Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет104/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
60
 
Логикалық  сауаттылық  мəселесіне,  нақты  пəндік  салаға  байланысты  білімді  меңгерудің  ерек-
шеліктеріне  қарай  логикалық  ойлауды  қалыптастыру  мəселелеріне  арналған  жұмыстар  баршылық. 
Олар: тарихтан – А.В. Ефимов, А.З. Редько, орыс тілінен – В.А. Добромыслов, химиядан – В.Ю. Ходаков, 
ботаникадан – Е.И. Мануйлова жəне басқалары. Ал К.О. Ананченко, М.В. Волович, М.Е. Драбкина, 
Н.Д. Мацько, И.Л. Никольская, Т.А. Кондрашенкова, А.А. Столярдың еңбектері жоғары сынып оқу-
шыларының логикалық ойлауын математиканы оқыту барысында дамыту мəселесіне арналған. 
Математиканы  оқыту  процесінде  оқушылардың  логикалық  ойлауын  дамыту  мəселесін  зерттеуге  
Б. Баймұханов, Д. Рахымбек, М. Есмұхан, А.М. Мүбараков жəне т.б. қазақстандық ғалым-əдіскерлер 
де қомақты өз үлестерін қосты.  
С.  Алихановтың,  Р.  Вафаевтың,  Ю.М.  Колягиннің,  М.И.  Моро  мен  А.М.  Пышкалоның,  т.б.  зерт-
теулерінде  оқушылардың  логикалық  ойлау  мəдениетін  тəрбиелеудің  негізгі  əдістемелік  жағдайлары 
қарастырылған. 
А.Я. Хинчин логикалық ойлауды дамытудың қажеттілігі бұлтартпас мəселе деп қарастырды жəне 
ойлаудың логикалық мəдениетін қалыптастыру жəне ойлаудың ерекше стилін дамыту математиканы 
оқытудың ең маңызды мақсаттары деп есептейді: «егер осы ойлаудың айрықша стилін «қандай да бір 
басқа  ғылымның  өкілі  немесе  басқа  қызметкер  түсініп-меңгеретін  болса,  ол  оның  жеке  ойлау 
қабілетіне  əжептəуір  көмегін  тигізіп  қоймай,  еңбектерін  шəкірттері  мен  қолдаушыларының  ұғына 
білуіне де ықпалын тигізеді» [3, 140 б]. 
А.Я.  Хинчиннан  басқа,  логикалық  мəдениетті  дамыту  мəселесін  Б.В.  Гнеденко,  Н.Я.  Виленкин, 
Г.В. Дорофеев, Д. Пойа, Х. Фройденталь жəне т.б. ғалым-математиктер зерттеді. Б.В. Гнеденко: «Дұрыс 
ойлай  білу,  алғышарттарды  талдауларға  сүйеніп  ой  қорыту  білігі  болуы  талабы  ғалымға,  дəрігерге, 
инженерге  де  қойылады,  сол  сияқты  жұмысшы  мамандығы  өкіліне  де  одан  кем  дəрежеде  талап 
қойылмайды» деп айтқан [4, 9 б]. 
Н.Я.  Виленкиннің  жəне  т.б.  пікірі  бойынша,  оқушылардың  логикалық  жəне  шығармашылық 
қабілеттерін  қалыптастыру  үшін  математиканы  оқытуда  ойлау  əрекеттерін  дамыту  мəселесі  басты 
мəселе болуы  тиіс  жəне олар  келесідей  нақты  ақыл-ой  əрекеттері  дағдыларын  үйренуді қарастыруы 
тиіс: 
«1)  белгілі  құралдар  көмегімен  берілген  мақсатқа  жету  үшін  қажетті  əрекеттердің  құрылымын 
жоспарлай білу; 
2) объектілер мен жүйелерді сипаттау үшін ақпараттық құрылымдар тұрғыза білу; 
3) объектілер мен жүйелерді сипаттау үшін қажетті мəліметтерді іздестіруді ұйымдастыра білу; 
4)  өз  ойын  түсінікті,  айқын  жəне  бірмəнді  түрде  дұрыс  жеткізе  білу  жəне  мəтіннің  мағынасын 
дұрыс түсіне білу» [5, 214 б]. 
Бұл  дағдылар  базис  болып  табылады  да,  оның  негізінде  ойлауды  қалыптастыру  жəне  дамыту 
мүмкін болады. 
Оқытуда  интуициялық  ойлауды  дамыту  мен  қабілеттіліктің  маңыздылығы  ешқашан  өзгеріске 
ұшырамайды.  Оқу  пəндерінің  мазмұндық аспектілеріне  назар  аудара  отырып,  Г.Фройденталь  былай 
деп жазады: «...ешбір оқу материалы жайында, балаларға  дəл осы материал керек пе, əлде керек емес 
пе,  оны  біз  білмейміз.  Алайда,  əйтеуір  мына  бір  құндылыққа  оларды  үйрететініміз  анық:  білімді 
қалай  меңгеруге  болатынына»  [6,  51  б].  Ол  математиканы  барлық  адамдардың  өз  тəжірибесінде 
қолдануы үшін қажетті құрал ретінде қарастырады. 
Мəселенің  тəрбиелік  тұсы  да  назардан  тыс  қалмауы  тиіс:  қазіргі  талаптар  қоғамдағы  келеңсіз 
сəттердің  кездесетінімен  бейнеленеді:  бұл  қолжетімді  тұрпайы  əдебиеттердің,  рухсыз  шығармалардың 
көптігі,  теледидар  каналдары  мен  радиостанциялар  санының  артуы  жəне  осы  каналдар  арқылы 
«жоғары көркем өнерлер» бағдарламаларының таратылуы, т.б. Осының бəрі, жастарға қатер төндіріп 
жатыр, олар табиғи нəрден жұрдай салттармен жастардың санасын улап қана қоймай, өз қажеттілік-
терін еш еңбексіз, қиындықсыз қанағаттандыруына мүмкіндік беруімен аса қауіпті. Сондықтан ненің 
дұрыс, ненің бұрыс екендігін ажырата білу үшін ойлауды дамытуды маңыздылығы жағынан бірінші 
орындағы міндет деп таныған жөн, ол оқу процесінде шешімін табуы тиісті жəне негізгі қағидалары 
оқушының  белсенділігі  мен  дербестігі  болып  табылады.  «Ғылымды,  өнерді  немесе  моральдық 
тұрақтылықты өзі тани алған бала рухтың жұқпалы кеселінен қорғана алады» [6, 52 б]. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
61
 
Осылайша, ойлау мəдениетін қалыптастыру жəне дамыту ойлаудың ортақ мəдениетінің құрамдасы 
бола  отырып,  математиканы  оқытудың  маңызды  міндеті  ретінде  танылады  жəне  жедел  сипатты 
математикалық білім, білік, дағдыларды игеру аясынан кең ауқымды қамтиды. Олар білім беру мақ-
сатының іргетасы болып саналатын оқыту мен тəрбиелеу компоненттері негізінде жүзеге асырылады. 
Логикалық  мəдениеттің  «жетілу  дəрежесі»  ойлау  əрекеттері  сияқты  толықтық,  тереңдік,  беріктік 
деп анықталады, яғни бұлар логикалық ойлаудың сапалық сипатының көрсеткіштері болып табылады. 
Сонымен, логикалық мəдениет ұғымын оқу  процесінде қалыптасып, дамитын формальды-логикалық 
жəне интуициялық сипаттағы өзара байланысқан компоненттердің кешені деп анықтай аламыз. 
Логикалық  мəдениет  жалпы  білімнің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Логикалық  мəдениетті 
дамытудың  негізі  - логикалық сауаттылық.  Логикалық мəдениет логикалық ойлаудың сапалық сипатын 
белгілейді. Оның компоненттері: 
А) Формальды-логикалық компоненттер; 
В) Интуициялық сипаттағы компоненттер. 
Екеуінің  арасында  айқын  шекара  жоқ  болса  да,  біліктер  деп  біз  көбінесе  формальды-логикалық 
сипаттағы компоненттерді айтамыз, ал қабілеттіліктер деп – интуициялық сипаттағы компоненттерді 
танимыз.  
Біліктерге мыналар жатады: 1) ұғымды анықтай білу білігі; 2) объектілердің жиынтықтарын клас-
сификациялау білігі; 3) дедуктивті ой қорыта білу білігі; 4) мүмкіндіктерді бағытына қарай сұрыптай 
білу білігі; 
5)  болжамдар  құра  білу  жəне  сұрақ  қоя  білу  білігі;  6)  мысалмен  түсіндіре  білуі;  7)  алгоритм 
бойынша  амалдарды  орындай  білу  жəне  алгоритмді  құра  білу  білігі;  8)  өз  əрекетін  жоспарлай  білу 
білігі. 
Бұл біліктермен қатар логикалық мəдениет құрамына мына қабілеттіліктер енеді: 
1) заңдылықтарды «көзбен көріп қабылдауға» қабілеттілік;  
2) «мысалдар арқылы жалпылауға» қабілеттілік ;  
3) ұқсастық бойынша ой өрбітуге қабілеттілік;  
4) индукция бойынша ой өрбітуге қабілеттілік;  
5)  əр  түрлі  математикалық  тілді  (символдық,  графиктік,  т.б.)  қолдана  білуге,  бір  тілден  екінші 
тілге аударуға қабілеттілік. 
Жоғарыда  келтірілген  пікірлер  мен  тізбеленген  компоненттердің  мазмұнынан  логикалық  мəдениетті 
қалыптастыру  –  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  құралы  болатындығы 
нақты аңғарылады. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары  
ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды жəне кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық 
сауаттылық,  кеңінен  алғанда,  білім  берудің  (бірінші  кезекте  жалпы  білім  беруді)  көп  жоспарлы 
адамзат  қызметімен  байланысын  біріктіретін  тұлғаның  əлеуметтік  бағдарлану  тəсілі  ретінде  түсін-
діріледі. Қазіргі тез құбылмалы əлемде функционалдық сауаттылық адамдардың əлеуметтік, мəдени, 
саяси жəне экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал 
ететін базалық факторлардың біріне айналуда. 
Логикалық  мəдениетті қалыптастыру  арқылы  ғана  еліміздегі  білім  берудің 2011  -  2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында межеленген нəтижелерге қол жеткізу мүмкін болады. 
 
1
 
Кант И. Сочинения: В 6-ти т. – М.: Мысль, 1964, Т.3. – 799 с. 
2
 
Никольская И.Л. Привитие логической грамотности при обучении   математике: Дис. ... канд. пед. наук. – 
М., 1973. – 186 с. 
3
 
Хинчин А.Я. О воспитательном эффекте уроков математики // Хинчин А.Я. Педагогические статьи. – 
М.: Изд-во АПН РСФСР, 1963. – С.128-160. 
4
 
Гнеденко Б.В. О развитии мышления и речи на уроках математики     // Математика в школе, 1976, №3. – С. 
8-13. 
5
 
Виленкин  Н.Я.,  Блох  А.Я.,  Таварткидзе  Р.К.  Воспитание  мыслительных  способностей  учащихся  в 
процессе обучения математике // Современные  проблемы методики  преподавания математики: Сб. статей / 
Сост. Н.С. Антонов, В.А. Гусев. – М.: Просвещение, 1985. - С. 201-221. 
6
 
Фройденталь  Г.  Математика  как  педагогическая  задача:  В  2-х  частях:    Пер.  с  немец.  –  М.: 
Просвещение, 1982, ч.I. – 208 с. 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
62
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет