Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет372/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

теориялық
. Мұндай мектептер Германияда ХVI-ХVІІ ғасырларда кездеседі. 
Қолөнер  сословиесі  заңға  мойынсұнатын  азаматтарды  тəрбиелеудің  белгілі  бір  ережелерін  берік 
ұстанғанымен, олар шəкірттердің жүйелі теориялық білімді меңгеруінің маңыздылығын жоққа шығарған 
жоқ.  Мұндай  позиция  көптеген  герцогтардың  цехтық  жарғысынан  көрініс  тапқан.  Мысалы,  Веймар 
Саксониясы  герцогтығының  1821  жылғы  цехтық  жарғысында  шəкірттердің  белгілі  бір  теориялық 
білім  мен  практикалық  іскерліктерді  меңгеріп  шығуы  тиіс  жəне  осылайша  ары  қарай  жазу  мен 
санауды  үйренуге  жағдай  жасалуы  туралы  кеңестер  жазылған.  1869  жылы  қолөнер  туралы  Ереже 
қабылданған, соған сəйкес кəсіпорындар өз шəкірттерін кəсіптік мектептерге жіберуі тиіс болған [3]. 
Демек, осылайша екінші сала – шəкірттер теориялық білім алатын кəсіптік мектеп қалыптаса 
бастаған.  Кəсіби  білім  беруде  дуалды  оқытудың  қалыптасуы  мен  дамуы  мəселесімен  айналысатын 
неміс  ғалымдары  арасында  (Грюнер  Г.,  Кениг  К.  Мюнх  И,  Штратманн  К.)  сол  кездегі  кəсіби  білім 
берудегі кəсіптік мектептердің рөлін анықтауға байланысты көптеген талқылаулар болды. 
Соңғы ғасырдың басында ғана діни жексенбілік мектептер (кешкі) күндізгіге алмастырылды, олар 
едəуір  дəрежеде  шəкірттердің  белгілі  бір  теориялық  білімдерді  меңгеріп  шығуына  ықпалын  тигізді. 
Сондықтан  да  зерттеушілер  оны  кəсіби  білім  берумен  қатар  жүретін  мектеп  деп  атады.  Дегенмен, 
талқылаулар барысында бұл кəсіби білім берумен «қатар жүретін» бөлігі ғана емес, оның ажырамас 
бөлшегі, кəсіби білім беруде дуалды оқытудың міндетті құамдас компоненті деген пікірлер айтылды. 
Дуалды оқытуда кəсіптік мектеп əу бастан-ақ жалпы білім беретін мектептің функцияларының бір 
бөлігін өз мойнына алды: Арнайы пəндермен қатар онда жалпы білім беретін пəндер де оқытылады 
(саясат, математика, ана тілі, религия, спорт). Соңғы жылдары осы мəселеге байланысты ГФР (ФРГ) 
ғалымдарының (Р.Арнольд, Х.Беннер, П. Денбостель) пікірлері əртүрлі болды. Алайда ГФР облыстарының 
мəдениет жəне білім министрлері конференциясында кезекті рет мақұлданып бекітілгенін айта кеткен 
жөн. 
Жоғарыдағыларды қортындылай келе, бүгінде кəсіптік мектеп пен кəсіпорын шəкірттеріне жүйелі 
білімнің  қажеттігі  ешқандай  күмəн  туғызбайды.  Алайда  дуалды  оқытудың  өзара  əрекеттестігі  бүгін 
де  аса  өзекті  мəселе  жəне  егжейлі-зерттеу  нысаны  болуы  қажет.  Капиталистік  қарым-қатынастың 
пайда  болуы  өндірістің қолөнерлік амалын  экономикалық  тұрғыдан  түбірімен  өзгеруіне алып келді. 
Бұл  бұдан  былайғы  тауар-ақша  қарым-қатынасының  таралуымен,  қолөнершілер  өнімінің  үлес 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
248
 
салмағының қысқаруы, олардың рынокқа жеткізілуінің артуымен байланысты болды. Көптеген қол-
өнершілер жеке өндіруші ықпалынан айрылды. Тарихи құжаттар көрсетілгендей, көпестерге тəуелді 
болу  арқылы  олар  көбінесе  өз  үйінде  отырып  кəсіпкер-капиталистке  жұмыс  істейтін  жалдамалы 
жұмысшыларға айналды. Əлі де болса кең таралған цехтық қолөнер елдің техникалық жəне экономи-
калық дамуында прогрессивті рөл ойнаудан қалып, өндірістік кəсіпорынның жаңа формаларына орын 
берді. Осылайша цехтық жүйе құлдырып ыдырауға əкеп соқты. Өнеркəсіптің дамуына қарай кəсіптік 
қызмет  енді  сословиелік  беделмен  емес,  табыспен  жəне  өнімге  деген  сұраныспен  өлшене  бастайды. 
Осылар  кəсіпорын  қызметінің  табыстылығын  анықтайтын  факторларға  айналып,  кейін  олар  кəсіби 
білім беруде басты рөл атқарды [4].  
XIX  ғасырдың  басында  көптеген  герман  мемлекеттерінде  цех  жарғысын  жойылып,  қолөнер  бос-
тандығы туралы Ережені енгізуге байланысты шаралар атқарылды. Дегенмен оны іске асыру бірнеше 
ондаған жылдарға созылып кетті. Осылайша 1806-1810/11 жылдары Пруссияға осы бағытта алғашқы 
қадамдар  жасаудың  сəті  түсті.  Пруссия  қолөнер  бостандығы  туралы  Ереже  қабылданған  бірінші 
германдық мемлекет болды, жəне өндірістік кəсіпорын ретінде мануфактура мен фабрикалар интенсивті 
дами  бастады.  Басқа  герман  мемлекеттерінде  цех  жарғылары  əлі  бірнеше  ондаған  жылдар  бойына 
қала берді. 
Мұндай саясатты жүргізуге ықпал еткен реформалар Штайн-Гарденберг реформалары деген атпен 
белгілі болды. Олар əрбір азаматқа қолөнер кəсібімен айналысуға мүмкіндік берді, жəне мұнда оның 
жеке  басының  мүддесі  мен  игілігі  қоғамға  қайшы  келмеді.  Бұл  заңдар  жинағы  герман  қоғамының 
əртүрлі сословие өкілдері тарапынан əртүрлі бағаланды (бір жағынан –қолөнершілер мен дворяндар, 
екінші жағынан – экономикалық тұрғыдан белсенді буржуазия). 
XIX Өткен ғасырдың екінші жартысында германияда өндірістің дамуы, жақсы дайындалған білікті 
жұмысшыларға деген сұраныстың артуы кəсіби білім беруді модернизациялау мəселесі күн тəртібіне 
қойды. Қолөнердегі шəкірттер кəсіпке баулу тəжірибесін өндіріс шеберлері əртүрлі өндіріс саласына 
қажетті  білікті  мамандарды  кəсіби  дайындауда  пайдаланды.  Қолөнер  дəстүрін  өндіріс  саласына 
тасымалдау Германиядағы өндірістік кəсіпорынның ары қарай дамуы қоғамдық өзгерістермен тығыз 
байланысты шəкірттік жүйеге едəуір əсерін тигізді. 
Пруссия  королдігі  өкіметі  мен  Солтүстік  герман  одағын  басқарған  Бисмарктың  басшылығымен 
1871 жылдың қаңтарында Герман империясының құрылуымен герман мемлекеттерін біріктіру аяқталды. 
XIX ғасырдың соңғы ширегінде өндірістік революция аяқталды, Германия машина өндіретін əлемдегі 
екінші индустриалды мемлекетке айналды. Өнеркəсіптегі еңбек өнімділігінің едəуір артуы, жаңа тех-
никаның  көптеп  енгізілуі,  жұмысшылар  білігінің  артуымен  жəне  оларды  пайдалануды  күшеюімен 
байланысты  болды.  Еңбек  өнімділігі  үшін  еңбек  құралы  –машина  дайындау  ауқымының  артуы  мен 
оны дайындау мерзімінің азаюы үлкен маңызға ие болды [1]. 
Индустриализацияның  əсерімен  еңбек  сипатының  өзгеруі  Германияда  кəсіби  білім  берудің  жаңа 
кезеңіне  əкелді.  Қолөнерлік  шəкірттік  тым  таяз  мамандану,  теориялық  дайындық  деңгейінің  төмендігі 
салдарынан білікті мамандарға деген сұранысты қанағаттандыра алмады. Ол кезде кең таралған тəжі-
рибелі  қолөнер  шеберлерінің  басшылығымен  «қарап  ал-  қайтала  -машықтан»  қағидасын  ұстанған 
бақылау  мен  еліктеу  əдісі  аса  төмен  сапасымен  ерекшеленді,  өйткені  кəсіби  деңгейді  жетілдіру 
өзгеріс  енгізуді  талап  етікендей,  олар  моралдық  тұрғыдан  ескірген  құндылықтарды  ұстанды  жəне 
оқытудың консервативті амалын сақтауға бағытталды. 
Жаңа  технологиялар  мен  еңбекті  ұйымдастырудың  жаңа  формаларын  сынықтан  өткізген  сол  кездегі 
Германияның  алдыңғы  қатарлы  өндіріс  салалары  қолөнерге  оқыту  жүйесінде  ауқымды  реформалардың 
инициаторы  болды.  Қолөнер  шəкірттігінен  кəсіпорында  кəсіби  оқытуға  көшу  педагогикалық  ортада 
серіктестер ықпал етті. Кəсіби білімнің теориялық бөлімі кəсіптік мектептердің еншісіне тиді. Кейінірек, 
өндірістік  кəсіпорынның  интенсивті  дамуы  жағдайында  кəсіби  оқытудағы  практикалық  үрдісті 
теориялық негіздеме жасау қажеттігі туындады, оның ұйымдастыру түрлері діни жексенбілік мектеп 
дəстүрінде өсіп шыққан «қолөнер» мектебі базасында жеткілікті қалыптасқан болатын. 
Қолөнерде  кəсіби  білім  беруді  толығымен  сабақты  жүргізетін  адам  анықтайтын,  ал  оның  білімі 
өндірістің  даму  деңгейіне  əрқашан  сай  келе  бермейтін.  Теориялық  білімді  қолданып  оқыту,  оқыту-
дың  осындай  практикасын  жеңудің  маңызды  құралына  айналды.  Сол  кездегі  ғалымдар  мамандығы 
үшін  сəйкес  ғылым  саласына  сүйенетін  негізді  теориялық  білімді  ерекшелеп  айтады,  мысалы,  қолөнер-
техникалық  мамандықтар  үшін  –  технологияны  (бұл  терминді  алғаш  рет  неміс  тілінде  1777  жылы 
И.Бекман  қолданды),  сауда  –  нарықтық  экономика  мен  оңтайлы  шаруашылық  жүргізу  туралы  ілім, 
фермерлер үшін – жерді рациональды пайдалану негіздері. Яғни, жүйе құрушы курстардың құрылуы 
кəсіби  білім беру жүйесіне дамыту жасалған маңызды қадам деп айтуға болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет