Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет312/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
203
 
В.А.  Ермоленко,  Р.Л.  Перченок,  С.Ю.  Черноглазкин  жалпы,  кəсіби  жəне  қосымша  білім  беру 
жүйесінде  функционалды  сауаттылықты  қалыптастыру  технологиясын  ұсынған,  Н.Н.  Сметанникова 
функционалды сауаттылықты оқуға үйретудің стратегиялық бағдары шеңберінде зерттеген [6;8].   
Н.  Пошконяк  функционалды  білім  беруді  адамға  үздіксіз  білім  берудің  негізі  ретінде  қарастыра 
отырып оның адаптивті жəне пропедевтикалық қызметін атап көрсетеді. Мұнда əлеуметтік бейімделу 
индивидтің белсенді түрде талабы, нормасы қоғам тарапынан қойылатын əлеуметтік орта жағдайына 
бейімделуі ретінде қарастырылады [10, 28 б]. 
Ресейлік  ғалым  П.Р.  Атутовтың  да  функционалды  сауаттылықты  зерттеуде  үлесі  үлкен.  Ғалым 
нарық  жағдайында  нақты  бір  қоғамдық  пайдалы  іс-əрекетті  орындауда  құзіреттіліктің  жетіспеушілігіне 
байланысты  функционалды  сауаттылықты  күшейтуде  білім  берудің  орны  мен  рөлін  қарастырады. 
П.Р.Атутов  бойынша  функционалды  сауаттылық  екі  аспектіден  тұрады:  Бірінші  аспект  ұзақ  уақыт 
бойы  тиімді  практикалық  жұмыс  атқару  үшін  жеткілікті  базасы  бола  отырып,  білім  алушыларды 
болашақ  іс-əрекетіне  енгізуді  қамтамасыз  ететін  қажетті  жəне  жеткілікті  біліммен,  іскерлікпен,  дағ-
дымен  қаруландырумен  байланысты.  Екінші  аспект  үнемі  іскерлік  формасында  болуға  жəне  жүйелі 
түрде  өзгеріске  ұшырап  отыратын  əлеуметтік-экономикалық  жағдайға  селқос  қарамауға  мүмкіндік 
беретін білімді, іскерлікті жəне тұлғалық сапаларды үздіксіз жетілдіру мотивімен байланысты [8, 100 б]. 
Функционалды  сауаттылық  феноменінің  туындауы  сауаттылық  компоненттерін  кеңейтті:  білім, 
іскерлік, дағды, іс-əрекет тəсілдері, мінез-құлықтық пен дүниеге көзқарастық сапалар. Функционалды 
сауаттылық  тұрғылықты халық  пен  мемлекеттің жағдайымен  тікелей байланысты əлеуметтік-эконо-
микалық құбылыс. В.В. Мацкевич, С.А. Крупник шартты түрде функционалды сауаттылық деңгейін 
былайша тұжырымдаған: «Қазіргі еуропалық (азамат) білуі жəне істей алуы қажет жəне ол əрбір мем-
лекет  үшін  спецификалық  мəдениет  пен  аймақтың  қалыптасуы  ескеріле  отырылып  анықталады». 
Қазіргі уақытта жəне қазіргі территорияда қалпына келтірілген функционалды білім (функционалды 
іскерлікпен қосқанда) сол жер тұрғындарының функционалды сауаттылығының мазмұнын құрайды. 
А.С.  Тангян  анықтамасы  бойынша:  «функционалды  сауаттылық  –  адамның  қоғам  мен  өз  мемле-
кетінің  экономикалық,  саяси,  азаматтық  жəне  мəдени  өміріне  толыққанды  жəне  тиімді  қатысуға 
қажетті,  қоғам  мен  жеке  тұлғаның  қажеттілігінің  дамуына  сəйкес  білім  мен  іскерлік  деңгейінің, 
жекелей алғанда оқи алу мен жаза алу іскерлігінің артуы» [4, 59 б]. 
Осындай  ойлар,  «функционалды  сауаттылық»  тұжырымдамасының  дамуын  бағдарлай  отырып, 
оның концепциясының эволюциясы негізінде, функционалды білім мазмұны мен құрылымы туралы 
айтуға мүмкіндік береді. 
В.А.  Ермоленко  халықаралық  симпозиум  материалдары  мен  ЮНЕСКО  сессияларын,  ресейлік 
жəне  шетелдік  ғалым-зерттеушілердің  (П.Р.  Атутов,  Б.С.  Гершунский,  В.А.  Ермоленко,  А.М.  Новиков, 
С.А.  Тангян,  М.  Скилдек,  Г.  Хинцен  жəне  т.б.)  еңбектерін  саралай  отырып,  функционалды  сауат-
тылық концепциясы дамуының негізгі кезеңдерін анықтаған. Жəне осы үдеріс барысына басты негіз 
болғандар  -  функционалды  жəне  дəстүрлі  сауаттылықтың  өзара  байланысы,  оның  құрылымы  мен 
негізгі функцияларының өзгерісі, функционалды білімнің басымдылық сипаты. Нəтижесінде 4 кезең 
анықталған:  
1-ші  кезең  (1960  -  жылдың  аяғы  мен  1970  жылдың  басы)  –  функционалды  сауаттылық  дəстүрлі 
сауаттылыққа  қосымша  ретінде  қарастырылған,  мұндағы  ең  бастысы  экономикалық  сипат  ескеріле 
отырылып  құрылатын  функционалды  білім,  нəтижесінде  сауаттылыққа  үйретудің  функционалды 
əдісі  келіп  шығады;  функционалды  сауаттылықтың  концепциясы  мен  стратегиясы  оқу  мен  жазуды 
меңгеру процестерінің байланысын қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру мен жұмыс-
шы мен оның отбасы жағдайын жақсарту деп түсіндіріледі;  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет