Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет379/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   464
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
254
 
2.
 
көңіл-күй – бұл кез келген істі орындауда негізгі, қажетті көрсеткіш деуге болады. Сондықтан 
да бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қабілеттерін дамытуда, кез келген іс-əрекетке деген 
көңіл-күйі олардың жұмыстарының нəтижелігіне əсер ететіндігіне мəн берген жөн.  
3.
 
кез келген іс-əрекет ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асырылады. 
Сондықтан ақыл-ой қабілеттерін, зерттеушілік қабілетке ұштастыруа білу қажет. Бұл өз кезегінде 
оқушылардың  зерттеушілік  қабілеттерін  дамытатын  бағыттағы  істейтін  əрекеттерін,  алдымен,  осы 
ақыл-ой  қабілеттері  арқылы  жоспарлап  алып,  оны  тəжірибе  жүзінде  іске  асыруларын  талап  етуге 
болады. 
Бастауыш  сыныптарда  ақпараттық  технологияларды  қолдана  отырып,  пəнді  меңгеру  кезінде  жоғары 
сапалы иллюстративті материалдардың болуының маңызы зор. Білім жүйесінде ақпараттық  техноло-
гиялар  білім  алудың  нəтижесін  арттырады  жəне  мультимедиалық  жабдықты  қолдану  оқушының 
барлық қабылдау қабілетін дамытудың жолдары болып табылады.  
Бүгінгі  тəжірибеде  мультимедиалық  проекторды,  интерактивті  тақтаны,  компьютерді,  интернет 
желісіне  шығу  мүмкіндіктерін  пайдаланып  сабақ  өткізетін  мұғалім  сапалы  білім  беруге  мүмкіндігі 
жоғары,  өйткені  тақырып  мақсатына  сəйкес  таңдалған  ақпараттарды  аталған  құралдарды  қолданып 
ұйымдастырса,  оқушылардың  қызығушылығын  арттырып,  танымдық  берсенділігінің  қалыптасуына 
ықпалы  зор.  Электрондық  оқыту  жүйесі  оқушылардың  қабілеті  мен  танымдық  қызығушылығын 
дамытады жəне өздігінен білім алу дағдысын қалыптастырады. 
Бастауыш  сыныптарда  дүниетану  сабақтарында  ақпараттық  технологияларды  тиімді  пайдаланудың 
жолдарыпрезентациялар,  электрондық  оқулықтар  мен  бейнефильмдерді  қолдана  отырып  табиғат, 
өсімдіктер  жəне  жануарлар,  аспан,  ғарыш  əлемімен  таныстыру  арқылы  оқушылардың  ізденушілігі 
артып, табиғат туралы білімдерін тереңдетеді. 
Бастауыш  сыныптарда  дүниетанудан  табиғат  туралы  білім  беру  барысында  электронды  оқулық-
тарды пайдаланып, табысты нəтижеге жетуге болады. Электрондық оқулықтарды пайдалану барысында 
оқушы  екі  жақты  білім  алады:  біріншісі-пəндік  білім,  екіншісі-компьютерлік  білім.  Электрондық 
оқулықтарды  пайдалану  оқушының  өздігінен  шығармашылық  жұмыс  жасауына,  теориялық  білімін 
практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электрондық оқулыққа ақпараттық оқыту технологиялары 
жинақталған. 2 сыныпта дүниетану пəні бойынша электрондық оқулықтарды пайдаланып оқушылар-
дың зияткерлік қабілетін дамытудың жолдарына мысал келтірейік. 
Мысалы, «Кеңістік жəне бағытты көрсету» шағын модуліне сəйкес тапсырмаларға тоқталсақ:  
а)Бірінші  тапсырма  бойынша  компас  пен  көкжиек  аттары  берілген.  Суретте  негізгі  көкжиек 
тұстарын белгіле;  
б)  Ойын:  Жауабымен  келіссең  «Ия»,  деген  батырманы  басасың,  егер  келіспесең  «Жоқ»  деген 
батырманы басасың.  
Солтүстік көкжиек тұстары оңтүстікке қарама-қарсы орналасқан. Жауабы: Ия. Компас-ол ауа 
райын өлшеу аспабы. Жауабы: Жоқ. 
в)  Қала  аттары  жазылған  Қазақстан  картасының  суреті  берілген.  Қазақстан  картасынан 
Солтүстікте  орналасқан  қаланы  көк  түсті  дөңгелекпен    белгіле.  Келесі  «Ауа»  шағын  модуліне 
байланысты тапсырмалар тəжірибелік жұмыстардан тұрады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет