Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет373/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   464
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
249
 
Кайзерлік Германияда 1870 жəне 1918 жылдар аралығында кəсіптік білім социализмге қарсы күрес 
қорғанына  айналды.  Мұнда  мемлекет  ұйымдастыру  жəне  құқықтық  шаралар  қолданды.  Нарықтық-
саяси заң ретінде сипаттауға болатын Рейх заңы арқылы қолөнер туралы Ереже енгізілді (1867 - 1871 жж.), 
Ереже кəсіптік мектепке міндетті түрде оқуды енгізуге мүмкіндік берді (оның сол кезеңдегі атауы – 
орта кəсіптік білім беру мекемесі). Кəсіптік мектепте жалпы міндетті оқу заң жүзінде Германияда тек 
1938 жылы ғана енгізілді. 
Бұл уақытты кəсіби білім берде дуалды оқытудың, шəкірттік жүйесі туылған жылы деп санайды. 
«Кəсіби  білім  беруде    дуалды  оқыту»  ұғымы  кəсіптік  білім  беру  саласының  педагогы  Х.  Абелге 
тиесілі (1908-1965 жж.). 
XIX  ғасырдың  70-жылдары  экономистер  өндірістің  индустриалды  секторында  еңбек  бөлінісінен 
туындаған қолөнерлік дағдылардың қирау үрдісіне мазасызданды. Олар қолөнерлік дəстүрлердің сақталуы 
мен  оларды  өнеркəсіпке  ендіруді  қолдап,  шəкірттік  оқушылардың  бойында  жан-жақты  іскерліктер 
мен  дағдыларды,  еңбекке  деген  оң  көзқарас  дамытуға  мүмкіндік  береді  деп  түсіндірді.  Бұл  идеяны 
неміс  педагог-реформаторлары  қолдады  жəне  XX  ғасырдың  кəсіптік  білім  беру  саласындағы  неміс 
педагогтары тарапынан идеология ретінде ары қарай даму алды. 
Мемлекет «саяси білім алуға»  ықпал ететін «Азаматтану» атты жаңа пəнді оқу жоспарына енгізу 
арқылы кəсіптік мектептің міндетін кеңейтті. Кəсіптік білімнің теоретигі Георг Кершенштайнер осы 
пəн  негізінде  кəсіптік  мектептің  білімдік-теориялық  міндеттерін  негіздеу  арқылы  кəсіби  білімнің 
теориялық тұжырымдамасын қалыптастырды. Осылайша ол кəсіптік мектептің қызметін жəне кəсіби 
білім беруде дуалды оқыту заңдастырды. 
Георга  Кершенштайнер  тұжырымдамасын  сараптау  онда  басты  екпін  жұмысшының  бойында  оның 
демократиялық  қоғамда  алатын  орнына  сəйкес  жұмыс  орнында  азаматтық  қасиеттерді  тəрбиелеуге 
жасалды. Бұл тəрбие мен білім беру дəстүріне толық сəйкес, гимназияларда азғана оқушыға жақсы білім 
берілді, ал жастардың басым бөлігі негізінен халықтық мектептерде оқыды (Volksschule), бұл мектептер 
кейінірек негізгі, жаппай мектеп деп аталды (Hauptschule). Халықтық мектепті аяқтаған соң жастар оқуын 
жалғастыру үшін шəкірттік жүйе барды [5]. 
Германияның  көптеген  облыстарында  оқушылар  бағыттау  сатысы  деп  аталатын  (Orientierungsstufe) 
төртжылдық  бастауыш  мектепті  бітіргеннен  кейін  оқуын  ары  қарай  жалғастыру  үшін  жалпы  білім 
беретін  мектептің  үш  түрі  таңдалатын,  ол  күні  бүгінге  дейін  таңдалады:  гимназия  (Gymnasium)  -  9 
жыл, реаль мектеп (Realschule) - 6 жыл, негізгі (жаппай көпшіліктік) мектеп (Hauptschule) - 5 жыл. 
Бастауыш  мектептен  гимназияға  таңдалған  азғантай  оқушы  ғана  толық  орта  білім  алып  (Abitur), 
университетке оқуға түсетін, ал оқушылардың басым көпшілігі үшін шəкірттік жүйеден басқа таңдау 
болмады.  Реаль  мектеп  негізгі  мектепке  қарағанда  едəуір жоғары  деңгейде жалпы  білім берді, жəне 
негізгі  мектепке  қарағанда  қызметкер  немесе  одан  да  тартымды  мамандықтарға  дайындалуға  жақсырақ 
мүмкіндік  ұсынды.  Қабылдаудың  шектеулілігіне  қарамастан  гимназия  оқушылары  мен  университет 
студенттерінің саны жылдан-жылға арта түсті. 1980 жылы елде 972 мың университет студенті жəне 2 
716  мың  шəкірттік  жүйесінде  болды.  1990  жылы  Германияның  тарихында  алғаш  рет  студенттердің 
саны  шəкірттік  жүйесінің  оқушыларының  санынан  артып  түсті:  1  559  мың  студент  жəне  1  500  мың 
шəкірт.  Жұмыс  берушілер  бұл  жайлы  «маманданған  жұмыс  күшінің  жетіспеуі»  деген  атпен  газеттерде 
жариялады. Араға жарты жыл салып олар «білім беру мен жұмыспен қамту теп-теңдік жойылды» деп 
жар салып, орта жəне жоғары білім инфляциясын сынға алды. Abitur (аттестат) иелері мен студент-
тердің  күткені  олар  меңгерген  іскерліктер  деңгейімен  салыстырғанда  əлдеқайда  жоғары  болды,  ал 
оларды  университтік  білім  алуға  бағыттау  шəкірттік  саласында  көптеген  маңызды  мамандыықтарда 
оқитындардың    санының  күрт  төмендеуіне  əкеп  соқтырды.  Мысалы,  1991  жылы  өңдеу  өндірісінде 
шəкірттік салада орынның жартысына жуығы бос қалды. 
Германияда  кəсіби  білім  беруде  дуалды  оқытудың  табысты  болуы  мектептің  үш  типі  ұсынатын 
альтернетиваның  шектеулілігіне  байланысты  болды.  90  жылдардың  басына  дейін  оқушылардың  басым 
бөлігі  шəкірттік  жүйесіне  қосылғанға  дейін  негізгі  жəне  реаль  мектептерде  оқыды.  Hauptschule 
(негізгі  мектеп)  деген  атауының  өзі  білім  беру  жүйесінің  саяси  мақсатын  көрсетеді,  яғни  оқушы-
лардың басым көпшілігінің академиялық білімнен бас тартуына ықпал етті. Алайда жақсы білім алуға 
деген əлеуметтік қажеттілік реаль мектеп пен гимназия оқушыларының санының артуына əкеп соқтырды 
(кейбір  қалаларда  олардың  əрқайсысы  60%  дейін  артуы),  ал  «негізгі  жаппай  мектеп»  төменгі  əлеу-
меттік топтар мен мигранттарға қалды. 
XX  ғасырдың  90-жылдары  Германияда  ГДР  мен  ФРГ  бірігуімен  байланысты  үлкен  саяси  өзгерістер 
орын алды жəне Елдің бүкіл территориясында кəсіби білім беру жүйесінің қызметіне əсерін тигізбей 
қойған жоқ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет