Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет371/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

оқыту  үрдісінің  жақсаруы  мен  кəсіптік  оқытудың  жаңа  əдістері  мен  құралдарының  пайда 
болуы (дидактизация); 
-
 
оқыту  орнының  дифференциациясы  (оқыту  тек  кəсіпорында  немесе  жұмыс  жасау  кезінде 
ғана емес, басқа жерде де, мысалы, шəкірттер шеберхансында жүзеге асырылды); 
-
 
кəсіптік білім беруде оқыту үрдісіне теориялық зерттеудің енгізілуі. 
Германияда кəсіби білім беру жүйесінің қалыптасуы елдің тарихи-экономикалық даму ерекшелік-
тері (герман мемлекеттерінің ұзақ уақыт жікке бөлінуі, алдыңғы қатарлы Батыс Европа мемлекеттерінен 
экономикалық дамуы жағынан артта қалуы, «жоғарыдан» бірігу мен XIX ғасырдың 70-жылдарынан 
бастап тез экономикалық өркендеу, неміс империализмінің сипаты жəне т.б.) едəуір əсерін тигізді. 
Ортағасырларда  Германия  едəуір  экономикалық  өрлеуді  бастан  кешірді.  Экономиканың  барлық 
салаларында  тауар-ақша  қатынасы  тарайды.  Өзін-өзі  басқаруда  ауқымды  құқықтарға  қол  жеткізген 
қалаларда айрықша артықшылықтар сақталады (жеке бас еркіндігі, қала құқығы, т.б.). Осының бəрі қала 
қолөнершілерінің  белгілі  бір  өндіріс  құралдарының  меншік  иелеріне  айналуына;  қолөнершілердің 
мүддесін қорғайтын салалық ұйымдардың дамуына ықпал етті. Бұл Германияда қалалық қолөнер мен 
қолөнер шəкірттігінің дамуына жақсы əсерін тигізді. 
Еңбекті ұйымдастырудың қолөнерлік дəуірінде Германияда кəсіби білім беру мəселесі сословиелік 
қоғам  өмірі  белгілеген  талаптар  контектсінде  көрініс  тапты.  Кəсіпке  үйрету  шəкірттерді  белгілі  бір 
операцияларды орындау дағдысына баулумен қатар сол мамандық арқылы əлеуметтік рөлге кіруді де 
білдірді. Қолөнерлік оқыту формасында үйренушіге теориялық білімді жүйелі түрде беру болған жоқ, 
сондықтан  да  оқытудың сапасы  ұстазына,  оның  тəрбиеші  ретіндегі  талантына  жəне  де,  əрине,  оның 
кəсіпқойлығына  байланысты  болды.  Бұл  ортағасырлық  халықтардың  бəріне  тəн  «догматикалық»  деген 
атауға  ие  болған  көрініс  болды.  Мұнда  оқытудың  мақсаты,  мазмұны,  үрдісі,  əдістері  мен  амалдары 
бірнеше ұрпақ бойына іс жүзінде ешқандай өзгерген жоқ. 
Орта  ғасырда  қолөнер  мектебін  ұйымдастыру  бойынша  тарихи  құжаттарды  сараптау  қолөнер 
шəкірттікте қалыптасқан идеологиялық мотивтер кəсіптіктен басым болған деп айтуға мүмкіндік береді. 
Кəсіби дайындық шəкірттің бойындағы іскерлік-дағдылармен емес, қайта, ынта, əдептілік жəне қоғамға 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
247
 
пайдалылық  секілді  адамның  əлеуметтік  қасиеттерімен  анықталған.  Осылайша,  Германияда  қолөнерге 
баулу  арқылы  заңды  орындайтын  азаматтарды  қалыптастыру  мен  тəрбиелеу  жүзеге  асырылды,  бұл 
үрдіс  барысында  цехтар  маңызды  əлеуметік  қызмет  атқарды.  Пруссияда  кəсіптік  оқуды  аяқтағаны 
туралы куəлікте (1734 ж.) шəкіртке ешқандай квалификация берілмеген, қайта, «өзін құдайды құрмет-
тейтін  жəне  əдепті  жас  жігіт  ретінде  ұстауға»  кеңес  берілу  факті  кəсіптік  оқытуда  идеологиялық 
бастаманың басымдығын растайды. Дəстүрді сақтау қолөнершінің өмірлік позициясы мен мүддесінің 
көрінісі болып табылды. Қолөнердегі дəстүрлілік цех жарғысы шеңберінен шығатын кез-келген əрекетті 
жоққа  шығарды,  осылайша  шəкірттердің  тек  цех  регистріне  енген  қолөнерлік  мамандықтарды  ғана 
меңгеруіне ықпал етті. Қолөнер-сословиелік дəстүрді сақтау цех жарғысында көрініс тапты, онда цех 
мүшелері ең лайықты азаматтар болуы тиіс екені айтылған. Ал қолөнершілер өз қызметінде ғасырлар 
бойы қалыптасқан дəстүр бекіткен канондарды ұстануға міндеті. 
Бір жағынан, мұнда цехтар техникалық прогрессті қабылдамағанын, ал екінші жағынан – олардың 
шəкірттерді  тəрбиелеуде  авторитарлық  талаптарын  көреміз.  Бұл  барьерді  фабрика  қызметкерлері 
ұсынған  оқытудың  прогрессивті  формаларының  көмегімен  жеңу  мүмкін  емес,  өйткені  онда  оқығандар 
цех шеберлерінің құқықтарын пайдалана алмайтын жəне, цех старейшиндерінің пікірі бойынша, тек 
олардың ортасында ғана тəрбиеленетін əдептілік, тəртіптілік деген қасиеттерден жұрдай болды. 
Германиядағы  қолөнер  шəкірттігінің  тарихы  мемлекеттің  əртүрлі  шектеулерге  қарсы,  «əдептілік, 
тəртіптілік» туралы заң дегенді қоса, күресін де қамтиды. Дегенмен мемлекет  цехтарға қатысты бей-
тараптылық позициясын ұстанды, өйткені олар мемлекет анықтаған қызметті атқаратын адамдардың 
сословиелік ұйымының бір бөлігін білдірді. Мемлекеттің цехтық нормалар мен белгіленген уақытта 
өзін  ұстау  ережелерінің  əсер  күшін  əлсіретуге  тырысуы  табысты  бола  алмады,  себебі  цех  жарғысы 
белгіліген өзін-өзі ұстау нормасы қолөнершілер сословиесінің күнделікті өмірімен тығыз байланысты 
болды [3]. 
Германиядағы кəсіби білім беруде қолөнерге баулу үрдісін зерттей отырып біз: дуалды оқытудың 
құрамдас бөлігі – практикалық, өндірістік-қолөнерлік, мазмұнының қалыптасу жолын байқадық.Ол 
қазріге дейін кəсіби  білім беруде дуалды оқытуда шешуші рөл атқарады. 
Орта  ғасырларда  діни  жексенбілік  мектептерде  дуалды  оқытудың  басқа  саласы  пайда  болады  –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет