Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата03.03.2017
өлшемі4,31 Mb.
#7230
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Резюме

 

В  статье  рассматривается  проблемы  методики  и  средства  контроля  знаний  при  дистанционном  обучении. 

Анализированы  современные  платформы  дистанционного  обучения  и  системы  тестирования,  применямые  в 

настоящее время в дистанционном обучении.

 

Summary

 

Describes  a  problem  in  the  Microsoft  Knowledge  management  tools  and  techniques  for  distance  learning.  Analyzed 

modern platform for distance learning and system testing, primenamye currently in distance learning.

 

 



ӘОЖ(УДК) 54:373.1

 

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ХИМИЯ САБАҒЫНДА



 

ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІКТЕРІ 

Ж.Қ. Қуанышева – п.ғ.к., ҚызМемПУ, химия кафедрасының аға оқытушысы

 

Қазіргі  кезде  бүкіл  әлемде  болып жатқан  ғылыми  техникалық үрдістер  мен  қайта  құрулар ақпараттық-



комуникациялардың  қарқынды  дамуына  байланысты.  Сондықтан  қазіргі  білім  беру  саласында  өмір 

ағымына сәйкес оқытудың озық технологияларын оқып-үйреніп меңгермейінше, жоғарғы сапалы - сезімді, 

білікті  және  білімді,  сауатты  кәсіби маман  болу  мүмкін  емес.  Бүгінгі  тәуелсіз  еліміздің  болашағы  мектеп 

қабырғасында  тәрбиеленіп,  ауқымды  жан-жақты  білім  нәрімен  сусындаған  жас  ұрпақтың  тәжірибесіне 

байланысты. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де коршаған әлемді танудың табиғи 

құралы  болып  табылады.  Олай  болса,  барлық  сабақтарды  компьютердің  қуаттауымен  жүргізуді  үйрену  - 

бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. [1]

 

«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру 



керек»  -  деп  Мағжан  Жұмабаев  айтқандай,  оқыту  үрдісіне  жаңа  көзқараспен  қарау  керек.  Сол  себептен 

жаңа  технологияларды  енгізу  аркылы,  оқу  үрдісінің  деңгейі  көтеріледі,  қазіргі  заман  талабына  сай 

дамыған тұлға тәрбиеленеді. [2]

 

Жылдан  жылға  білім  беру  ісі  ерекше  қолға  алынып  отыр.  Мектептерде  жаңа  бағдарламалар, 



технологиялар пайдаланылып жүр.

 

Осы  уақытқа  дейінгі  білім  беру  саласында  тек  мұғалімнің  айтқандарын  немесе  оқулықты  пайдалану 



қазіргі  заман  талабын  қанағаттандырмайды.  Сондықтан  казіргі  ақпараттандыру  қоғамында  электронды 

оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

 

Жаңа технология әдістеріне жататын электрондық оқулықтар қазіргі оқу үрдісіндегі ең маңызды орынға 



ие  болып  отыр.  Білім  беру  жүйесінде  электронды  оқулықтарды  пайдаланып,  үлкен  табыстарға  жетуге 

болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі - пәндік 

білім.  екіншісі  -  компьютерлік  білім.  Электронды  оқулық  оқушының  өз  бетінше  шығармашылық  жұмыс 

жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді.

 

Электрондық  оқулык  -  бұл  мультимедиялык  оқулық,  осы  себепті  электронды  оқулықтың  кұрылымы 



жана деңгеиде болуы қажет. Электрондық оқулықтың ең қажетті элементі - аудиохабар мен видеолар болып 

табылады.  Мультимедиялык  электронды  оқулықта  берілетін  материалдар  суреттер,  кестелер,  сұлбалар 

арқылы оқушылар тез ұғынып, керек болса, ақпараттық дискетке, бейне таспаға көшіріп алып, өз бетінше 

оқуға мүмкіндік береді.

 

Мультимедиялық кешен мәліметтерді, дыбыс, анимация және графикалық бейнелерді біріктіріп, оларды 



аналогтық түрден сандық түрде және керісінше сандық түрден аналогтық түрге ауда – 

 

 



 

 

 



58 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

руға мүмкіндік беретін көп функциялы технология. [3] 

 

Компьютерлік мультимедиямен өткізілген әрбір сабақтан соң окушы тест, бақылау жүмыстары арқылы 



өз  білімдерін  бекітеді.  Бала  өз  білімін  өзі  тексере  алады.  Бұдан  соң  оқушының  өз  бетінше  оқуға 

қызығушылығы артады, білімін көтеруге ұмтылады. Ж.Аймауытовтың: «Баланың ынтасын  арттыру  үшін, 

оқытатын  нәрседе  бір  жаңалық  болу  керек»  деп  айтқанын  ескерсек,  танымдық іс-әрекеттердің қозғаушы 

күші,  қызығушылықты  тудыратын  -  компьютердің,  электронды  оқулықтың,  интерактивті  тақтанын  рөлі 

оқушылар  үшін  ерекше  екені  белгілі.  Сабакта  жиі  қолданылатын  графикалық  (сызба,  кесте, 

диаграммалар),  бейнелеу  (фото,  картина,  сурет,  кинолар),  табиғи  (зат  пен  құбылыстың  суретін  көрсету), 

түрлі көлемдегі көрнекіліктерді компьютерде көрсетудің ауқымдылығы мен тиімділігі оқулық пен танымдық 

үрдіске жаңа сипат береді. [4]

 

Химия  пәні  экспериментальды  ғылым  болғандықтан,  көптеген  тәжірибелер  жасауға  тура  келеді.  Бұл 



әдістің  тиімділігі  химиялық  реактивтерді  үнемді  пайдалануға  септігін  тигізеді.  Оқушылардың  таным 

деңгейін  дамытуға  теориялық  білімнің  эксперимент,  тэжірибе  арқылы  бекітілуіне  үлкен  рөл  атқарады. 

Электрондық  оқулыққа  оку  технологиялары  жинакталған.  Мысалы:  ойын  арқылы  оқыту,  блокты  оқыту, 

тірек-сигналдар  арқылы  оқыту.  Электронды  оқулық  арқылы  оқушы  көптеген  қосымша  мағлұматтар  ала 

алады. Осы алған мәліметтерді компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды.

 

Химия пәні бойынша сапалы білім беріп, ой-өрісін кеңейтуде бейнефильмдердің маңызы ерекше. Негізгі 



жалпы білім көлемінде мектеп оқушыларына бағдарлама бойынша жалпы білім беретін пәндерге аз уақыт 

бөлінетін  болғандыктан.  уақытты  үнемді  пайдалану  мақсатында  техникалық  кұралдармен  жабдықталған 

оқыту  кабинетінде  мультимедиялык  компьютер,  проектордың  көмегімен  сабақта  өткен  тақырыптарды 

кайталау,  окушылардың  білімін  ұштау,  дамыту  мақсатында  жаңа  технологиялық  әдістерді  қолдануға 

мүмкіндік бар.

 

Қазіргі кезде көптеген оқу орнында оқушылардың қызығушылығын толық есепке ала отырып, химиядан 



тереңдетілген бағдарламалар бойынша саралап оқыту жүзеге асырылуда.

 

Енді электронды оқулықпен өтілетін химиялық тест тапсырмаларына тоқталайық. Электронды оқулық 



жүктелген  кезде  гипермәтін  арқылы  жүзеге  асады.  Білім  алушы  әр  берілген  теориялық  түсінік  арқылы 

қысқаша  анықтама  алады.  Окулыктың  бірінші  бетінде  мазмұны  көрсетілген,  химиялық  негізгі 

түсініктемелеріне,  химиялық  формулалар  мен  тендеулерге,  реакциялардың  жіктелулеріне  және  т.б. 

теориялық түсінік беріледі. Әр бөлім бойынша берілген тақырыптарды тестілеу әдісімен тексеруге болады. 

Тексеріп  кана  қоймайды  және  нәтижесін  де  ала  алады.  Берілген  тесттік  тапсырманын,  45-не  дүрыс  жауап 

берсе  5-тік  балмен,35-не  жауап  берсе  4-тік  балмен,  25-не  жауап  берсе  3-тік  балмен,  25-тен  төмен  жауап 

берсе 2-лік бағамен бағаланады. [5]

 

Әрбір  сабақ  мұғалімнің  шығармашылық  жұмысы.  Сондықтан  да  әр  сабақты  оқушылардың  есінде 



қалатындай  етіп  түрлендіріп  отырған  жөн.  Қазіргі  ғылым  мен  техниканың  дамыған  заманында 

оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, 

ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберлігін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық қүралдарды 

іздестіру  және  оны  пайдалана  білу  мақсатында  жаңа  технология  әдістерін  тиімді  пайдалану  -  ұстаз 

шеберлігінің белгісі.

 

Осы  бағытта  8-сыныпта  өткізілген  «Негіздер,  олардың  құрамы,  жіктелуі,  физикалық,  химиялык 



қасиеттері,  қолданылуы»  атты  электронды  оқу  жүйесін  пайдалану  сабағы  келешекте  қоғамдық-

гуманитарлық  бағытты  таңдайтын  окушылар  үшін  өз  беттерімен  ізденушіліктерін  арттырып,  сөйлеу 

шеберліктерін  дамытады.  Электронды  окулык  оқушылардың  белсенділігін,  білім  сапасын  заман  талабына 

сай дамытып, окушыны талдауға, салыстыруға, танымдық қабілетін тануға ұмтылдырады.

 

Оқушыларға заттың кұрамы мен қасиеттерін салыстырып, негіздің ортақ касиеттерін және суда еритін 



негіз  бен  суда  ерімейтін  негіздердің  өздеріне  тән  қасиеттерін  ажырата  білу,  алган  білімдерін  одан  әрі 

дамыту  міндеті  қойылды.  Алдымен  ерімейтін  негіздердің  алынуы,  сілтілердін  индикатор  түсін  өзгертуі, 

бейтараптану  реакциясы  тәжірибелері  орындалды.  Барлық  тәжірибелердің  бейнесі  электронды  кітапша 

бойынша  әр  окушының  алдында  компьютердің  мониторында  көрсетіліп  тұрса,  дыбысы  колонкалар 

арқылы естіледі. [6]

 

Оқушыларды  ұйымдастырып  болған  соң  бес  минуттық  бакылау  диктанты  алынады.  Тапсырма  әр 



оқушының алдында компьютерге енгізілген. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, сол тақырыпқа  

 

 



 

 

 



59 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

байланысты белсенділік тудыратын сұрақтар қойылады. Одан кейін сілті, негіз ұғымдары таныстырылып, 

олардың барлық қасиеттеріне тоқталады. 

Күйдіргіш сілтілер, қағаз индикаторлары және суда ерімейтін негіздер сөз етіліп, тәжірибе жұмыстары 

кезіндегі  сақтық  ережелері  айтылады.  Электронды  оқулықтан  химиялық  қасиеттеріне  байланысты 

тәжірибелердің бейне көріністері бөлімін басу арқылы көре алады. Бұл жерде бейтараптану рекациясына 

толық  тоқталу  қажет.  Негіздердің  суда  еритін,  ерімейтін  түрлеріне  тән  қасиеттері  мен  қолданылуы 

түсіндіріледі.  Сабақ  қорытындыланғаннан  кейін  бекіту  сұрақтары  электронды  оқулықтағы  күрделілігі 

үшінші деңгейлі есептер орындау арқылы жалғасады. 

Оқыту  мақсаты  біл ім  талабына  сай  жүргізіліп,  қорытынды  беріледі.  Негіздер  туралы  түсініктің 

қалыптасуы бүкіл сабақ бойы көрініп, жоспар толығымен орындалады. 

Заман  талабына  сай  жас  ұрпаққа  сапалы  білімді  беруде  электрондық  оқулықтарды  химия  сабағында 

пайдалану  -  оқытудың  жаңа  технологиясының  бір  түрі  ретінде  қарастыруға  болады.  Электронды 

оқулықтар  арқылы  химия  сабағында  сирек  кездесетін  элементтердің  суретін,  бейне  файлдар  арқылы 

зертханалық жұмыстардың калай жүретінін көруге болады. 

Білім берудің тиімді әдістерінің бірі - электронды окулық екенін мойындаймыз. Себебі, әр оқушының 

өзіндік  жұмыс  жасауына,  іс  жүзінде  көре  алмайтын  тәжірибе  жұмысын  компьютер  арқылы  орындай  да 

алатыны қуантады. 

Жаңа  технологиялар  -  педагогтың  мүмкіндігін  күшейтетін  құрал,  бірақ  ол  мұғалімді  алмастыра 

алмайды.  Компьютердің  сызбалық  мүмкіндігін  молдығы  дәрістік  эксперимента  бояулы  суреттермен, 

сызбалармен, кестелер мен байыта түсуте жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады. 

Заман талабына сай технологияларды шәкірттеріміздің тиімді пайдалана алуы болашақтың өркендеуін 

білдіреді.  Бәсекелестікке  қабілетті  шетелдік  білім  жүйесінен  қалыспайтын  жас  ұрпаққа  білім  беру 

жолындағы ортақ міндетті өз деңгейінде жүргізу кажет деп ойлаймыз. 

 

 

1. Қыстаубаев Е. Ақпараттық технологияны пайдалану // Химия мектепте. -№3. 2010. 



2. Курдюшова Т.Н.  Компьютерная  технология  обучения  химии:  достоинства  и  недостатки. //Химия в 

школе. -№8. 2002. 

3. Химия,  экология  пәнін  оқытуда  компьютерлік  жүйесінің  кейбір  элементтерін  қолдану.  //  Жоғарғы 

оку  орнында  білім беруді ізгілдендіру және  жаңа технологияларды  енгізу  мәселелері  (III  оқу-әдістемелік 

конференция). - Аңтөбе, 2003. 

4. Әбселемова А. Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі - Қазақстан мектебі-№11-12. 2002. 

5. Атабаева Г. М. Химия пәнінде жаңа технологиялық әдістерді қолдану - Қазақстан кәсіпкері. №6 2007. 

6. Искакова 3. Электрондық оқулық // Химия мекепте, №3, 2007. 

Резюме 

В статье рассматриваются особенности и эффективность применение электронных учебников на 

уроке химии. 



Summary 

In article features and efficiency application of electronic textbooks at a chemistry lesson are considered. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

60 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

ӘОЖ 378.016.091.26:004(574)

 

 

   



 

ИНФОРМАТИКАДАН АШЫҚ ТЕСТ ТАПЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ 

 

А.Е. Сағымбаева п.ғ.д., профессор Абай атындагы ҚазҰПУ



 

Білімді бақылау және оқушылардың біліктілігі нәтижелі оқу үдерісінің міндетті шарты болып табылады. 

Мұғалім информатикадан оқушының білімін бақылауды ұйымдастыру кезінде:

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды;



 

информатика курсы мазмұнының ерекшелігіне сәйкес бакылау түрі мен әдісін бөліп алуды;

 

бақылау тапсырмаларын жасағанда оқушының жеке тұлғалык ерекшеліктерін есепке алуды;



 

нормативті-технологиялык  және  жеке  тұлғаға  бағдарланған  әдістің  бірдейлігін  қамтамасыз  етуді 

есепке алуы қажет.

 

Информатикадан білімді бақылаудың дидактикалық ұстанымдарын қарастырайық.



 

Түсініктілік ұстанымы. Негізгі анықтаманың бірі - мұғалімнің ұғымды хабарлау жылдамдығына сәйкес 

оқушының сол ақпаратты қабылдау жылдамдығының үндесуі;

 

информатиканы  оқыту  барысында  оқушыларды  бәрінен  бұрын  оқу  материалын  түсінуге,  жаттап 



алмауға бағыттау үшін проблемалық жағдайлар қоя отырып меңгерту;

 

«қарапайымнан - күрделіге», «жеңілден - ауырға», «белгіліден - белгісізге» сияқты ережені сақтау, бұл 



қағиданы басшылыққа алу тұрақты болмайды, өйткені индукция мен дедукцияның байланыста  жүретінін 

ескеру керек.

 

Жүйелілік  және  бірізділік  ұстанымы.  Информатиканы  оқыту  үдерісіндегі  сабақтастық  білім  беру 

жұмысын тиімді жоспарлауға байланысты болады.

 

Нэтижелілік  және  сенімділік  ұстанымы.  «Оқушылардың  ұмытып  кетуін»  болдырмау,  ол  үшін  есте 

сақтау  тапсырмаларын  беру,  оқушылардың  маңызды  ақпаратты  жазуын  тексеру,  логикалық-құрылымдық 

кестелер жасату;

 

оқушылардың әртүрлі өздік жұмысын орындауын талап ету және жүйелі түрде қайталау.



 

Беріктілік  жэне  қолданбалы  багдарлық  ұстанымы.  Информатика  пәнінен  оқушыларды  даярлаудьң 

негізгі  критерийі  —  өздері  меңгерген  іргелі  білімін  практикалық  сипаттағы  міндетті  шешуде  қолдана 

білу.

 

Көрнекілік ұстанымы. Көрнекі құралдарды пайдалану үстінде оқушылардың ынтасын жоғалтып алмау 



үшін демон-страциялық материалдарды, жабдықтарды үйлесімді пайдалану.

 

Саналылық және  белсенділік  ұстанымы.  Оқушылардың алдына  қойылған  оқу  міндеттерінің  мағынасы 

айқын  болуы  керек,  олар  оқытудың  мақсатын  түсініп,  сабақ  алдында  мәселе  қойып,  олардың  бұрынғы 

білімдері мен тәжрибесін тірек ете отырып еткізу қажет.

 

Дара және топпен оқытудың бірлігі ұстанымы. Оқушының сабақта жеке қабылдауын есепке алу керек 

(дағды  мен  білімнің  коры,  жаңа  материалды  қабылдау  икемдігі  және  оны  ой  елегінен  өткізуі,  түрлі 

есептерді  шығару  үстінде  алған  білімін  қолдана  алуы,  жалпылау  біліктілігі,  жаңа  материалдағы  негізгі 

белгілерді анықтау).

 

Жоғарыда  аталған  ұстанымдар  негізінде  мектеп  информатика  курсы  бойынша  ашық  тапсырмаларды 



құрастыру кезеңдері 1-кестеде көрсетілген. 

 

1-кесте. Мектеп информатика курсы бойынша ашық тапсырмаларды құрастыру кезендері 



 

 

Педагогикалық міндеттер 



Оқу міндеттері 

Оқушының интеллектуалдық дамуына бағытталған міндеттер 

Шығармашылық ойлауын 

дамыту 


Үйренуі керек: 

шешудін,    жолын    табуды,    ұсынылған 

шешімдерден  керегін  таңдай  білу,  шешу 

жоспарын жасау, жауабын бағалау 



Дамыту керек: 

тапқырлық, дербестік, 

сыни ойлау 

Танымдық 

ойлауын жетілдіру 

шешудің  бірнеше  мүмкін  жолын  табу, 

өзінің  мінез-кұлкын  бақылау,  талдау 

(бөліктерге   бөлу).   бөліктерден  бүтінді   

кұру,  талқылау,  ой  жүгірту,  логикалык 

ес,   ынта,   елестете   білу, 

қиялдау, қабылдау 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

Оқу 


Танымдық және оқу 

дағдысын дамыту 

сұрақ кою. жауабын тұжырымдау, корытынды жасай алу, ойын жүйелі 

баяндау, тез, түсініп оқу, көркем, сауатты жаза білу 

Оқушыныц мотивациялык дамуына бағытталған міндеттер 

Оқушының зейінін басқару 



Үйрету керек: 

ырықсыз   зейінін   басқару,   зейінді   тұрактандыру,   ырықты   зейінді 

басқару, з ейі ні н бақылау 

Оқу әрекетінің мәнін ашу 

білімнің кажеттілігін тусіну және әрекет тсілдері, білімнің 

кұндылығын сезіну, білімді бағалауда дербестігін дамыту 

Мотивациялық қажетті 

жайларды өзекті ету 



Үйрету керек: 

ырықсыз мотивацияны дамыту: 

Қызығушылық, ұйымшылдық, белсенділік, әуестік, құмарлық 

Оқушылармен бірге әрекеттің 

мақсатын талдау 

Үйрету керек: 

оқу міндетін қабылдауды, өз бетінше оқу міндетін коюды, өз алдына 

оқу міндетін қою қажеттілігін сезіне білуі керек 

Алдағы  міндетін  окушының 

табыспен  орындауын   

қамтамасыз ету 



Үйрету керек: 

өз бетінше оку міндетін тұжырымдау, шешімін табуды ұйымдастыру, 

шешу тәсілін тусіндіру, шешу тәсілін бағалау                                     < 

Оқу әрекеті үстінде 

оқушыларды қолдау 

Үйрету керек: 

кері байланысты колдана білу, 

өзара көмек пен өзара тексеруді ұйымдастыра білу 

Әрекет нәтижесін бағалау 

үдерісі 

Дамыту: 

оқу міндетін бағалаудағы дербестік, шешімді бағалаудағы әділеттілік, 

катені түзеуге ұмтыла білу 

Оқушының сезімін дамытуға бағытталған міндеттер 

Өзінің сезім күйін түсініп, 

оны басқара білу 



Үйрету: 

бірге ренжіп, куану, сезім куйіне қарай ұстамды болу, көңіл-күйін 

котере білу 

Оқушының ерік-жігерін дамытуға бағытталған міндеттер 

Мақсат койып және еркін 

дамытуға қалыптастыратын 

біліктілік 

Үйрету: 

оқу қызметінде алдына максат кою, ұсынылған максаттардан таңдай 

алу, қойылған максаттарды толықтыру, төзімді болу, табанды болу, 

дербестікке үйрену 

1.  Ашық  тест  тапсырмаларының  білімдік  мәнге  ие  түрлері  алынып,  оқушылар  эвристикалық 

тапсырмалар орындайды. 

2.  Оқушылардыңтапсырманы  орындау  үдерісінде  эвристикалық  тәсілдің  қолданылуы,  алдынала 

шамамен  белгіленеді.  Эвристикалық  тапсырма  ретінде  оқушылардың  сол  және  баска  тапсырманы 

шығарудың саны көбірек тәсілдерін табуды ұсынуға болады. 

3.  Эвристикалық  тапсырма 

жалпылама 

құрылымдық 

түрде 

жазылады. 



Ашық 

тапсырманы 

тұжырымдауда  оның  нысаны,  оқушы  әрекетінің  болжамды  түрлері  күтілетін  білімдік  өнім  мен  оның 

түрлері ретінде анықталады. 

4.  Тапсырманың  мәнін  оқушы  үшін  қызғылықты,  тартымды,  түсініктілігін  ескере  отырып 

құрастырылып  өңделеді.  Негізгісі  -  тапсырманың  қызғылықтылығы  информатика  саласында  даярлаудың 

кез келген деңгейінде оқушылардың қабілетін көрсету мүмкіндігін ашу керек. 

5.  Тапсырманың аталуы (номинациясы) анықталады. (мұнда нысан ретінде әрекет түрі көрінуі    мүмкін). 

Бұған  екі  жағынан  келуге  болады:  тапсырманың  атауы  бірінші  анықталады,  ал  тапсырма  соның  негізінде 

құралады; алдымен тапсырма кұрастырылып, сәйкес келетін атау іздестіріледі.                Мынандай тәсілді 

қолдану  тиімді:  өзіндік  ерекшелігін  ескере  отырып,  жас  ерекшелігіне  қарай  бала  топтары  үшін 

тапсырманың  бірнеше  үлгіде  жасалуы  бір  номинация  алады.Тапсырманың  жасалу  формасы  әртүрлі 

әрекеттің  түрлерімен,  оқушының  жасайтшын  білімділікк  өнімінің  әр  түрлі  деңгейімен  (не 

көлемімен)ерекшелінуі мүмкін. 

 

 

 



62 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

6.   Тапсырманы  орындауды  бағалау  белгілері  жасалады.  Яғни  оқушының  білімдік  өнімі  қандай 

параметрлерде бағаланатыны анықталады. Шығармашылык жұмысты бағалаудың әмбебап белгілері ретінде 

мыналарды  бөліп  көрсетуге  болады:  дүниетанымының  терендігі,  көпнұсқалы  амалы,  тапсырманың 

шартымен сәйкестік, нәтижені ұсыну түрінің бірегейлігі және т.б. 

Жоғарыда  ұсынылған  кезендердің  жүзеге  асу  реті  басқаша  да  болуы  мүмкін,  олардың  болуы 

эвристикалық тапсырманы сапалы құрастыру үшін жағдай туғызады,

 

1.  Сагымбаева  А.Е.  Информатика  мұғалімдерін  окушылардың  білімін  бақылау  мен  бағалауга  дайындау. 



Монография. - Алматы, 2009. - 223 б.

 

Резюме



 

В  статье  рассматривается  этапы  конструирования  открытых  тестовых  заданий  по  информатике.  Рассмотрены 

дидактические принципы контроля знаний по информатике.

 

Summary

 

In article stages of design of the open test tasks on computer science are considered. Didactic principles of the control of 



knowledge on computer science are considered.

 

 



 

УДК 91.504.574

 

УЧЕБНО-ПОЛЕВАЯ ПРАКТИКА ПО КУРСУ ГЕОГРАФИЯ ПОЧВ  

Г.П. Илюхин профессор КазНПУ им. Абая

 

  География  почв  является  наукой  многогранной  -  тесно  связанной  со  многими  естественными 



дисциплинами  -  почвоведением,  геологией,  землеведением,  климатологией,  картографией,  ботаникой, 

зоологией, физиологией, химией, микробиологией, физикой, информатикой и т.д.

 

Учитывая  сложность  формирования  почвы,  она  выделена  в  особое  природное  тело,  обладающее 



качественно  новым  признаком  -  плодородием.  Это  свойство  определило  ее  главное  место  в 

жизнедеятельности человека - обеспечение всех живых организмов на планете продуктами питания, средой 

обитания и т.д.

 

Особое  внимание  в  пособии  уделено  вопросам  формирования  почвы  и  в  том  числе  на  ограниченной 



территории,  где  не  всегда проявляются все  семь  факторов почвообразования,  что  очень важно наблюдать 

начинающему исследователю. Достаточно подробно изучаются физические и химические свойства почвы: 

механический  состав  почвы,  ее  структура,  сложение,  цвет,  генетические  горизонты  и  их  мощность. 

Большое  значение  для  характеристики  почвы  имеют  определения  ее  воздушных,  тепловых  и  водных 

свойств, где предпочтение отдано полевой влажности почвы, т.к. по ее показателям, возможно, рассчитать 

количество  доступной  и  недоступной  для  растений  влаги,  а  также  установления  биомассы  травянистой 

растительности  и  ее  видового  состава.  По  этому  показателю  можно  судить  о  возможных  накоплениях 

органического  вещества  в  почве.  Из  химических  свойств  почвы  в  полевых  условиях  возможно 

определение  кислотности  почвы,  засоленности  -  хлоридами,  сульфатами,  содой.  Наличие  карбонатов  - 

определяется  по  вскипанию  почвы  в  горизонтах  от  действия  соляной  кислоты.  Используя  разную 

растворимость гумусовых веществ — в воде, основаниях и кислотах устанавливают наличие фульвокислот 

и гу-миновых кислот.

 

Выполненные подгруппой студентов указанные исследования оформляются в виде группового  отчета, 



который защищается в последний день практики и сдается преподавателю вместе с дневником, оценивается 

зачетом.


 

Учебно-полевая  практика  по  курсу  География  почв  является  необходимым,  завершающим  звеном  в 

изучении теоретических и лабораторных основ дисциплины, позволяющая студенту применить на практике 

полученные знания, а также использовать их в дальнейшей работе учителя или научного сотрудника.

 

Согласно  новому  общеобразовательному  стандарту  образования  по  специальности  5В011600  - 



География, на изучение предмета «География почв», выделено 2 кредита (90 часов), на учебно –  

 

63 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж. 

полевую практику-1  неделя в летний прсдсессионный период второго семестра. Численность студентов 

на занятиях - одна подгруппа (12-15 человек).

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет