Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г.
274
-
заманауи ойлау, қоғамның, табиғаттың дамуының деңгейімен сəйкес келетін жаңа сенімді
білімді хабарлауға;
-
білім алушылар тұлғасының жағымды үйлесімді дамуына септігін тигізетін тереңнен талдап,
ойлай алуын дамытуға;
-
өзін-өзі танудың өзіндік ерекшеліктеріне жəне тұлғаның өзін жетілдіруге бағытталған ғылым-
дағы соңғы жетістіктерін ескере отырып, ақыл-ой қызметінің негізгі тəсілдерін қалыптастыру;
-
тұлғаның өзіндік білім алуына жəне өзіндік жетілуіне дайындықты қамтамасыз ету;
-
білім алушылардың жас ерекшеліктеріне мазмұнымен де, оқитын тілімен де, эмоционалдық
əсер ету тəсілдерімен де сəйкес келуі;
-
негізгі түсініктерді, маңызды жағдайларды, өз бетінше орындайтын тапсырмаларды, шешім-
дерді анық құрылымдық бөлудің жəне графикалық айқындаудың болуы;
-
оқу материалдарын қабылдау мен пайымдауды жеңілдететін суреттердің жеткілікті болуы,
суреттерге қойылатын талаптарды сақтау, олардың мəтінмен өзара байланысының болуы, дұрыс
орналасуы;
-
оқу материалының жəне басқа оқу пəндерінің өзін-өзі танумен интеграциялануы;
-
пайдаланылған теориялық дереккөзіне сілтеменің болуы;
-
өзін-өзі тануға, қойылған мəселелерді шешудің əдістері мен тəсілдеріне өзіндік танымдық
ізденіс тудыруға, білім алушылардың шығармашылығын дамытуға ынталандыратын тапсырмалардың
болуы;
-
өмірлік жағдайдағы қалыпты жəне қалыпты емес міндеттерді шеше алу дағдыларын қалыптастыру;
-
əдістемелік безендіру (кіріспе, мазмұны, тараулары, пəндік-атаулық белгілер, сілтемелер мен
нұсқаулар) талаптарына сəйкестілігі.
Мектеп оқулықтарының сапалы жазылғандығын айқындайтын басты ерекшелік – ол балалардың
өзіндік бағалаулары: бұл оқулықтар біздер үшін жазылған, оны оқығың келе береді, оны оқыған
қызық! Оқулықтар оқырман-оқушымен сөйлесіп тұрғандай, олармен əңгімелеседі, ойлауға итермелейді.
Өзін-өзі тану оқулықтары мен оқу-əдістемелік құралдарына енгізілген өсиет əңгімелер, ұлы ағар-
тушылардың, ғалымдардың, қарапайым адамдардың өмірлерінен алынған мысалдар мен шығармалары
білім алушылардың жағымды ойлау, өмірлік қиын жағдайлардан дұрыс шешім тауып шыға білу
дағдыларының дамуына, адамгершілікті тұрғыдағы сезімдерінің жандануына септігін тигізе отырып,
ізгілікті адам тəрбиелейді.
Оқулықтарға «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының басты идеяларын
негізделген түрде енгізу – оңай міндет емес. Оқу материалдарын тыңғылықты таңдау, тəжірибелік
сараптау, жаңарту жұмыстары, оқулықтар мен оқу-əдістемелік құралдарын жақсарту мақсатында жаңа
идеяларды іздеу, өзін-өзі тану мұғалімдерімен іскерлік қарым-қатынаста болу – осылардың бəрі
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру жəне сауықтыру орталығы авторлары жұмыстарының
біразы ғана.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының авторы – Сара Алпысқызы былай
дейді: «Баланың өзін түсінуіне жол табуы, өз күшіне, өзінің болмысына сенуі сияқты қабілеттерін
ашу – бұл өте маңызды. Өзін құметтеуін, ар тұрғысынан өмір сүруін жəне дұрыс емес əрекетінің өзі
үшін зияндығын нақты білуі тиіс. Мейірімділігі мен Сүйіспеншілігі жүректен жүрекке жетіп, əлемде
Сүйіспеншілік пен қайырымдылықтың аясын жасайды. Сол кезде қазіргі жас өспірімдер өсіп келе
жатқан елді мүмкіндіктерін іске асырмаған өлке деп айтуға ешкімнің аузы бармайтын болады»
[3, б.
62].
Өзін-өзі тану оқулықтары мен оқу-əдістемелік құралдары қоғамдағы - нағыз Адамды тəрбиелеу
өзекті мəселесін шешуге қабілетті.
1
Қазақ энциклопедиясы. 7- том.
2
«На что способен школьный учебник?» // Под ред. академика РАО Г. Г. Граник "Учительская газета",
№ 43, 23.10. 2012.
3
Назарбаева С.А. Өмір əдебі. – Алматы, 2001.