Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г.
122
Электрондық оқулыққа БҒМ тарапынан авторлық куəлік алынып, Түркістан қалалық жалпы орта
мектептерге таратылды, сонымен қатар Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-не, М.Əуезов атындағы ОҚМУ-
не «физика» кафедраларының оқу үдерісіне ендірілді.
Зерттеу жұмысымыздың барысында жүргізілген сауалнамалардан аталған электрондық оқулықты
пайдалану білім алушылардың физика пəніне деген қызығушылықтарын арттырғандығын көрсетті.
Практика көрсеткендей, берілген электрондық оқулықпен жұмыс істеу студенттерге[6] берілген пəнге
терең қызығушылықтың дамуына, физикалық құбылысты толықтай түсінуге ықпалын тигізеді, яғни
оқытудың классикалық сұлбасын толықтыра түседі. Қарастырылатын бағдарламалық өңдеулердің
алдына келесі есептер қойылды: негізгі физикалық заңдарды, олардың логикалық жəне себеп-салдар
байланыстарын түсінуге; əр түрлі физикалық сипаттамалардың өзара байланысын орнатуға, объекттің
табиғи тəртібі, аналитикалық тəуелділіктер мен олардың графикалық бейнелеуімен арасындағы
сəйкестікті орнатуға мүмкіншілік жасау болып табылады. Компьютерлік технология физикалық объектілер,
процестер мен эффекттердің математикалық модельдерімен еркін манипуляциялардың мүмкіндік-
теріне ие болатын интерактивті орта болып есептелінеді.
Зерттеу жұмысын қорытындылай келе алынған мынадай ғылыми нəтижелерге тоқталайық:
Достарыңызбен бөлісу: