Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет423/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін сөздер: емдік-сауықтыру туризмі, шипажай, профилакторий, курорт, əлеуметтік сауалнама. 
 
Емдік  минералды  ресурстар  тарапынан  Алматы  облысының  аймағы  республикадағы  ең  қолайлы 
аймақтардың  бірі  болып  табылады.  Алматы  облысында  кең  қолданысқа  ие  минералды  сулар  мен 
емдік  балшықтар  базасында  шипажайлар,  профилакторилер,  сонымен  қатар  демалыс  үйлері  мен  сумен 
емдеу, балшықпен емдеу орталықтары жұмыс істейді. Қазіргі таңда Алматы облысында 16 шипажайлық-
курорттық мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 10 мекеме Алматы қаласының аймағында орналасқан. 
Сонымен қатар, 7 балалар шипажайы жəне 8 рекреациялық аймақтарда көптеген демалыс үйлері мен 
базалары  орналасқан.  Алматы  облысында  туризмді  дамытудың  мастер-жоспарына  сəйкес  кластер 
шеңберінде 2018 жылға дейін 150 орындық «Албан-Арасан» шипажайлық-курорттық кешенінің құрылысы 
жоспарлануда,  сонымен  қатар  қазіргі  таңда  Алакөлдің  жағалауында  сауықтыру  мекемесінің  құры-
лысы жүргізіліп жатыр [1]. 
«Алматы Resort» клиникалық шипажайы, «Алатау» емдік-сауықтыру кешені, «Ақ қайың» медициналық-
сауықтыру кешені, «Altyn Kargaly» отель-шипажайы, «Көктем» шипажайы,  «Қазақстан» шипажайы, 
«Қарғалы»  пансионаты,  «Ақ  бастау»  сауықтыру  пансионаты,  «Каменское  плато»  туберкулезден  
емдейтін шипажайы жəне «Саумалы Перзент» саумалмен емдеу орталығы Алматы қаласының аймағында 
орналасқан.  Шипажайлық-курорттық  мекемелер  көбінесе  бальнеотерапияға,  климатотерапияға  жəне 
пелоидотерапияға  маманданған, сонымен қатар фитотерапия,  парафинді-озокеритті  емдеу, спелеотерапия, 
апитерапия,  гирудотерапия,  терренкур,  саумалмен,  қымызбен  жəне  шұбатпен  емдеу  сияқты  емдік 
поцедуралар көптеген шипажайларда қолданылады. 
«Жаркент-Арасан» медициналық сауықтыру кешені, «Керімағаш» шипажайы, шипажай-профилакторий 
«Қаратал», шипажай-профилакторий «Текелі», «Ақ бұлақ» шипажайы, «Алакөл-Арасан» емдік-сауықтыру 
орталығы  Алматы  облысы  аймағында  орналасқан.Бұл  емдік-сауықтыру  мекемелерінде  қимыл-тірек 
аппаратының,  жүйке  жəне  қан  айналым  жүйелерінің,  дем  алу  органдарының  жəне  ас  қорыту  мүше-
лерінің,  қанайналым  жəне  эндокриндік,  зəр  шығару  жүйелерінің  аурулары,  инфекциялық  жəне 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
284
 
паразитарлық  аурулар,  психикалық  ауытқулар,  қимыл,  тамақтану  жəне  зат  алмасудағы  ауытқулар 
сияқты  көптеген  ауру  түрлеріен  емдейді.Шипажайға  жолдама  бағалары  тəулігіне  5000-25500  теңге 
аралығында  болып  табылады.  Емдеу  барысында  шипажайларда  балшықпен  емдеу,  минералды 
ванналар,  емдік  душ,  су  астында  омыртқаны  созу,  ішек  пен  өт  жолдарын  тазалау,  фитотерапия, 
массаж,  қанды  тазалау,  сүлікпен  емдеу,  инемен  емдеу,  психотерапия,  жарықпен  емдеу,  биоптрон, 
ингаляция,  оттегі-озон  терапиясы,  тұз  шахтасы,  мануалды  терапия,  емдік  дене  шынықтыру, 
диетотерапия  жəне  қымбат  шетелдік  құрылғыларда  диагностика  мен  ем  жасаудың  басқа  да  жаңа 
əдістері қолданылады [2], [3], [4], [5], [6]. 
Алматы  облысы  тұрғындары  арасында  сауалнама  жүргізу  барысында  жауап  берушілер  арасында 
Алматы  облысының  Жаркент-Арасан,  Текелі  жəне  Қаратал  шипажайлары  аса  сұранысқа  ие  екені 
белгілі болды.
 
Шипажайлық-курорттық  қызметтердің  аймақтық  нарығын  жетілдіру  жəне  демалушылардың 
қажеттіліктерін  анықтау  мақсатында  Алматы  облысының  5  шипажайлық-курорттық  мекемелерінде 
əлеуметтік  зерттеу  жүргіздік.  Зерттеулер«Жаркент-Арасан»  медициналық  сауықтыру  кешенінде, 
«Керімағаш» жəне «Ақ бұлақ» шипажайларында, «Қаратал» жəне «Текелі» шипажай-профилакторилерінде, 
«Алакөл-Арасан» емдік-сауықтыру орталығында жүргізілді. Демалушылар арасында жүргізілген арнайы 
сауалнама  нəтижесінде  олардың  60%-ын  əйелдер,  40%-ын  ер  адамдар  құрайтыны  анықталды.  Жас 
ерекшеліктеріне  келетін  болсақ,  25  жасқа  дейінгі  адамдар  2,6%  құрайды,  26  мен  35  жас  арасын-
дағылар - 8%, 36-45 жас арасындағылар - 5,4% , 46-55 жас арасындағылар - 21%, жасы 55-тен жоғары 
адамдар  63%  құрайды.74%  жауап  берушілердің  отбасылары  бар,  26%  үйленбеген  немесе  тұрмыс 
құрмаған.  Қызмет  атқаратын  саласын  қарастыратын  болсақ,  15,8%  жауап  берушілер  мемлекеттік 
мекемелерде  қызмет  атқарады,  15,7%  жеке  секторда  жұмыс  істейді,  жауап  берушілердің  13,2%-ын 
жұмыссыздар  мен  үй  шаруасындағы  əйелдер  құрайды,  2,6%  оқушылар  мен  студенттер  жəне  52,7% 
зейнеткерлер болып табылады. Осыдан көріп отырғанымыздай, шипажайларда демалушылардың көп 
бөлігін жасы 55-тен жоғары, зейнеткер, отбасылы, əйел адамдар құрайды. Орташа айлық табыстары 
жауап  берушілердің  79%-ын  да  20000-100000  теңге  аралығында  болып  табылады.  7,9%  демалушы-
лардың  орташа  айлық  табыстары  20000  теңгеден  төмен,  тек  қана  13,1%  жауап  берушілердің  айлық 
табысы 100000 теңгеден астам соманы құрайды.  
Шипажайлық-курорттық мекемелерде демалудың жиілігіне қатысты 44,7% жауап берушілер жыл 
сайын  демалатынын,  26,3%  мұндай  мекемелерге  алғаш  келгенін,  5,3%  демалушылар  шипажайларға 
жылына 2 рет келетінін жеткізді, қалған жауап берушілер 2-5 жылда мүмкіндік туған жағдайда ғана 
демалатынын атап өтті. 36,8% жауап берушілер жаз мезгілінде, 47,3% күзде демалғанды қалайтынын 
білдірді,  қалғандары  үшін  жылдың  қай  мезгілінде  демалу  маңызды  емес.  Демалушылардың  65,8% 
бөлігі  шипажайлық-курорттық  мекемелерге  жолдаманы  10  күнге    жəне  28,9%-ы  15  күнге  алғанды 
қалайтынын  жеткізді.  Шипажайлық-курорттық  мекемелердегі  демалушылардың  52,5%    бөлігінің 
негізгі мақсаты емделу, денсаулықты нығайту болса, 47,2% демалушы емделу мен демалуды үйлес-
тіруді қалайды.
 
Шипажайды таңдаудағы себептерге байланысты демалушылардың көзқарастары бөлінді. 1-суретте 
шипажайлық-курорттық мекемені таңдаудағы демалушылардың негізгі себептері көрсетілген.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет