Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж


БАСТАУЫШ  МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата15.03.2017
өлшемі2,2 Mb.
#9840
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

БАСТАУЫШ  МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ 
ТҮСІНІКТЕР     МЕН     ҰҒЫМДАРДЫҢ     СИПАТТАМАСЫ 
 
                                                                       А.С.Тазабекова – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  магистранты 
 
1-сынып математика пəнінің базалық білім бағдарламасының мазмұны қарапайым математикалық 
түсініктерді    қалыптастырумен  сипатталады [1]: заттарды  санау  (Қанша?  Неше?  Нешеу?),  заттарды  əр 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
51
түрлі  белгілеріне  (түсі,  өлшемі  жəне  пішіні)  қарай  салыстыру  (бірдей,  əр  түрлі  жəне  т.б.),  заттарды 
ұзындығына  қарай  салыстыру  (ұзын-қысқа,  биік-аласа,  қалың-жұқа),  ұзындықты  өлшеу,  заттардың  екі 
тобын салыстыру (артық, кем, сонша), кеңістік туралы түсінік (жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, 
астында,  үстінде  жəне  т.б.),  қозғалыс    бағыты  (солдан  оңға,  оңнан  солға , жоғарыдан  төмен,  төменнен 
жоғары қарай), уақыт аралығы туралы түсінік (бұрын, кейін, алдымен, содан кейін, т.б.), заттарды санау 
(Нешінші? Апта күндерінің, жыл мезгілдерінің, айдың атаулары жəне реті), сызықтар (түзу, қисық сызық, 
тұйықталған,  тұйықталмаған  қисық  сызық),  нүкте,  сəуле,  бұрыш,  кесінді  жəне  оны  сызу,  кесіндінің 
ұзындығын  өлшеу  (сантиметр),  бөліктерге  бөлу  жəне  құрастыру,  геометриялық  фигуралар  (төртбұрыш, 
бесбұрыш,  алтыбұрыш),  көпбұрыштың  төбесі,  бұрышы  жəне  қабырғасы  жайында  түсінік,  геометриялық 
фигураларды  салыстыру  жəне  оларды  бір-бірінен  ажырату.  Бағдарлама  мазмұны  бастауыш  мектеп 
математикасын  оқыту  барысында  физикалық  түсініктер  мен  ұғымдарды  қалыптастыруда 
пропедевтикалық  дайындық  жүзеге  асырылады.  Бастауыш  мектеп  математикасында  өлшем  түрлері, 
уақыт,  салмақ,  көлем,  биіктік  пен  ұзындық,  аудан,  жылдамдық  туралы  ұғымдарды  жете  игеруі  мен 
меңгеруі    оқушылардың  физикалық  түсініктер  мен  ұғымдарды  бағдарлама  талаптарына  сай  игеруіне 
мүмкіндік  туғызады. 2-сынып  «Математика»  бағдарламасында 1 сыныпта  алған  білімдері 
толықтырылады: Уақыт аралығы жайында қарапайым түсінік. Минут, сағат, тəулік, апта, ай, жыл, мүшел, 
ғасыр  жəне  олардың  арақатынасы.  Сыйымдылық  жайында  түсінік.  Литр.  Масса  жайында  түсінік. 
Килограмм. Ұзындықты өлшеу. Метр, оның дециметр жəне сантиметрмен арақатынасы. Шамалар, оларды 
өлшеу жəне салыстыру /өлшеу бірліктері: уақыттың – секунд, ұзындықтың – километр, массаның – грамм, 
центнер, тонна, бip ғана шаманың өлшеу бірліктерінің ара қатынасы/. 
3-сынып «Математика» оқу бағдарламасында «шамалар» ұғымы тереңірек оқытылады. Оқушылар 
шамаларды  өлшеуге  жəне  салыстыруға  дағдылананды. 1-2 сыныптарда  алған  білімдері  еске  түсіріліп, 
оқушылар шамалар арасындағы тəуелділік жайында мағлұмат алады /бағасы, саны жəне құны, бір заттың 
массасы,  заттың  саны  жəне  жалпы  массасы/.  Оқушылардың  ұзындық  өлшем  бірліктері  /километр,  метр, 
дециметр/,  масса  өлшем  бірліктері    /тонна,  центнер,  килограмм,  грамм/,  уақыт  өлшем  бірліктері  /ғасыр, 
жыл, ай, тəулік, сағат, минут, секунд/ ұғымдарын жете меңгеруі физиканы оқып-үйретуге дайындауға өте 
тиімді  болмақ. 3 сыныпта  олар  сонымен  қатар  уақыт  өлшем  бірліктерін  түрлендіру,  уақыт  өлшем 
бірліктері қатынасын есептеу, шамаларды салыстыру, шамаларға амалдар қолдану дағдыларын меңгереді. 
 4-сыныпта  мектеп математикасын оқыту барысында физикалық түсініктер мен ұғымдардың жəне 
сəйкес  іс-əрекеттердің  мəн-мағынасын  ашуға  баса  көңіл  бөлінуі  тиіс.  Нəтижесінде  физиканы  оқытып-
үйретуге  пропедевтикалық  дайындық  жүзеге  асырылады  жəне  пəн  енгізілген  алғашқы  күннен  бастап-ақ 
физикалық түсініктер мен ұғымдарды оқушылардың бағдарламаға сай игеруіне мүмкіндік туады. 4-сынып 
математикасының  бағдарлама мазмұны физикалық ұғымдарды қалыптастыру мақсатына сəйкес жасалған: 
Тура жəне жанама түрде тұжырымдалған, шамалардың негізгі тобымен /бағасы, саны, құны; жылдамдық, 
уақыт, қашықтық; заттардың саны, бір заттың массасы, жалпы массасы/ байланысты есептер; Шамаларды 
өлшеу жəне салыстыру; өлшеу бірліктері: көлемнің - көлемнің - см³, дм³,  м³;  ұзындықтың – мм, ауданның 
-  дм²,  м²,  мм²,  а,  га/,  өлшеу  бірліктерінің  арасындағы  қатынастар;  шамалар  арасындағы  тəуелділіктің 
мысалдары  /бір  қалыпты  қозғалыстағы  уақыт,  жылдамдық,  жол;  бағасы,  саны,  құны;  тік  төртбұрыштың 
ауданы жəне сыбайлас қабырғалары жəне т. б.; жақындау жəне алыстау жылдамдығы; бір-біріне кездесу 
жəне  қарама-қарсы  бағыттардағы  қозғалыстарда  болатын  уақыт,  қашықтық  жəне  жылдамдықтың 
арасындағы  тəуелділік  сияқты  мəселелер  қарастырылады.  Оқушыларда  ұзындық  өлшем  бірліктерін 
өрнектеп жазу, ұзындық өлшем бірліктеріне амалдар қолдану дағдылары қалыптасады ( 1 кг = 1/ 1000 т; 
1ц = 1/10 т; 1кг = 1/100 ц; 1г = 1/1000 кг). Оқушылар сонымен қатар масса өлшем бірліктерін түрлендіруді, 
үлесті табуды, масса өлшем бірліктеріне амалдар қолдануды, өрнектерді салыстырып , сəйкес  (>; <; =; ) 
таңбаларды  қоюға  берілген  есептерді  шығарады.  Аудан  жəне  оның  өлшем  бірліктері,  көлем  жəне  оның 
өлшем  бірліктері  (текше,  ұзындығы,  ені,  биіктігі;  см³).  Жылдамдық,  уақыт,  қашықтық  ұғымдарын 
меңгерту  физикадағы  «Механика»  бөлімін  оқып-үйренуге  пропедевтикалық  дайындық  үшін  пайдалану 
ұтымды.  Жылдамдықтың    өлшем  бірліктерін  (м/с,  м/мин,  км/сағ, 1 узел = 2 км/сағ)  меңгеру  сапасын 

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
52
жақсарту  керек  (υ = S : t; S = υ·t;  t = S ·υ).  Жылдамдықтың  түрлері -  жақындау  жəне  алыстау 
жылдамдығына,  бір-біріне  қарама-қарсы  қозғалысқа,  қуып  жетуге  жəне  қалып  қоюға  берілген    есептер 
физикалық  мазмұнды  есептер    болып  табылады (S = υ·t;  υжақындау = υ1 + υ2;  S = υжақындау·t; S = 
υалыстау·t; υалыстау = υ1 + υ2; қуып жетуге берілген есептер ( S = υжақындау·t; υжақындау = υ1 - υ2 ;  
қалып қоюға берілген есептер (S = υжақындау·t; υалыстау = υ1 - υ2 ;  Қазақстанда бірнеше жылдар бойы 
мектептің  білім  беру  жүйесіне  өзгерістер  енгізілуде.  Соның  ішінде  оқыту  үрдісін  демократияландыру, 
ізгілікті  əлеуетті  пайдалану,  ізгілендіру  жəне  саралап  оқыту  əдістері  кеңінен  қолданылуда.  Жүргізіліп 
жатқан реформа негізіндегі үздіксіз білім беру ұстанымы білім берудің əрбір кезеңіне ерекше көңіл бөліп, 
əрі  олардың  арасындағы  сабақтастықты  іске  асыру  талап  етіледі.  Осыған  байланысты  жаратылыстану 
ғылымының мазмұны мен құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттігі сезіліп келеді. 
Физиканы  оқытудың  бірінші  сатысы  осыған  сəйкес  толығымен  өзгерді.  Ондаған  жылдар  бойы 
физика  курсын  жоғары  сыныптарда  оқытудың  алғашқы  дайындық  бөлімі  ретінде  оқытылып  келген 
бірінші  сатының  бағдарламасының  құрылымы  мен  мазмұны  да  өзгеріске  түсті.  Сөйтіп,  жаңа 
бағдарламаның  екінші  сатысында  жоғары  сыныптарда  физиканы  саралап  оқыту  негізінде  мазмұны  мен 
құрылымы қайтадан қарастырылды. Мұнда негізгі мектептен кейін оқушылардың таңдауына байланысты 
физика пəнінің бағдарламасы жаратылыстану жəне гуманитарлық бағытта немесе кəсіптік мамандықтарға, 
арнаулы орта білім беретін оқу орындарына, сырттай оқуға, əр пəнді тереңірек оқытуға тəуелді өзгереді. 
 
Осы  жағдайларға  байланысты  негізгі  (базалық)  мектептегі  білім  берудің  рөлі  артты,  себебі  əрі 
қарай  жалпы  білім  беретін  мектепте  немесе  арнаулы  мамандар  даярлайтын  оқу  орындарында  оқуларын 
жалғастыруды  таңдауға  олардың  қызығуын  ояту  міндеті  тұр.  Осының  барлығы  физика  пəніне  де  тəн. 
 
Негізгі мектептің негізгі курсында оқушылар қазіргі кездегі əлемнің физикалық бейнесін түсінуге 
қажетті білім алады. Материяның түрі, формасы жəне құрылымы, қозғалысы туралы, табиғаттың дамуы 
жəне  таным  үрдісінің  дамуын  қарастырады.  Сондықтан  да  бұл  курс  негізгі  (базалық)  болып  табылады. 
Физика ғылымы сезім мүшелерімізбен көріп білуге болатын заттарды, сезіп білуге болмайтын заттар жəне 
магнит өрістерін жəне микронысаналар – молекула, атом, элементар бөлшектер, механикалық, жылулық, 
электрлік,  жарықтық  жəне  кванттық  құбылыстарды,  материалдық  нысаналардың  өзара  əсерлесуін, 
олардың  күйлерінің  өзгеруін  оқытады.  Оқушылар  табиғаттың  іргелі  заңдары:  энергияның,  импульстың 
сақталу заңдарымен танысады. 
  Курстың дамытушылық мақсаты білім беру мақсатымен бірге қалыптасатын ебдейліктер арқылы 
анықталады.  Оларға: 1) қарастырылып  отырған  құбылысты  күнделікті  өмірде  байқау  (диффузия,  заттың 
агрегаттық күйінің өзгеруі, дененің балқуы, қыздыру, электрлену, т.б.) жəне бақылау, нақты жағдайларды 
талдау, ерекше белгілерін көрсете білу, бақыланып отырған нəрсені теориялық білімдерімен салыстыру; 2) 
нақты  жағдайда  үлгілеу  жəне  индуктивтік,  дедуктивтік  негізде  қисынды  түрде  жəне  салыстыра  отырып 
түсіндіру; 3) жаңа құбылыстың жəне нысананың қасиеттерін теориялық талдау нəтижесінде не болатынын 
айта  алу  (мысалы,  газ  қысымының  оның  температурасы  мен  көлеміне  байланысты  өзгеруін,  сұйық 
ішіндегі  дененің  орналасуын,  жəне  т.б.)  жəне  осы  айтылғандарды  экспериментте  тексеру  (құрал-
жабдықтарды  таңдау,  тəжірибені  жүргізу  жоспарын  жасау,  т.б.),  яғни  дедукциялық  ойлай  алу; 4) нақты 
жағдайда  физикалық  шамалардың  мəндерін  есептей  білу; 5) графиктерді  салу  жəне  оқи  білу,  электр 
тізбегін салу жəне тізбекті пайдаланып жинау, күш векторын график түрінде кескіндей білу; 6) өлшеуіш 
мензурканы, динамометрді, таразыны, барометр-анероидты, амперметрді, вольтметрді, линзаны жəне тағы 
басқа физикалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалана білу кіреді. 
 Жылдамдық,  масса,  тығыздық,  күш  ұғымдарын  оқып  үйренгенде  шамаларды  өлшеу  жəне 
формулалары бойынша есептеп шығару, ұзындық, уақыт, жылдамдық, масса, аудан, көлем бірліктерін, тік 
төртбұрыштың,  шеңбердің  ауданын  табу,  масштабтар,  пропорциялар  жəне  олардың  негізгі  қасиеттері, 
проценттер  жайлы  білімге  сүйенеді,  формулалар  бойынша  есептеулер  жүргізу  жəне  ондық  бөлшектерді 
дөңгелектеуді,  бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеулерді  шешуді,  қарапайым  өлшеулерді  сызғыш  пен 
бұрыштықтың көмегімен сала білетіндіктеріне (Математика, 5 – 7 сыныптар), слесарьлық жəне басқа да 
еңбек құралдары туралы (Технология, 5 – 7 сынып) біліміне сүйенеді.   

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
53
 
«Қозғалыс» тарауын оқытудың негізгі мақсаты – материя қозғалысының қарапайым түрі болатын 
механикалық қозғалыс туралы жүйелі түсінік беру[7]. Бұл тарау əдістемелік тұрғыдан алғанда неғұрлым 
күрделі  болып  есептеледі.  Өйткені  мұнда  кинематика  ұғымдары  алғаш  рет  қалыптастырыла  бастайды. 
Тарауда  механикалық  қозғалыс  берілген  дененің    басқа  денемен  салыстырғандағы  орнының  өзгеруі 
ретінде анықталады.   
  Жылдамдық  ұғымы  оқушылардан  абстрактілі  ойлауды  талап  етеді [7]. Жылдамдық  жайында 
оқушылардың  өздерінің  күнделікті  бақылауларынан  жəне  математика  курсынан  алған  түсініктері 
болғанына қарамастан, оны міндетті түрде тəжірибемен көрсету керек. Сонымен бірге физиканы зерделеу 
барысында  жылдамдық  ұғымы  физикалық  мазмұнмен  толықтырылуы  тиіс.  Ал  жылдамдықтың  өлшем 
бірлігін  айтқанда,  негізгі  бірлік 1 м/с  болып  табылатыны,  есептеулерде 1 км/сағ  бірлігі  де 
пайдаланылатыны айтылады. Оқушыларға бұл бірліктерді бірінен-біріне түрлендірудің жолы түсіндіріліп, 
жылдамдықтың  сан  мəні  өлшеу  бірлігін  таңдап  алуға  байланысты  болатыны  мысалмен  көрсетіледі. 
Сондай-ақ  оқушының  сынып  ішінде  жүріп  өткен  жылдамдығын  өлшеуге  болады.  Оқушыларға  үй 
тапсырмасы  ретінде  мектепке  келе  жатқанда,  үйге  қайтқанда  немесе  серуендеуге  шыққанда  қандай 
жылдамдықпен  жүретінін  анықтауды  ұсынған  жөн.  Кейбір  оқушылар  жолдың  алдын  ала  өлшенген  бір 
бөлігіндегі  автомобильдің  қозғалыс  жылдамдығын,  т.б.  анықтай  алады.  Бұл  жаттығулар  жылдамдықтың 
сан мəні жайындағы ұғымдарды нақтылай түсуге көмектеседі.   
 Енді «зат мөлшері» деген ұғымның мағынасына үңіліп көрелік. Ендеше тұрмыстағы тəжірибеден 
басталық.  Педагогикалық  тұрғыдан  алғанда  мұның  маңызы  зор.  Бұл  оқушының  санасында  физика 
қалыптаса  бастайтын  практикалық  негіз  болып  табылады.  Күнделікті  тұрмыста  «зат  мөлшері»  деп 
айтпайды. Нақтылы түрде: мұнша килограмм ұн, мұнша литр сүт, мұнша метр мата т.б. айтады. Алайда 
барлық  жағдайда  əрі  сандық  (қанша),  əрі  сапалық  (нені,  қандай  затты)  сипаттамалар  орын  алады.  Тек 
затты  ғана  емес,  физикалық  өрісті  де  сан  жағынан  сипаттауға  болатындықтан,  жалпылау  жолымен  «зат 
мөлшері» деген ұғымға келуге болады. Бұл ұғымның мазмұны кейінірек анықталады. Белгілі бір заттың 
мұнша  килограмын  сатып  алғанда,  оның  салмағын  немесе  массасын  өлшегенмен,  оның  салмағын, 
массасын  (гравитациясын,  инерттілігін),  қасиетін,  қасиет  мөлшерін  сатып  алмайды,  шын  мəнінде  зат 
мөлшерін, белгілі заттың белгілі мөлшерін сатып алады. Бұл жерде салмақ (немесе масса, көлем, т.б.) осы 
зат  мөлшерін  өлшеу  үшін  қызмет  атқарады.  Біз  сатып  алған  затымызды  оның  шексіз  көп  қасиеттеріне 
(физикалық,  т.б.)  қарай  əр  түрлі  практикалық,  ғылыми  тағы  басқа  мақсаттарға  пайдалануымыз  мүмкін. 
Бұл кезде оның əр түрлі қасиеттері (не қасиеттер жинағы) рөл атқаруы мүмкін, атап айтқанда, бірде оның 
салмағы рөл атқарса, келесіде – инерттілігі, үшіншіде – көлемі, төртіншіде – электр өткізгіштігі, бесіншіде 
–  дəмі  тағы  басқалары  рөл  атқаруы  мүмкін.  Осы  аталған  мысалдардан  зат  мөлшері  ұғымын  арнаулы 
физикалық  ұғым  ретінде  пайдаланбаған  кездің  өзінде,  ол  ұғымның  шын  фактілерді  бейнелейтінін,  оны 
практикалық  қажеттілікке  пайдалануға  болатынын  көреміз.  Бұл  ұғымды  масса  ұғымын  анықтау  үшін 
пайдалану мəселесіне тоқтала кетейін.  
Кез  келген  ұғым  физикалық  шама  бола  бермейді.  Зат  мөлшерінің  көлемнен,  температурадан, 
жылдамдықтан,  массадан,  т.б.  айырмашылығы  сол,  ол  ерекше  физикалық  шама  емес.  Зат  мөлшерін 
өлшейтін арнаулы бірліктер, тəсілдер, приборлар жоқ. Ол көлем, салмақ, масса тағы басқа (тиісті бірліктер 
мен  приборлар)  арқылы  өлшенуі  мүмкін.  Осының  бəрі  зат  мөлшерінің  өлшеуіштері.  Осы  айтылғандар 
біртекті денелерге ғана қатысты; сонымен бірге біртекті деген ұғымның өзі де талдауды керек етеді. 
 Құммен ойнап отырған балалар құмды қалақпен, уыспен өлшейді, яғни салмақпен емес, көлеммен 
өлшейді.  Балалар  «құм  мөлшерін»  не  басқа  материал  мөлшерін  көлем  мағынасында  қабылдайды.  Осы 
жағдайда  бірдей  мөлшердегі  ағаш  пен  темірдің  салмақтары  əр  түрлі  болады  дейді.  Үй-іші  тұрмысында 
судың, сорпаның, дəрінің тағы сол сияқты «мөлшері» көлем ретінде қабылданады. Таразыдан гөрі қолда 
бар  шелек,  стақан,  тəрелке,  шай  қасық,  ас  қасық – көлем  өлшеуіштері  ретінде  қолданылады.  Сұйықтар 
үшін көлемді өлшеген қолайлы (сұйық құйылған ыдыстың формасын алады), кейде қатты дененің көлемін 
өлшеу  де  ыңғайлы  болады.  Керосиннің,  сүттің,  отынның  мөлшерін  көлем  бірліктері – литрмен 
кубометрмен  өлшейді.  Кейде  «зат  мөлшерін»  ұзындықпен,  ауданмен  өлшейді  (мысалы,  мата  жөнінде: 

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
54
мұнша  метр  мата  дейді).  Қағаздың  мөлшері  ретінде  оның  массасын  емес  (ол  жеке  парақ  қағаздың 
қалыңдығы мен тығыздығына байланысты болады), көлемін өлшейді. 
 Масса бірлігін де, күш бірлігін де «килограмм» деген бір сөзбен атайды. Ол физиканы алғаш оқи 
бастағандарға  кедергі  тудыруы  мүмкін.  Алайда  бір  сөздің  бірнеше  мағына  беретіндігі  ежелден  белгілі. 
Мысалы,  кілт  (құлыптың  кілті,  музыкадағы  кілт – скрипкадағы  кілт  т.б.) «Мен  кілтті  жоғалтып  алып, 
есікті аша алмадым» дегенде, əңгіме музыкалық кілт туралы болып отырмағанын бірден түсінуге болады. 
Ең бастысы – іс не жайында екенін түсіне білуде. Сонда «килограмм» деген сөздің қай уақытта массаны, 
қай уақытта күшті көрсететінін аңғару қиын болмайды. Бұрыштық градус пен температураны, бұрыштық 
секунд  пен  уақыттың  секундын  оқушылар  еш  уақытта  шатастырмайды  ғой.  Осындай  түсіндірулер 
оқушыларға əбден ұғымды жəне көп жағдайларда маңызды. Бір физикалық шаманы екінші шама арқылы 
өлшеудің  үлкен  маңызы  бар:  бір  шаманы  өлшеудегі  қол  жеткен  жетістік  екінші  шаманы  да  өлшеуге 
мүмкіндік береді. Жалпы пəн бойынша оқушылардың білім сапасының жоғары болуы, сол пəннің негізін 
құрайтын  білім  элементтерінің  ең  негізгі  құраушысы – ғылыми  ұғымдарды  оқушылардың  меңгеруімен 
тікелей байланысты. Ұғымдарды меңгермейінше заңдар мен теорияларды меңгеру мүмкін емес, өйткені ол 
заңдар  мен  теориялар  арасындағы  байланыстарды  білдіреді.Бұл  математиканы  бастауыш  сыныптарда 
оқып-үйретудің  мектептің  орта  буынында  алғаш  енгізілетін  пəндерге  алдын  ала  дайындауды  жүзеге 
асыруға міндеттейтін талап іспеттес. 
Физикалық күрделі ұғымдарды меңгеру үшін математика мен физиканың пəнаралық байланысын 
күшейту  оқушылардың  екі  пəннен  де  оқу  үлгерім  сапасын  жақсартады,  сонымен  бірге  олардың 
практикалық  қызметке  дайындалуына  көмектеседі. Математика сабағында оның  физикамен  байланысын 
нығайта түссе, оқыту тиімділігі одан əрі жанданады. 
 
1. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты: –  Алматы, 1998.  
2.  Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  беруді  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
стандарттары. Жалпы бастауыш білім: – Алматы.: РОНД. 2002 
3. Оспанов Т. Қ.жəне т.б. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныбына арналған 
оқулықтар.- Алматы.: «Атамұра», «Рауан».   
4.  Оспанов  Т.,  Құрманалина  Ш.,  Математиканың  бастауыш  курсын  оқыту  əдістемесі. – І – ІІ 
бөлім – Алматы, 1995 -1996 . 
5. Оспанов Т.Қ.,Құманалина Ш.Х, Құрманалина С.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту 
əдістемесі. – Астана.: Фолиант, 2007.  
6.  Аққошқаров  Е.А.  Физикалық  ұғымдарды  қалыптастыру  жəне  терминдерді  меңгерту 
тəсілдері.- Алматы, 1986. 
7.  Башарұлы Р.  Физика жəне астрономия.- Алматы,2003. 
    
Резюме 
                В    статье  характеризуется  содержание  базовой  программы  образования  начальной  школы  при 
формировании  у  учащихся  элементарных  научных  физических  понятий.  А  также  раскрывается 
эффективность реализации межпредметной связи математики и физики для приобретения качественного 
знания и ее практического использования в повседневной жизни.    
    
                                    
Summary 
In this article is considered basic program of education in primary school including at the formation of 
elementary scientific physics division by school children. And else is opened contacts between mathematic and 
physics using in everyday.   
 
 
ТƏРБИЕДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ƏРЕКЕТ 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
55
Ш. Болатқызы - 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушысы 
 
  Педагогикалық  іс-əрекет  педагогикалық  барыста  тəрбиеленушілердің  тұлғасын  тəрбиелеу, 
дамыту жəне өзін-өзі еркін жəне шығармашылық əрекетте көрсету мүмкіндіктерін таңдап алуды жасауға 
бағытталған  кəсіби  іс-əрекет,  оның  мазмұны  оқушыларды  оқыту,  тəрбиелеу,  білім  беру,  дамыту  болып 
табылатыны. Педагогикалық іс-əрекеттің ең маңызды қасиеттерінің бірі - бұл іс-əрекетте педагогтың өзін-
өзі шыңдауы мен оқытуға бағытталған білімділігі, тəртіптілігі, дамытуы. 
             Кəсіби іс-əрекет арнайы білімді талап етеді, яғни, сол кəсіпке байланысты қызмет атқаруға қажетті 
арнайы  білім,  білік,  дағдылар  жүйесін  меңгеру.  Бұл  білім-біліктерді  меңгере  отырып,  теориялық  жəне 
практикалық  педагогиканы  меңгересіздер,  іс-əрекеттің  жоғары  нəтиже  алу  үшін,  кəсіпкерліктің  жоғары 
деңгейіне жету үшін қажет білімдермен қаруланып шыңдаласыңдар. 
              Кəсіби педагогикалық іс-əрекетпен шұғылданатын адамды: тəрбиеші, мұғалім, оқытушы, педагог 
деп  атайды.  Бұл  оқу,  тəрбие  беру  мекемелеріне  байланысты:  тəрбиеші - балабақшада;  мұғалім - 
мектептерде;  оқытушы - колледж,  жоғарғы  оқу  орындарында  педагогикалық  жұмысты  жүргізеді.  Ал 
педагог – осы  түсініктерге  жақын, «туыс»  ұғым.  Іс-əрекеттің  шығуы,  пайда  болу  тарихы  б.э.д. VI-IVғ.ғ 
Грецияда басталған. Осы кезде алғашқы мектептер ашылып, сауатттылық, білімділік азаматтардың ерікті 
қабілет-қасиеті  болып  есептеле  бастады.  Мұнда  мектепке  барар  алдында  ерікті  азаматтардың  балалары 
отбасылық  тəрбие  алған.  Құл  иеленушілердің  балаларын  репетиторларға  құлдар  жетектеп  апарған. 
Осыдан  баланы  жетектейтін – педагог  пайда  болған  (грек  тілінде  «пайдос»-  бала  жəне  «аго»-  жетелеу 
деген мағынаны білдіреді). 
               Педагогикалық іс-əрекеттің тууы, оның кəсібилігі, арнайы білімдер мен біліктіліктерді меңгеруі 
сауаттылық, жазу пайда болуымен байланысты. Ауызша берілген тəрбие жазу арқылы бекітілген. Осыған 
орай, мұғалім-шебермен қатар практикалық əрекетпен рухани тəжірибенің құпияларымен таныстыратын 
мұғалім  тұлғасы  пайда  болды,  педагогикалық  іс-əрекет  пайда  болды.  Педагогикалық  іс-əрекетпен 
шұғылданатын  адам  қоғамдағы  ерекше  орны  бар  тұлғаға  айналады.  Ұжымдық  оқыту,  тəрбиелеу  жоғала 
бастады. 
            Жазудың  пайда  болуы  мен  дамуы  мұғалімнен  ерекше  білім  мен  дайындықты  қажет  ете  бастады. 
Кəсіп, мамандық - арнайы дайындықты қажетсінетін еңбек іс-əрекеті. Сондықтан, педагогикалық іс-əрекет 
- əрі кəсіби, əрі кəсіби емес болып бөлінеді. 
            Мамандық  деп  жеке  тұлғаның  шұғылданатын  негізгі  еңбек  түрі  мен  қызметін  айтады. 
Педагогикалық  мамандық – жер  бетіндегі  алғашқы  мамандықтардың  бірі.  Жалпы  педагогикалық 
мамандықтың пайда болу тарихына көз жүгіртер болсақ педагогика адам тəрбиесі жайлы ғылым, ал енді 
осы тəрбие ұғымы анықтамасына тоқталайық. Тəрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған 
озық тəжірибиесі мен ізгі қасиеттердің жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-
қатынасын,  дүниетанымын,  өмірге  деген  көзқарасын  жəне  соған  сай  мінез-құлқын  қалыптастыру  болып 
табылады. Тəрбие алғашқы қауымның пайда болуымен қатар пайда болды жəне оның дамуының барлық 
кезеңдерінде өмір сүреді. Тəрбие мəңгілік болып табылады. Алғашқы қоғамда адамдар табиғаттың дайын 
заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды, яғни адамның дамуында еңбектің ролі зор болды. Ал 
ебектену  үшін  еңбек  құралдарын  жасаудан  бастау  керек.  Осы  еңбек  құралдарын  жасау,  оны  пайдалану 
жолдарын меңгеруді ересек адамдар жастарға үйретті, яғни тəрбиеледі. Ересектермен күнделікті қарым-
қатынас  жасау  барысында  балалар  өмірге  қажетті,  пайдалы  еңбек  əрекеттерін  меңгерді,  халықтың  əдеп 
ғұрпымен танысып, алғашқы қоғамдағы салт-сананы сақтауға үйренді. 
Алғашқы  қауымдық  қоғамда  адамдар  өздерінің  іс-əрекеттерін  көпшілік  болып  топтасып  бірге 
атқарып отырған. Мұнда тəрбие жас пен жыныс ерекшелігіне қарай берілді. Ұл балалар ер азаматтармен 
бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар аналарымен бірге үй жұмысына атап 
кетсек, тамақ əзірлеуге, киім тугуге араласты. Сондай-ақ бұл қоғамда мал бағу, егін салу, қол өнер кəсібі 
пайда  болды.  Өндіріс  күштерінің  дамуымен  жəне  адамдардың  еңбек  ету  тəрбиесінің  кеңеюімен  қатар, 

                   Весник КазНПУ им.Абая,серия 
«Начальная школа и физическая культура», №3(22),2009г.
 
 
 
 
 
 
56
тəрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты жəне ұйымдастырылған іске айналды. Балалар мал бағуға, егін 
егуге, қол өнерге үйретілді. Осыған сəйкес тəрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тəрбиелеу ең 
тəжірибелі  адамға  жүктелді.  Ертегі,  ойын  жəне  өлең  мінез-құлық  тəрбиесінің  құралына  айналды,  садақ 
ату, найзаласу, салт атқа міну шыға бастады. 
Жеке  меншік,  құлдықтың  жəне  жеке  отбасының  шығуына  байланысты  алғашқы  қоғамдық 
тəрбиемен  қатар  отбасы  тəрбиесі  шықты.  Алғашқы  қоғамда  қоғамды  билеуші  топтар:  көсемдар, 
ақсақалдар,  жрецтер  (дін  басшылары)  пайда  болды.  Олар  еңбекке  баулу  тəрбиесінен  білімге  үйрету 
тəрбиесін  бөле  бастады.  Мысалы:  жер  өлшеу,  адамдарды  емдеу,  өзендердің  тасуын  алдын-ала  болжау 
осының  бəрін  үйрететін  арнаулы  мекемелер  ашылды.  Бұл  мекемелерде  үстем  таптың  балалары 
тəрбиеленді.  Ал  қарапайым  еңбекшілердің  балалары  ата-анасынан  еңбек  тəрбиесін  алды.  Ата-аналары 
балаларға,  ересектер  жастарға  өз  тəжірибелерін  берді.  Тəрбиеленушілер  іс-əрекетке,  қарым-қатынасқа 
белсене қатысу арқылы өз саналарын өздері байытты. 
Солтүстік  Африка  Египеттен  бастап  Оңтүстік  Азия  Қытайға  дейінгі  ертедегі  шығыс  елдерінде 
алғашқы мектептер құрылып онда үстем таптың балалары тəрбиеленді. Алдын-ала болжау, су бөгеттерін 
салу  əртүрлі  ғылымдардың  (астрономия,  геометрия,  арифметика,  медицина,  жəне  т.б)  дамуына  себеп 
болды.  Бұл  елдің  мəдениеті  ежелгі  Грекия  жəне  Рим  мəдениетіне  əсерін  тигізді.  Грекия  бірнеше  құл 
иеленуші ұсақ мемлекеттерден құралды. Олар Аттика (орталығы Афина) жəне Лакония (Спарта) болды. 
Спартада егін шаруашылығын кəсіп етті, егін шаруашылығымен құлдар айналысты. Құл иеленушілердің 
балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тəрбие мекемелерінде тəрбиеленді. Бұл мекемелерде əскери, 
дене  тəрбиесіне  ерекше  мəн  берілді.  Балалардың  денесін  шынықтыру,  суыққа,  ыстыққа,  қиындыққа 
шыдамды етіп жаттықтыру, əскери жаттығуларға үйрету (жүгіру, секіру, күрес, жекпе-жек, əскери əңдер 
айту, найзаласу) ойыны жүргізілді. Мұнда жазу мен оқуға өте аз көңіл бөлінді. Балалар анық жəне қысқа 
сөйлеуге үйретілді. 18-20 жастағы жігіттер əскери қызметке алынды. Қыз балаларға да əскери жəне дене 
тəрбиесін беруге көп көңіл бөлінді.  
Афинада б.з.д. V-IV ғасырларда ғылым мен мəдениет едəуір дамыды. Əсіресе математика, тарих, 
құрылыс өнері өркендеді. Бұл Афинаның ертедегі Шығыс елдерімен тығыз сауда жасауына байланысты 
болды.  Дене  тəрбиесімен  қатар  ақыл-ой,  моральдық,  эстетикалық  тəрбие  берілді  (құл  иеленушілердің 
балаларына  жан-жақты  тəрбие  беру  керек  деп  есептеді).  Құл  иеленушілердің  ер  балалары 7 жастан 
мектепке барды. Ал қыз балалары жанұяда тəрбиеленіп, үй жұмысына үйретілді. Ер балалар 7-ден 13-14 
жасқа дейін грамматист жəне кифарист мектептерінде оқыды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға, жəне 
санауға  үйретті.  Кифарист  мектебінде  музыкаға,  əн,  тақпақ  айтуға  жаттықтырылды. 13-14 жасында  ер 
балалар полестра (күрес) мектебіне көшіріліп, онда 2-3 жыл дене шынықтыру жаттығуларының жүйесімен 
(жүгіру, секіру, күрес жəне найзаласу) таныстырылды. 
Бай  отбасының  балалары  əрі  қарай  гимназияда  философия,  саясат  жəне  əдебиетпен  танысып 
мемлекеттік басқару жүйесіне араласу үшін белгілі дайындыққа алынды. 
Қарапайым  халық  өз  балаларын  мектепке  оқытуға  мүмкіндіктері  болмады.  Олар  балаларын  қол-
өнерге үйретті. 
Ежелгі  Рим  мемлекетінде  құл  иеленудің  дамуы  халықтың  үстем  тапқа  жəне  қаналушы  тапқа 
бөлінуіне əкеп соқты. Осыған сəйкес мектептер элементарлық жəне грамматикалық болып екіге бөлінді. 
Элементарлық мектептерде құлдардан басқа еркін халықтың балалары да оқитын болды.  Бұл мектептерде 
оқуға,  жазуға  жəне  санауға  үйретті.  Үстем  таптың  өкілдері  балаларына  алғашқы  білім  беруді  үйде 
ұйымдастырып бірден грамматикалық мектептерге берді.  
Грамматикалық мектептерде латын тілінің грамматикасы, грек тілі, риторика (əдебиет жəне тарих 
мəліметтерін бере отырып шешендікке баулу) оқытылды. Кейінірек риторика мектептері пайда болды. Бұл 
мектептерде  өте  жоғары  оқу  ақысына  риторика,  философия,  заң,  грек  тілі,  математика  жəне  музыка 
сабақтары оқытылатын болды. Осы мектепті бітушілер жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға қажетті 
дайындық  алды.  Тəрбиенің  маңызды  міндеттерін  орындау  үшін  білімді,  арнайы  дайындығы  бар 
мұғалімдер  керек  болды.  Мұғалімнің  педагогикалық  қабілетінің  орны  үлкен,  өйткені  педагогикалық  іс-
əрекеттің үлкен шығармашылық əлеуеті бар, сондықтан оны жүзеге асыруда арнайы қабілет керек, қабілет 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп жəне дене мəдениеті» сериясы, №3 (22),2009ж. 
 
 
 
 
 
 
 
57
көпшілік  жағдайда  іс-əрекеттің  нəтижелі  болуын  анықтайды.  Мұғалім  тұлғасы  іс-əрекеттің  құрылымын 
бейнелей  отырып,  қасиеттер  мен    сипаттамалардың  жай  жиынтығы  емес,  кəсіби  жəне  танымдық 
бағыттылығы  бар  біртұтас  құрылым  болып  табылады.  Педагогикалық  іс-əрекет  аясында  мұғалім 
оқушымен қарым – қатынас процесінде ғылым əлемін байланыстырушы роль атқарады. Ендеше мұғалім 
білім  мазмұнын  бере  отырып,  ұжымдық  субъектілердің  іс-əрекетін  жеке  субъектілердің  жеке  əрекетіне 
айналдыру процесін ұйымдастырады, сөйтіп жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді. 
Сонымен,  педагогикалық  іс-əрекет – педагогтың  білім  мазмұны  мен  оқушылардың  іс-əрекетін 
ұйымдастырудағы белсенділігі, ол адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.  
 
 
1.  Бержанов Қ., Мусин  С. Педагогика тарихы. - Алматы, 1984. 
2.  Бұлақбаева М.К., Педагог мамандығына кіріспе. – Алматы, 2005. 
3.  Қоянбаев Р.М., Ыбыраимжанов Қ.Т. «Педагогикалық сөздік». -Түркістан, 2006. 
 
Резюме 
     Статья  посвящена  актуальной  проблеме  воспитания  в  педагогической  деятельности. 
Рассмотрены  некоторые  вопросы  возникновения  и  развития  истории  воспитательного  аспекта  в 
педагогической науке.Также в статье рассмаривается роль педагога в учебно-воспитательном процессе.  
       
Summary 
        The article is devoted to uctual problem of bringing up in pedagogical activity. The questions related 
to the formation and the development of history of educational aspect in pedagogical science was analyzed as 
well.  The an tide also of served the role of the teacher in educative teaching process. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет