Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет384/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін сөздер: Ұлттық жоспар, функционалдық сауаттылық, негізгі құзіреттілік, пəндік құзіреттілік, фактор, 
қосымша білім беру, ұлттық мектептің бастауыш білім беру сатысы. 
 
Білім  шын  мəнінде  капитал  жəне  негізгі  ресурс  болып  табылатын  қоғамда  мектепке  деген  талап 
күшейіп, оның білім беру қызметі, жауапкершілігі артып келеді. Халықаралық тəжірибе ерте балалық 
шақтан  ересек  жасқа  дейін  адами  капиталға,  атап  айтқанда,  білім  беруге  бөлінетін  инвестицияның 
экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дəлелдеп отыр [1]. 
Осы негізде Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – 
Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  Мектеп  оқушыларының 
функционалдық  сауаттылығын  дамыту  бойынша  бес  жылдық  ұлттық  жоспарды  қабылдау  жөнінде 
нақты міндет қойды [2]. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында құзыреттілік тəсіліне жəне оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға 
негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын əзірлеу жəне енгізу жоспарланды [3]. Типтік 
оқу жоспарлары жəне бағдарламалары функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға; білім алудағы 
тұлғаның  өзін-өзі  дамытуын,  дербестігін  қамтамасыз  ететін  нəтижеге  жəне  коммуникативтік  дағды-
ларды  қалыптастыруға;  ақпараттар  мен  технологияларды  басқара  білуге  жəне  проблемаларды  шешуге
іскерлік пен креативтілікті қалыптастыруға бағытталып отыр. 
«Функционалдық  сауаттылық»  ұғымы  алғаш  рет  өткен  ғасырдың  60-шы  жылдары  ЮНЕСКО 
құжаттарында  пайда  болып,  кейіннен  ғылыми-практикалық  қолданысқа  айналды.  Функционалдық 
сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші  кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат 
қызметімен  байланысын  біріктіретін  тұлғаның  əлеуметтік  бағдарлану  тəсілі  ретінде  түсіндіріледі. 
Қазіргі  шексіз  ақпарат  пен  өзгермелі  əлемде  функционалдық  сауаттылық  адамдардың  əлеуметтік, 
мəдени,  саяси  жəне  экономикалық  қызметтерге  белсенді  қатысуына,  сондай-ақ  өмір  бойы  білім  алуына 
ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. 
Бастауыш саты – оқушының интеллекті дамуының іргетасы – оқу əрекеті қалыптасуының қуатты 
жүретін  кезеңі.  Сондықтан  осы  аса  жауапты  кезеңде  оқытудың  мақсатын  анықтау  бастауыш  оқыту 
жүйесіндегі маңызды міндет болып саналады.  
Кеңестік  кезеңде  бастауыш  мектепте  оқытудың  мақсатын  оқушыны  келесі  орта  буында  оқуға 
дайындау деп белгіленгені анық. Ал, еліміз егемендігін алып, білім мазмұнын жаңарту кезеңінде 1997 
жылы  Жалпы  білім  беретін  мектептің  бастауыш  сатысындағы  білім  мазмұны  тұжырымдамасы 
дайындалды. Онда «...ең алдымен, білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке, 
бұрынғыша  оқушыны  пəндік  білім,  біліктердің  белгілі  бір  жиынтығымен  қаруландыру  емес,  оқу 
əрекетін  қалыптастыру  негізінде  жекебас  тұлғасын  тəрбиелеу  мақсаты  қойылды»  [4].  Сондай-ақ, 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
257
 
білім  мазмұнын  жаңартудың  ғылыми  негізіне  бастауыш  сынып  оқушысын  белгілі  бір  біліктер  мен 
дағдылардың иесі, оқу əрекетінің субьектісі, əртүрлі мəдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа 
түсетін автор жəне жас ерекшелігіне сəйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала 
деп  қарастыратын,  осыған  орай  көп  қырлы  құрылымды  білім-тəрбие  мазмұнын  анықтап  құруға  кө-
мектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы алынды.  
Бүгінгі таңда 12 жылдық мектепке көшу барысында ұлттық жоспарда белгіленген мақсат, міндеттерді 
іске  асыруда  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үшін  жағдай  жасау 
белгіленіп отыр. 
Ұлттық жоспардың міндеттері: 
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық жəне халықаралық 
практикасын зерделеу. 
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске 
асырудың тетіктерін анықтау. 
3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар. 
4. Білім беру процесін оқу-əдістемелік қамтамасыз етуді əзірлеу. 
5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау жəне мониторинг жүргізу жүйесін дамыту. 
6.  Мектептің  жəне  қосымша  білім  беру  жүйесі  ұйымдарының  материалдық-техникалық  базасын 
нығайту [5]. 
Функционалдық  сауаттылықты  дамыту  нəтижесі  білім  алушылардың  алған  білімдерін  практикалық 
жағдайларда  тиімді  жəне  əлеуметтік  бейімделу  процесінде  сəтті  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  негізгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет