Абай атындағы Қазақ


БАСТАУЫШ МЕКТЕП: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ



Pdf көрінісі
бет383/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

БАСТАУЫШ МЕКТЕП: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ 
 
Албытова Н.П. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, п.ғ.к., профессор м.а. 
nalbytova@mail.ru 
 
Мақалада  жаңартылған білім мазмұнына сəйкес оқушылардың функционалдық  сауаттылығын  дамыту мəселесі 
қарастырылады. Онда Қазақстанда əр кезеңде білім беру жүйесінің ажырымас жəне негізі болып саналатын бас-
тауыш  мектептің  өз  алдына  жеке  қойып  келген  мақсаттарына  қысқаша  шолу  жасалады.  Өйткені  бүгінгі  күнгі 
ұлттық  мектептің  бастауыш  білім  беру  сатысының  өзіндік  тарихы  мен  қол  жеткен  жетістіктері  болғандығын 
мойындау  керек. Бүгінгі  күнгі мемлекет  талаптарынан  туындайтын  талап –  бастауыш мектепте оқытуды нəтижеге 
бағдарлау.  Сондықтан  мақалада  функционалдық  сауаттылықты  дамыту  нəтижесі  білім  алушылардың  алған 
білімдерін практикалық жағдайларда тиімді жəне əлеуметтік бейімделу процесінде сəтті пайдалануға мүмкіндік 
беретін  негізгі  жəне  пəндік  құзыреттіліктер  жүйесін  меңгеруі  болып  табылатындығына;  Ұлттық  жоспарда 
белгіленген  мақсат-міндеттер,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  анықтайтын  PISA  бағдарламасының 
мазмұнына;  Мемлекеттің  бастауыш  мектепке  қойып  отырған  жаңа  тұрпаттағы  функционалдық  сауаттылыққа 
тəн  мақсат-міндеттерінің  нəтижесі  6,7-10  жас  аралығындағы  оқушыдан  көрінетіндігіне  тоқталады.  Яғни,  мем-
лекет  талап  етеді,  бастауыш  білім  беру  жүйесі  оларды  орындауға  тырысады,  ал  сол  ауыр  жүкті  көтеретін  – 
бастауыш  мектеп  оқушысы  екендігін  есертеді.  Сондай-ақ,  оқу  нəтижесіне  жетуде  ескеруге  қажетті  өзіндік 
ұсыныстар беріледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет