Түйін
Географиялық орын – халықтын және шаруашылықтын қауіпті табиғат жағдайларға тәуелді
факторы ретінде. Мақалада географиялық орынға байланыстықауіпті табиғат жағдайлардың халыққа
және шаруашылыққа әсер тигізу мүмкіншілігі ретінде көрсетілген.
Summary
Geographical position - as a factor of vulnerability of the population and economy of the region to
natural hazards.The article discusses the role of geography in public exposure and economic hazards of nature.
8
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж.
ӘОЖ: 502:639.1.055.36(574) (1-751 -2) С 32
«АҚТАУ-БОЗАЩЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚАУМАЛЫ
БИОРЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
A.M. Сергеева - доцент, г.ғ.к., Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
Ақтау-Бозащы жері қазіргі ботаникалық-географиялық аудандастыру бойынша Сахара-Гоби шөлі
облысының Солтүстік Тұран провинциясы құрамына кіреді. Қорық шел аймағының Үстірті және
Маңғыстау өңірінің түйіскен жерінде орналасқан. Актау-Бозащы қаумалының көп бөлігі Тұран
ойпатының солтүстік аймақ тармағындағы жусанды-сораң шөлінен оңтүстік аймақ тармағындағы
эфемерлі-жусанды шөлге ауысуы байқалады.
Ақтау-Бозащы қаумалы - республикалық мәні бар зоологиялық қаумал. 1982 жылы Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданында ұйымдастырылған. Қаумал ауданы 170000 га-ды қамтиды, ол оңтүстік-батыс
шетінде Бозащы түбегімен, батыс бөлігінде Солтүстік Ақтау кырларымен, оған солтүстікте екі жағында
да Қошақ шығанағымен теңіз жағалауларының тегістігімен шектескен жерде орналасқан. Жер бедері
құм төбелі, бұйратты, сортаңды, шағылды, сорлы болып келеді. Сонымен қатар қайраңды тегіс алқаптар
да кездеседі. Геологиялық кұрылымы және беткі жамылғысының құрамы бойынша каумал аумағы екі
геоморфологиялық ауданның: Бозащы және Таулы Маңғыстаудың түйіскен жерінде орналасқан.
Бозащы (Солтүстік Маңғыстау) түп өңірі оңтүстігінде Солтүстік Ақтау куэсталарымен шектелсе,
шығысында үлкен сорлар арқылы Үстірт шыңдарына тіреледі, ал солтүстігі батыстың солтүстік-
шығысын Каспий теңізі қоршап жатыр. Жалпы жер бедерінің құрылысы жағынан уш бөлікке бөлінеді.
Біріншісі - оңтүстік бөлікте, шекарасы Үшауыз-Тиген-Қожақсор арқылы өтеді. Ойпат үсті оңтүстіктен
солтүстікке карай 100 метрден 50 м-ге дейін төмендейді. Жер бедері төбелі болып келеді және ірі
сайлармен тілімденген. Оның ішіндегі ең ірілері - Шорынқапы, Ақсай, Ұзынбас, Құмырасай құрғақ
арналары. Екінші бөлік - түбектің орталық және солтүстік бөлігін алып жатыр. Жер бедері төрттік
дәуірдегі Каспий теңізінің ерте хвалын, кейінгі хвалын, жаңа Каспий теңізінің трансгрессиялары
нәтижесінде қалыптасқан. Теңіз тартылған кезде ескі теңіздік жағалар теңіздік террасаға айналады.
Террасалар төмендегі жазыққа қарағанда көтеріңкі жар арқылы айрықша көрініп тұратын тегістік.
Жарлардың биіктігі 10-15 м болады және жыралармен жиі тілімденген. [1]
Таулы Маңғыстау Бозащы түбегінің оңтүстігінде орналасқан, облыстың ен биік жері болып
есептелінеді. Таулы Маңғыстауда жер бедерінің үлкен үш түрін бөліп алуға болады: 1) Күшті
тілімденген аласа таулар; 2) Куэст типті аласа таулар; 3) Тау алдындағы ойпаттар (аңғарлар).
Күшті тілімденген аласа тауларға Батыс және Шығыс Қаратау, Қаратаушық жоталары жатады. Куэст
типті аласа тауларға Ақтаулар жатады және оның қатарына Қасқыржол жотасын қосуға болады.
Ақтаулар юра-бор жыныстарынан түзілген. Оңтүстік Ақтау да, Солтүстік Ақтау да бір-бірінен сайлар
арқылы бөлінген таулар тізбегі болып саналады.
Солтүстік Ақтау Қаратау жотасын солтүстігінен бойлай, қатарласа созылып жатыр. Ол Таушық елді
мекенінің солтүстік-батысынан басталады. Ұзындығы 95 км. Оңтүстік жағы тік, солтүстік беткейі тегіс
жатаған болып келеді. Биіктігі батысында 220 м, шығысында 300 м. Салыстырмалы биіктігі айналасына
қарағанда 25 метрден (шығысында) 275 м-ге (Құртұрмас жеріндегі Жапырақты тауы, биіктігі 332 м).
Түпқараған немесе Қарағантүп түбектері Каспий теңізіне сұғына кіріп жатқан жатқан, тектоникалық
құрылымы
жағынан
Таулы
Маңғыстаудың
солтүстік-батыс
жалғасы
болып
табылады.
Геоморфологиялық сипаты - көтеріңкі үстірт, теңізге ендеп кіруі 60 км-ге жетеді. Жер бедері жазық,
тегіс, тік жарлы (40-170 м) болып келеді, терең сайлар (каньондар) кездеседі.
Қаумал ауданы флорасында 43 тұқымдас 163 туыстың өзекті өсімдіктерінің 250 түрі бар. Көптеген
авторлардың мәліметтері бойынша, мұнда сүтқоректілердің 50-ден астам түрі тіршілік етеді. [2]
«Ақтау-Бозащы» қаумалы табиғи-экологиялық жағынан нағыз аңызақ шөлді аймақта орналас-
қан. Күні ыстық, жазы ұзақ, жыл бойына түсетін ылғал мөлшері небары 90-140 мм. Топырағы
сорланган, сортаңданған. Қаумал шөл және шөлейтті ландшафтты аймақта орналасқан. Шөл
және шөлейтті аймақ болғанмен, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар «Қызыл кітапқа»
9
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж.
енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді ерекше қоргауға алуға бағытталған мақсатты түрде, күрделі де
қарқынды экологиялық жобамен жұмыс атқарылу жүргізілуде. [3]
«Ақтау-Бозащы» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы биоресурстарының қазіргі жағдайы.
Қаумалдың өсімдік жамылғысына эфемерлер мен аралас жусанды және бұйырғынды-изенді ассоциация
жатады. Жыраларда және шатқалдарда шеңгелдің, шидің тоғайлары кездеседі. Жусанды-сораңды
жамылғысының ішінде қоңыр топырақты бөлігінде жусан, сұр-қоңыр топырақта - сораң басымырақ
таралған. Таулы Маңғыстау мен Бозащыда бұйырғын, изен, мортық, итсигек, адыраспан, тасбұйырғын
өседі. Шала бұталар арасында сораң түрлері (бұйырған, тітір, баялыш, алабота, көкпек, т.б.) жиі, ал
сазды топырақта көбірек өсетін сораң түрі - бұйырғын мен көкпек. Сортаң топыракта сораңданған басқа
сарсазан, ажырақ, шытыр, қарабарақ, т.б. өседі. Мұнда сораң өсімдіктері басым. Өсімдіктер тобының
негізін баялыш, бұйырғын және боз жусан құрайды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта жусанды
және баялышты бірлестіктерді бұйырғындықтар ауыстырады. Оңтүстік бағыттағы жусанды-итсигекті
шөлдерге біртіндеп боялыш пен бұйырғын топтары, ал төменірек жерлерде кау мен қараған, ақтікен
бұталары көптеп араласады. Далаланған аңғарлар, тақырлар мен тау жарнағы өсімдіктері едәуір алуан
түрлі. Олардың кұрамында астық тұқымдастар әдеттегідей, оның ішінде қаулар, сонымен қатар тау
бұталары бар. Тақырлар мен өсімдігі жоқ жерлер, кейде сирек біржылдық өсімдіктері бар шұбар дақтар
кездеседі. Қаумал жерінде Маңғыстауға тән ландшафт пен өсімдік түрлерінің дерлік барлық
алуантүрлілігі кездеседі. Мұнда жонның сазды тасты жерлерінде бұйырғын ак жусанмен (төменгі
жерлерде), сонымен катар түйесіңір мен бұталы шырмауық араласып өскен. Тақырлы сортандарда
бұйырғынға мортық пен Гмелин кермегі араласқан. Ылғалдығы жоғары сазды жерлерде ылғал сүйгіш
шалгын астык тұқымдастарынан ажырак, қазоты, қамыс өседі. Кей жерлерде жантақ пен шеңгел, шидің
нағыз тоғайлары көзге түседі, көбіне жиде, жыңғыл аласа бұгалар түрінде, лианамен шырмалған
түйешырмауық пен жібілген көп кездеседі.
Флорасының негізгі ядросы алабұта тұкымдасы. Тұкымдастардың едәуір ірі туысатары - сораң,
итсигек, балықкөз, бұлар шел жиынтығының бір бөлігі және жалпы флораның қалыптасуына кәдімгідей
әсер етеді. Алуантүрлілігі жағынын ең алдында айқышгүлділер, күрделігүлділер және алабұталар
тұқымдастары (30 түрден), одан кейін бұршақ тұқымдастар (20 түр ), астық тұкымдастар, айлаулықтар
(18 түрден) тұр.
Қаумалда Қазакстан Қызыл кітабына енгізілген, сирек кездесетін өсімдіктердің төрт түрі: кәдімгі
жұмсақжеміс, майда қатыран, хиуа ақсорасы мен берік сүттіген кездеседі.
Қатаң ауа райы жағдайына карамай, қаумалдың жануарлар әлемі бай және алуан түрлі. Көптеген
авторлардың мәліметтері бойынша, мұнда сүтқоректілердің 50-ден астам түрі тіршілік етеді, оның
ішінде сирек кездесетін қызылкітаптық түрлер - шағыл мысығы, сабаншы, қарақал кездеседі. Олардың
ішінде жекелеген түрлері құрып кету каупінде, ал қазақстан және түркімен құлан түршелері жарты
ғасырдан бері Қазақстанның жабайы табиғатында кездеспейді. Сирек кездесетін сүтқоректілер беті
жабыскақ сордан басқа, дерлік барлық биотоптарда кездеседі. Шұбар күзен кеміргіштердің
шоғырланған жерлерінде, қара кірпі жиі тастап кеткен үйлер, қашарлар, мүрделерді қоныстайды.
Көптеген түрлер бұлақтар, құдықтар, уақытша су кездері бар Қарамай тауы мен тік жарларда тіршілік
етеді.
Қаумалда қызылкітаптық түрлерден басқа, құмтышқандар (үлкен, сәске, қызылқұйрық, жыңғыл),
соқыртышқан, қосаяқтар (кіші, Северцов, секіргіш, үлкен, тақылдағыш), саршұнақтар (кіші, зорман),
ақбөкен, құм қояны және басқалар әдеттегі түлдер болып саналады. Аталып өткен сүтқоректілердің
басым көпшілігі шөл таралу аймағынан, тек екі түрі (жабайы қой мен күзен) далалы аймақтан.
Қаумалға белсенді жыртқыштардан - қасқыр, түлкі, қарсақ, шибөрі кіреді. [4]
Қаумалға жылдың әр мезгілінде келетін 300-дей құс түрінен 52 құс түрі ғана ұялайды. Қызыл кітапқа
енгізілген, сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлер ерекше назар аудартады. Негізінен бұлар
жыртқыштар: дала қыраны, қаракұс, ителгі, үкі. Қаумалда ең саны көп - бозторғайлар. Әсіресе сұр және
кіші түрі саны жағынан қалған барлык құстан асып түседі. Қаска, шел және биші шақшақайлар да
әдеттегі құстар болып табылады. Қаумалда жиі кекілік пен көк кептерді, сирек құзғын мен құмайды
кездестіруге болады. Көктемгі және күзгі қоныс аудару кезінде құс фаунасы ең көп алуантүрлілікте
болады, ұялайтын түрлерге 170-тей құс түрі келіп қосылады.
10
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж.
1-кесте. «Ақтау-Бозащы» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалындағы жануарлардың сирек
кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің тізімі
№
Жануарлардың сирек кездесетін және
жойылып бара жатқан түрлері
№
Жануарлардың сирек кездесетін және
жойылып бара жатқан түрлері
1
Құлан - Equus hemionus onager
13
Аққұйрықты субүркіт- Haliaeetus
albicilla
2
Үстірт тау қойы - Ovis oriental is
14
Қыран - Circaetus gallicus
3
Қарақұйрық - Gazella subgutturoza
15
Ителгі - Falco cherrug
4
Қарақал - Lynx caracal
16
Түйғын - Pandion haliaetus
5
Сабаншы- Felis manul
17
Сүңқылдақ аққу - Cygnus cygnus
6
Шағыл мысығы - Felis margarita
18
Қоқиказ - Phoenicopterus roseus
7
Безгелдек - Otis tetrax
19
Қызғылт бірқазан - Pelecanus
onocrotalus
8
Қарабауыр бұлдырық- Pterocles
orientalis
20
Бұйра бірқазан - Pelecanus crispus
9
Жек дуадақ - Chlamydotis undulata
21
Кішкене суқұзғын - Phalacrocorax
pygmaeus
10
Бүркіт - Aquila chrysaetos
22
Кішкене аққұтан - Egretta garzetta
11
Дала қыраны - Aquila rapax
23
Қалбағай - Platalea leucorodia
12
Қарақұс - Aquila heliaca
24
Қарабай - Plegadis falcinellus
25
Қылаң қарабас шағала - Larus ichthyaetus
Қаумалда бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, мекендейді. Жылтырауык және тарақсаусақты
жармасқылар құмда, тасты баурайлар жырасында және Қарамай тауында тіршілік етеді. Кесірткелер
(шапшаң, орташа, түрлі түсті) қатты топырақты жерлерді ұнатады. Дала ешкіемері құмда және қиыршық
тасты жазықтықтарда мекендейді. Ешкіемер тұқымдасының басқа өкілдері арасында батбаттың 4 түрі
бар. Қазакстандағы батбаттар ішіндегі ең ірісі - құлақты батбат, сонымен қатар дене мөлшері орташа
құм батбаты құм арасында, ал тақыр және торлы батбаттар үстірттің шағыл тасты-сазды жерлерінде
тіршілік етеді. Жыландардан қаумалдың құмды сайларынан түрлі түсті қарашұбар, оқжылан,
қылқантұмсық жыланды кездестіруге болады. Бұлақтар мен құдықтар қасында су жыланы кездеседі.
Төрт жыланды қарашұбар жылан Арал-Каспий су айрығы және солтүстік Арал маңы эндемигі, Қазақстан
Қызыл кітабына енгізілген, әдетте негізгі қорегі болып табылатын құмтышқандар тобы маңында
тіршілік етеді. Бұл жылан күндіз де, ымыртта да белсенді. Оған тән ерекшелік - ұрпағына қамқорлық
жасау, яғни оларды жауынан қорғайды. Тасбақа қаумалдың барлық жерінде едәуір ылғалды жерлерінде
қосмекенділердің жалғыз түрі (жасыл құрбақа) кездеседі. [5]
Омыртқасыздар фаунасы, оның ішінде бунақденелілер зерггелмеген. Қазақстан Қызыл кітабына
енгізілген, сирек кедесетін және құрып кету қаупі бар түрлерді атап өту маңызды: қысқанатты боливария
дәуіті, дала шегірткесі, қоңырқанатты шегіртке, дала сколиясы, алып жырткыш шыбын, бөгеті
атрафаксиола, керемет стефаниола, азия стефаниоласы, алау түсті микрозегрис.
Табиғаттың оңтайлы өнімділігін сақтау ландшафттардың табиғи қасиеттері мен оның шаруашылық
қызметі арасындағы сәйкестікті сақтауға бағытталған шараларды әрдайым іске асырып отыруды талап
етеді.
Егер кез-келген қызмет мемлекеттік табиғи-қорық қорының нысандарын сақтауға қатер төндірсе,
мемлекеттік табиғи қаумалдарда мына қызметтерге тиым салынады, оның ішінде:
зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда - жануарлардың өлім-жітімін туғызған немесе туғызуы
мүмкін басқа да әрекеттермен бірдей дәрежеде аң аулауға, балық аулауға, кез-келген тәсілдермен және
құралдармен жабайы жануарларды олжалауға, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін
жерсіндіруге, ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге, жұмыртқа
жинауға; шөптесін өсімдіктерді өртеуге; Маңғыстау облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық
инспекциясының рұқсатынсыз мал бағуға, шөп шабуға және қоған
11
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж.
оруға; Маңғыстау облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтык инспекциясының келісімінсіз
жолдан тыс жерлерде механизациялық көліктермен жүруге; қаумалдың су жағдайын төмендететін
гидротехникалық құрылымдарды жасауға; жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне залал келтіретін улы
химикаттарды, гербициттар мен тыңайтқыштарды сақтау мен пайдалануға; экологиялық жүйеге кері
әсерін тигізетін жаңа технологияны енгізу, орналастыру және қолдану.
Мемлекеттік табиғи қаумалда ғылыми, экологиялық ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі
шаруашылық мақсатында пайдалануға болады. Жер телімдерінің меншік иелері мен жер
пайдаланушылар белгіленген шектеулерді сақтай отырып, мемлекеттік табиғи қаумалдарда
шаруашылық қызметті жүзеге асыруға құқылы. Қаумал аумағында болу, оның жұмыс тәртібі және
рекреациялық жүктемесі Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №175 «Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 69 бабы талаптарына сай рұқсат етіледі. «Ақтау-Бозащы»
мемлекеттік табиғи (зоологиялык) каумалының аумағында төмендегі іс-шараларға тиым салынады
және рұқсат беріледі, тиым салынады:
кәсіптік және спорттық аң аулау мен балык аулауға; жануарларды ұстауға және жоюға, құс ұяларын
бұзуға, індерді және жануарлар паналайтын ыктарды, сонымен қатар қорғалатын жануарлардың өсіп-
өнуіне залал келтіретін, кез-келген іс шаралар жүргізу, өсімдектер өсетін жерлер мен жануарлардың
тіршілік ортасын қорғау ережелерін бұзуға; жылдың кез-келген маусымында мылтықпен және басқа аң
аулайтын құралдармен (мотоцикл, гидроцикл, квадроцикл, пневматикалық және су мылтықтарымен), аң
аулайтын ит пен кұстармен қаумалы аумағында болуға; жануарлар қоректенетін өрістерді, өсімдіктерді,
оттықтарды, тұздыктарды, аншлагтарды және баскадай койылған белгілерді бүлдіруге немесе жоюға;
мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында шаруашылық қызметіне байланыссыз басқа адамдар мен
техниканың болуына.
Қаумал аумағында рұқсат етіледі:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетінің аумактық органының рұқсатымен келушілерге мемлекеттік табиғи қаумалының аумағына
кіруге; мемлекеттік экологиялық экспертизасының қорытындысы мен биологиялық-экономикалық
шешімі негізінде, баска жерге көшіру максатында аулау жолымен жабайы аңдарды реттеуге; ҚР
Ауылшаруашылығы министрлігінің, Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті бекіткен ғылыми
бағдарламалар және жұмыстарға сәйкес жануарларды атуға және ұстауға; ғылыми ұйымдар және
жоғарғы оқу орындарының студенттерінің өндірістік тәжірибесін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын келісілген
тақырыптар бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетімен келісім бойынша өткізуге; экологиялык-ағарту, туристік және
рекреациялық іс-шараларды жүргізуге.
«Ақтау-Бозащы» мемлекеттік қаумалының Маңғыстау облысындағы Түпкараған ауданында құрылуы
үлкен ғылыми маңыздылыққа ие. Аудан аумағы шөл-шөлейтті, сондықтан сирек кездесетін
сүтқоректілердің тіршілік ету ортасы мен қоректенуі; оның ішінде жабайы қой, карақұйрық, киіктер, т.б.
миграциясы мен қоректену ортасына колайлы.
1. Садыков Ж.С., Го.чубцев В.В., Куандыков Б.М. адр. Каспийское море и его прибрежная зона. --Алматы: 1995. -
86 с.
2. Толешов К. Т. Маңгыстауу облысының қоршаган ортаның жайы мен қоргау, сауықтыру шаралары туралы
баяндама. - Ақтау: 2001. - 10 б.
3. Байтенов М.С. Флора Казахстана. Иллюстрированный определитель семейств и родов. Том 1. — Алматы:
«Ғылым», 1998. - 121 с.
4. Гаврилов Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. - Алматы: «Бастау», 1999. - 164 с.
5. Перспективы формирования природно-заповедного фонда Казахстана. -Алма-Ата: «Наука», 1987. -87 с.
Резюме
В статье рассматриваются проблемы развития и особенности индикаторных видов флоры, фауны резервата
«Актау-Бозачи». Характеризуются экологические проблемы резервата и принимающиеся меры защиты.
Summary
In this article are the problems of development and especial ties of the indicate flora types, of the «Aktau — Bozachi»
fauna discussed. The ecological problems of the region and environmental actions are characterized.
12
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж.
ӘОЖ: 574.9 (1-751-2) С 32
«ҮСТІРТ» ҚОРЫҒЫНДАҒЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТАРАЛУ ГЕОГРАФИЯСЫ
A.M. Сергеева — доцент, г.ғ.к., Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
Үстірт қорығы - Қазақстанның батыс аймағындағы ірі қорық. 1984 жылы ұйымдастырылған қорыктың
негізгі мақсаты - шөл зонасының табиғат кешенін табиғи күйінде сақтап қалу. Үстірт қорығының баска
қорықтардан бір ерекшелігі, мұнда табиғи ландшафтың алуан түрі кездеседі. Үстірт жонының ең қиыр
оңтүстігі тақтайдай тегіс қыр бірден бітіп, шың-құзға айналады. Құз етегі Кендірлі сорына ұласады.
Оңтүстіктен солтүстікке қарай созыла жайғасқан сордың батыс жиегін бойлай қүмдар мен тақырлы
тегістіктер кезектесе орналаскан. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ СРО
Министрлер Кеңесі қаулысымен заңды түрде ұйымдастырылды, ал Маңғыстау облысының оңтүстігінде
Ералы ауданында орналасқан (1984). Оның көлемі 223,3 га. Арал-Каспий су айрығының табиғи келбеті
қайталанбас ерекше, онда кең көлемді қиыршық тас-тасты шоқы Үстірт орналасқан.
«Үстірт» мемлекеттік қорығының Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданында құрылуы үлкен
ғылыми маңыздылыққа ие. Аудан аумағы шөл-шөлейтті, сондықтан сирек кездесетін сүтқоректілердің
тіршілік ету ортасы мен қоректенуі; оның ішінде жабайы қой, қарақұйрық, киіктер, т.б. миграциясы мен
қоректену ортасына қолайлы.
«Үстірт» қорығы шөл және шөлейтті ландшафтты аймақта орналасқан. Физикалык-географиялық
аудандастыру бойынша аймақтың басым бөлігі - Маңғыстау үстіртінің оңтүстік шығысы, Қарынжарық
сортанды ойысы, Үстірттің батыс бөлігіндегі қалқан кіреді. Шөл және шөлейтті аймақ болғанмен,
сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді
ерекше қорғауға алуға бағытталған мақсатты түрде, күрделі де қарқынды экологиялық жобамен жұмыс
атқарылу жүргізілуде. [1]
Үстірт қорығының ұйымдастырылуына негізгі себепші болған, Оңтүстік-Батыс Үстірттің эндемигі -
Үстірт арқарының Маңғыстауда жойыльп кету қаупі бар еді. Бүгінгі күні Үстірт қорығының аумағында
2 мыңға жуық Үстірт арқары кездеседі. Қызыл кітапқа енген, қорық аумағында мекендейтін
қарақұйрықтар - 250 бас шамасында. Маңғыстау өлкесін мекендейтін 44 сутқоректінің 12-сі жыртқыш, 3-
еуі жұптүяқты, 1-еуі қоян, 17-сі кеміргіш. 5-еуі жәндікпен қоректенетіндер, 6-уы жарқанаттар.
Кесте-1 «Үстірт» қорығы жануарларының индикаторлықтүрлері
№
Жануарлардың класы, отряды, тұқымдасы туысы
Сүтқоректілер класы
1
Үстірт арқары. Устюртский горный баран. Ovis vignei arkal Eversmann. Жұптұяқтылар
отряды, куыс мүйізді тұқымдасы, қой туысы.
2
Қарақұйрық. Джейран. Gazella subgutturosa Guldenstaedt. Жұптұяқтылар отряды, қуыс
мүйізді тұкымдасы, газель туысы.
Акбауыр жарқанат - Otonycteris hemprichi. Қолқанаттар отряды, жалтыр тұмсықты
жарқанаттар тұқымдасы.
4
Шағыл мысығы - Felis margarita. Жыртқыштар отряды, мысықтар тұқымдасы, мысық
туысы.
5
Қарақұлақ- Felis caracal. Жыртқыштар отряды, мысықтар тұқымдасы, мысық туысы.
6
Сабаншы - Felis manul. Жыртқыштар отряды, мысықтар тұқымдасы, мысықтуысы.
7
Шұбар күзен - Vormela peregusna. Жыртқыштар отряды, сусарлар тұқымдасы, шұбар
күзен туысы.
8
Итаю - Mellivora capensis. Жыртқыштар отряды, сусарлар түқымдасы, итаю туысы.
9
Құм қояны. Заяц-песчаник. Lepus tolai. Қоян тәрізділер отряды, қоян тұқымдасы, коян
туысы.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж.
Кесте-2 «Үстірт» корығындағы құстардың есепке алынған саны
Кесте-3 «Үстірт» қорығы сүтқоректілерін есепке алу деректері (2007 ж.)
14
Құстар класы
10
Дала бозторғайы. Степной жаворонок. Melanocorypha calandra L. 'Горғайлар отряды,
сайрағыш құстар тұкымдасы.
11
Құз карлығашы. Скалистая ласточка. Riparia rupestris Scop. Торғайлар тәрізділер отряды,
әнші торғайлар тобының тұқымдасы.
12
Қарабауыр бұлдырық. Чернобрюхий рябок. Pteroqies orientalis. Кептер тәрізділер отряды,
бұлдырық тұқымдасы.
13
Үкі. Филин. Bubo - bubo. Жапалақ тәрізділер отряды, нағыз жапалақтар тұқымдасы.
Бауырымен жорғалаушылар класы
14
Дала ешкіемері. Степная агама. T.sangumolentus. Қабыршақтылар отряды, ешкіемер
тұқымдасы, ешкіемер туысы.
№
Түр атауы
Есепке алынған құстар
түрлерінін саны
1
Қарабай. Каравайка. Plegadis falcinellus
16
2
Жекдуадақ. Джек. Otis undulate Jacq
84
3
Қарабауыр бұлдырық. Чернобрюхий рябок. Pterocles
orientalis
426
4
Үкі. Филин. Bubo bubo
24
5
Бүркіт. Беркут. Aquila chrysaetos
48
6
Жұртшы. Стервятник. Neophron percnopterus
24
7
Ителгі. Балобан. Falco cherruqjjray
26
8
Лашын. Сапсан. Falco pereqrinus Tunstall
20
9
Жыланжегіш қыран. Змееяд. Circaetus gallicus Gm
34
10
Дала қыраны. Степной орел. Aquila nipalensis
46
11
Кекілік. Кеклик. Alektoris kakelik Falk
1828
12
Сарыалақаз. Пеганка. Tadorna tadorna
34
13
Отүйрек. Огарь. Tadorna ferruqinea Pall
42
14
Барылдауық үйрек. Кряква. Anas platyrhynchos
32
15
Көк кептер. Сизый голубь. Columba livia
810
№
Түр
Есепке
алынған
жеке-дара
түр
№
Түр
Есепке
алынған
жеке-дара
түр
1
Үстірт арқары - Ovis vignei arkal
Eversmann
862
7
Сабаншы
-
Felis manul
34
2
Қарақұйрық -
Gazella
subgutturosa Guldenstaedt
258
8
Ақбауыр жарқанат -
Otonycteris hemprichi
41
3
Шұбар күзен - Vormeia
pereguzna
43
9
Қасқыр - Canis lupus
120
4
Итаю
-
Mellivora capensis
31
10
Түлкі
-
Vulpes vulpes
255
5
Қарақұлақ- Felis caracal
49
11
Қарсақ -
Vulpes corsac
141
6
Шағыл мысығы - Felis
margarita
25
12
Құм кояны - Lepus tolai
4322
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж.
Кесте-4 Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері
Ал қазіргі кезенде «Үстірт» қорығы аумағынан тіршіліктің маусымдық ерекшеліктеріне
байланысты: хайуанаттардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің, кемірушілердің,
жыртқыш аңдар мен құстардың шөл далаға тән өкілдерін кездестіруге болады. Олардың ішінде: кірпі,
дала тасбақалары, кесірткелер, жыланбас пен улы қарашұбар жылан, оқ жылан, су жылан, құм жылан,
сарыүйек, ешкі емерден бастап, дала тышқандары: қосаяқ, сарышұнақ, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр т.б.
жиі кездеседі. Сондай-ақ, көктем шыға келе кішкентай көк және сары шымшықтар мен күзгі
салқындықтың хабаршысы суықторғайдан бастап, дала құстарының үйреншікті түрлері: қарға,
бозторғай, қараторғай, қарабауыр, шыл, жек. қарлығаш, көкек пен кептер, жыртқыш құстар: жапалақ,
үкі, жарқанат, күйкентай, ителгі, қаршыға мен әр түрлі қарақұстар, дала бүркіттері, касқалдақ, т.б.
құстар мекен етеді. [2]
Үстірт-Қарамая, Кендірлі қорығының таулы, шынды жерлерінде - арқар; Жазық, Жайылма
қоңырлыктарында карақұйрықтар таралған. Бозащы түбегінің терістігі мен терістік шығысы,
қарағайлы Кент, Тасорпа бетінде, Үстірт жонындағы түлейлерде, Сам, Матай құмы төңірегінде киіктер
жиі үшырасады. Негізінен: арқар мен қарақұйрықты, киіктер мен қояндар Маңғыстау аймағының қай
түпкірі болса да кездеседі.
Мысықтар тұқымдасы, жыртқыштар отрядына жататын қаракұлак, сабаншы, шағыл мысығы
қорықтың Қарынжарық құмында кездеседі. [3] Сүтқоректілер класы, сусарлар тұқымдасына жататын
итаю (31 бас), Қазақстанда тек қана Маңғыстау жерінде бар. Итаю (mellivora capensis)- сүтқоректілер
классы, сусарлар тұқымдасына жататын аң. Негізінен Африкада, Азияда, Түркіменстанда мекендейді,
ал Қазақстанда Батыс Үстірт құмдары мен Қарынжарық ойысында кездеседі. Қабылан (Acinonix
jubatus) - сүтқоректілер класы, мысык тұқымдасына жататын аң. Африка, Орта Азия және Үндістанда
таралған. Қазақстанда XVIII ғ аяғы XIX ғ басында Каспий мен Арал теңіздерінің аралығындағы шөлді
аймакта тіршілік еткен. XX ғ 50-жылдары сирек болса да, Үстірт пен
15
Түрдің атауы
Таралу аймағы, биіктік интервалы
Популяцияның жай-куйі
(тұрақты, жақсаруда,
нашарлауда)
Үстірт арқары - Ovis vignei
arkal Eversmann
Таулар мен қырларды мекендейді.
Мәметқазған тауларынан Елшібекке дейінгі
ұшпашындар және Қарамая тауы.
Жаксаруда
Қарақұйрык - Gazella
subgutturosa Guldenstaedt
Сексеуіл, бұталар өскен жерлерді мекендейді.
Өнере аймағы, Қансу, Қарынжарық кұмы,
Қадырберді, Еділбай фонтаны, Мәметказған
және Көкесем тауларының жазықтары.
- //--
Ақбауыр жарқанат -
Otonycteris hemprichi
Қарамая тауы.
тұрақты
Шағыл мысығы
-
Felis
margarita
Қүмды шөлдерді, әсіресе қыратты, белесті,
негізінен бекінген құмдарды мекендейді.
Қансу, Қарынжарык құмы.
-II-
Қарақұлақ - Felis caracal
Сексеуіл, бұталар өскен құмдар мен кұз-
жартастарды мекендейді. Қансу, Қарынжарык
кұмы.
-II-
Сабаншы - Felis manul
Шөлді аласа таулар, жартастар мен биік таулы
сырттар да және далада мекендейді. Қансу,
Қарынжарық құмы.
-II-
Шұбар күзен -
Vormela
peregusna
Жазықты тау бөктерлері мен таулы шөлейтті-
шөлді жерлерді мекендейді. Өнере аймағы,
Қансу, Қарынжарык кұмы.
-II-
Итаю - Mellivora capensis
Сексеуіл өскен жазыкты және шағын қыратты
жерлерді мекендейді. Өнере бұлағы аймағы,
Қарынжарык ойысы.
-II-
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4 (30), 2011 ж.
Маңғыстау түбегінде кездесіп қалып жүрді. 1947-64 жж. осы өңірден 16 қабылан атып алынган. 1965
жылдан бері бұл өңірлерде қабыланның кездескендігі туралы ешбір ғылыми мәлімет жоқ. Қабылан
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, қазір ол туралы дерек жоқ, сондықтан жойылып кеткен түр
санатына жатқызылады. Қабыланды өсіруге, көбейтуге негіз береді, сондықтан жойылып кеткен
тұқымды қайта қалпына келтіру жолында жұмыстарды қолға алу керек. Ителгі (Falco cherrug Gray)
шіл, үйрек, кептер сияқты құстармен, ұсақ сүтқоректілермен қоректенеді. Қолға үйренген ителгіні
жорға дуадақ аулаута пайдаланады. Қазақстанда барлық аймақта кездеседі, бірақ өте сирек. Соңғы
онжылдықта бұл сұңқарлар көптеп ауланғандықтан және ұялары бұзылғандықтан құстардың саны
азайған. Бұл құстарды қаскерлер тіпті шет еддерге, мысалы. Біріккен Араб Эмираттарына әр түрлі
жолдармен сатып отырған.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Көкесем шатқалдарында, Қарамая таулы қыраттарында
кездестіреміз. Үстірт қорығының орнитофаунасын және биологиясын нақты ешкім зерттемеген. 1986-
1988 жылдар аралығында ғылыми қызметкерлер Дякина Г.Ю және Виноградова И.Ю. «Птицы
Устюртского заповедника» (эколого-фаунистический анализ) атты талдау жасап, есепке құстардың 111
түрін тіркеген. Ал әр жыл сайын Үстірт қорығын, неше түрлі алуан құстар және жыл құстары мекен
етіп кетеді. Ғылыми бөлімінің кызметкерлерімен және қорғау бөлімінің инспекторлары болып жылына
екі рет санаққа шығып, қорықтағы жан-жануарлар есепке алынады. Кейін жан-жануарларды талдау
арқылы, кластарға, отрядқа, тұкымдастарға, туыс және түрлерге бөліп, суреттерімен компьютерге
енгізіледі. [4]
Ғылыми бөлімге қазіргі таңда жануарларды соның ішінде құстарды анықтайтын, анықтағыш
кітаптары керек, себебі, көзбен көрген кұс түрін сол: бойда ажыратып анықтау қиындық туғызады.
Қорықтағы барлық ғылыми мәліметтер, жылына бір рет шығатын «Табиғат жылнамасы» кітабына
жазылады, 2007 жылғы ғылыми деректер бойынша, қорық аумағында ителгінің 26 дара басы тіркелген,
[5]
Қорық аумағында қаскерлердің жоқтығына байланысты және осы кұстар қорек ететін жануарлар мен
құстардың көптілігіне байланысты, сұңқарлар еркін сезініп, көбеюде. Қазір ол Қазақстан Қызыл
кітабына және ХТҚО-ң әлемдік жойылу қаупіндегі түрлер тізіміне енгізілген. Қорық аумағындағы
аңдар негізінде бір жерді. белгілі бір аймақты мекендейді. Тек қарақұйрық маусымдық қоныс аударуға
бейімделген. Олар лақтайтын мезгілінде (мамыр-маусым) бұталы, жыралы жазықтарға ауада және
лағын өргізген кезде шығады. Күзде және қыста ауа райына байланысты бекінген құмды аймақтарға
қайта түседі.
Маңғыстау түбегі жануарлар дүниесіне кедей. Оған дәстүрлі шөлдік фауна гана тән. Тірі
организмдердің көпшілігі жер астында тіршілік етеді. Шөл жануарлары көбіне - түнде тіршілік етуге
бейімделген. Маңғыстау жерінде Қазақстанда кездесетін 163 жабайы аңның 44-і белгілі. Оның 9-ы
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Маңғыстауда жануарларға қарағанда кұстар көп тараған.
Тұрақты маусымдық ұшу кезінде келетін құстарды қоса есептегенде 300-ден астам түрлері кездеседі.
Оның ішінде 44 құс түрі Қызыл кітапқа енгізілген.
1. Үстірт мемлекеттік табиғи қорыгы. — Маңгыстау, 2009. - 140 б.
2. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары.
-
Алматы: «Алматыкітап», 2006. - 284 б.
3. Бигалиев А.Б. Проблемы окружающей среды и сохранения биологического разнообразия.
-
Алматы.
«Қазакуниверситет!», 2005. - 151 с.
4. Перспективы формирования природно-заповедного фонда Казахстана. -Алма-Ата: «Наука», 1987. -
ПО с.
5. Гаврилов Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана.
-
Алматы: «Бастау», 1999. - 164с.
Достарыңызбен бөлісу: |