Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47)


Keywords: dialogic teaching, new teaching strategies, dialog thinking



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата03.03.2017
өлшемі3,24 Mb.
#6675
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

 Keywords: dialogic teaching, new teaching strategies, dialog thinking.
 
 
 
ӘОЖ
  
373.1.02  
     
КӨРКЕМДІК МӘДЕНИЕТТІҢ  ДӘСҮРЛІ  РӘМІЗДІК БЕЛГІСІ МЕН МАҒЫНАСЫ 
 
Ақбаева Ш.Ә. - Абай атындағы ҚазҰПУ-ң  Өнер, мәдениет және спорт институтының  
«Бейнелеу өнері және сәндік  қолөнер әдістемесі мен теориясы» кафедрасының доценті, педагогика 
ғылымдарының кандидаты, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Педагогика Ғылымдар 
Академиясының корреспондет мүшесі. Казахстан 
akbaeva_sholpan@mail.ru
 
Ақбаева А.Ә.-П.И.Чайковский атындағы Алматы  музыкалық колледжінің «Халық аспаптар» 
бөлімінің оқытушысы. Республикалық байқауларының лауреаты. Алматы қ-сы. Қазақстан.  
aiman.akbaeva@mail.ru 
 
Мақалада  автор  жалпы  дәстүр  ұғымы  мен  оның  тығыз  сабақтастығын  айқындап,  сонымен  қатар  мәдени 
мұра, төлтумалық, ерекшелiк түсiнiктерiне анықтама береді. Автор бүгінде белгiлi уақыттарда күшейе түсетiн 
дәстүрге қайта бет бұру, мен халықтық дәстүрлі өнердің өзiндік болмысына, тарихына, табиғи ерекшеліктерін 
терең тануға  жастарды ұмтылдыру және де  тарихтағы өтпелi кезеңдерді терең сипаттап өткен. Сонымен қатар 
автор  мақалада  халықтық  дәстүрлі  өнер  мен  оның  көркемдік  тілі  мен  болмысы  жөнінде  айналысқан    әйгілі 
отандық ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерін терең саралағаны аңғарылады. 
Кілтті  сөздер:  дәстүр,  мәдениет,  көркемдік,  өнер,  рәміз,  белгі,  мағына,  салт-дәстүр,  эстетика,  бейнелеу 
өнері, ұлттық, талғам, сурет, рең, форма, пішім 
 
Адамды әдеттегi үйреншiктi сана-сезiм шеңберiнен алып шығып, мәдениеттiң биiк әлемiне көтеру, 
көркемдік тұрғыда көзқарасын жан жақты қалыптастыруға мүмкiндiк тудырып, адамзат табыстарына 
негiзделген қасиеттерін бойына сіңіріп дарыту - бүгінде бiлiм берудiң маңызды мақсаты деп білеміз. 
Дәстүр  -  тарихи  қалыптасқан  қоғам  үшiн  пайдалы,  ұрпақтан-ұрпаққа  берiлiп  және  белгiлi  бір 
уақыт  аралығында  сақталып  отыратын  адамзат  тәжiрибесiнiң  жалғастығы  мен  жиынтығы,  мәдени 
мұрасы,  әдет-ғұрыптары,  ырымдары,  жүрiс-тұрыс  қалыптары  мен  тәртiптерi,  үрдiстері,  жөн-
жоралғылары, мейрамдары, церемониялар және т.б. 
Адам  қажеттiлiгiн  өтейтiн  барлық  құндылықтар  -  материалдық,  әлеуметтiк  және  рухани 
құндылықтар ол - дәстүрдi құрайды. "Салт-дәстүр - тiл мен мәдениет бастауларының анасы",- [1, 252 
б.] деген XVIII ғасырдың немiс ағартушысы И.Г.Гердер оның жазба мәдениет пен азаматтық қоғам 
қалыптасқанға дейiнгi уақыттағы мәдениеттi тасымалдаушы маңызын бағалап отыр. 
Жалпы дәстүр ұғымы ол сабақтастық, мәдени мұра, төлтумалық, ерекшелiк түсiнiктерiмен тығыз 
байланысты.  Сабақтастық  -  тарихи-мәдени  тәжiрибе  процесiндегi  жаңа  мен  ескi  арасындағы 
объективтi қажеттi байланыс. Бұл байланыс тұтастықты қамтамасыз етедi және мәдениеттiң үдемелi 
дамуының  алғы  шарты  болып  саналады.  Мұра  -  бұл  уақыт  ағымында  өзгермейтiн  өткенге  қатысты 
рухани-мәдени  материал  және  ұрпақтардың  рухани  дамуының  iргетасы  болып  табылады. 
Төлтумалық - өзiндiк дамуға бағытталған қоғамның динамикалық принципi, оның "өмiрлiк ядросы" 
деген  ұғымды  бiлдiредi.  Жалпы  нағыз  мәдениет,  төлтумалылығымен,  бiрегейлiгiмен  дараланады. 
Ақселеу Сейдiмбековтың сөзiмен айтқанда: "Елiктеудiң шын аты - қайталау. Рухани сұғанақ болған 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
112 
ел, бiрiншiден өзiнiң болашағынан айрылса, екiншiден өзгенiң асылын малшылайды" - деген еді. [2, 9 
б.].  Бұл,  әрине,  қазiргi  кезеңде  өзiмiздiң  төл  мәдениетiмiздi,  өнерiмiздi  сақтап  қалу  барысында 
ыңғайлы ой салатын пiкiр. Ал  ерекшелiк  ұғымы кез-келген құбылыстың өзгеге ұқсамайтын өзiне тән 
өзгешелiгiн көп жағдайда локальдық нормаларды, әдет-ғұрыптарды, рухани құндылықтар мен жүрiс-
тұрыс бiтiмдерiн сипаттау барысында кең қолданылады. 
Салт-дәстүрдiң  мәнi  мен  әлеуметтiк  маңызы  оның  қоғамдық  өмiрдегi  атқаратын  қызметтерiнен 
көрiнедi.  Сондықтан  да  дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптар  жанұяда  қалыпты  қатынастардың  бекiтiлуiне, 
үлкен  мен  кiшi  арасындағы  қатынастарды,  қалыптар  мен  ережелердi  игеруге,  шаруашылық 
жүргiзудiң  қалыптасқан  тәжiрибесiн  жалғастыруға,  еңбекке  баулуға,  ұлттық  мәдениет  пен  тарихты 
қадiрлеуге,  ұлтжандылық  тәрбиесi  мен  туған  жерге  деген  сүйiспеншiлiктi  арттыруға,  эстетикалық 
және көркем мәдениеттi сақтауға жағдай жасайды. 
Бүгінде  белгiлi  уақыттарда  күшейе  түсетiн  дәстүрге  қайта  бет  бұру,  оны  терең  тануға    ұмтылу 
тарихтағы  өтпелi  кезеңдерде  ерекше  мәнге  ие  болатын  қоғамдағы  үлкен  қызығушылықтан  туады. 
Мұндай  жағдайда  қоғамның  рухани  өмiрiнде  "қайта  өрлеу",  "жаңғырту",  "реставрация",  "ревайвал" 
сияқты  элементтер  орын  алады.  Дәстүрлi  құндылықтар  жүйесi  дағдарысқа  ұшыраған  тұста 
дәстүрлердi заман талабымен үйлестiру мәселесi туындайды. Бұл жағдайда қоғамда "дәстүршiлдiк", 
"жаңашылдық", "архаистiк", "батысшылдық", т.б. тенденциялар пайда болады. 
Бүгінгі  кездерде  ұмыт  қалған  дәстүрлер  ғылыми  тұрғыда  зерттеле  бастады.  Ә.Марғұлан, 
Х.Арғынбаев,  Ө.Жәнiбеков,  Ә.Тәжiмұратов,  С.Ақатай,  М.С.Мұқанов,  А.Сейдiмбеков,  С.Қасиманов, 
Б.Байжiгiтов, 
Н.Шаханова 
т.б. 
еңбектерiнде 
дәстүр 
философиялық-этнографиялық-
мәдениеттанымдық тұрғыда жан-жақты қарастырылған. 
Егер  дәстүрлi  өнердi  бейнелеу  өнерiне  қатысты  талдайтын  болсақ,  оған  алдымен  қол  өнерiнiң 
түрлерi  және  дәстүрлi  сәулет  өнерi  кiредi.  Жалпы  қол  өнерi  ол  -  ғасырлар  бойы  шыңдалып 
практикалық  iс-тәжiрибе  негiзiнде  қалыптасқан  iс-әрекеттiң  жемiсi.  Сондықтан  ондағы  шеберлiк 
"қалыптау", "өру", "тiгу", "бастыру", "қашау", "құрастыру", "түрлендiру", "бейнелеу" секiлдi "қолдан 
қолға",  "атадан  балаға"  берiлетiн  дәстүрлi  тәжiрибемен  тығыз  байланысты.  Халық  қол  өнерi,  яғни 
дәстүрлi өнер киiз үйдiң ағашын, жабынын дайындаудан, оның iшiне қойылатын мүлiк-жи¿аздарын 
әзiрлеуден, көшу, қону, жол-жорық, қару-жарақ жабдықтарын жасаудан, киiм тiгуден, әшекей сәндiк 
әсем бұйымдарды дайындаудан, т.б. көрiндi. Бiр сөзбен айтқанда көшпелi өмiрдiң табиғи болмысын 
құрайтын да, оның сәнiн келтiретiн де осы нәрселер мен бұйымдар едi. 
Дәстүрлi өнер ол - эстетикалық тәрбие көзi. Педагогикада ол халықтық педагогикамен өте тығыз 
байланысты.  К.Д.Ушинский  халықтың  өзiне  ғана  тән  табиғилықсыз  тәрбие  болуы  мүмкiн  емес  деп 
ойлайды.  Тәрбие  өздiгiнен  қалыптаспайды,  ол  халықтық  рухпен  бiрге  [3].  Дегенмен  оны  халықтық 
педагогикамен  ғана  шектеу  оның  даму  өрiсiн  тарылтқан  болар  едi.  Ол  қазiргi  ең  жетiк  деген 
педагогикалық  iлiм  айналысатын  зерттеу  объектiсiне  айналуға  тиiс.  Себебi  ол  қазiргi  заманғы 
этнография, философия, өнертану, әдебиет, мәдениеттану, т.т. салалаларының көкейкестi мәселелерiн 
қамтып  отыр.  Осы  мәселелер  оқу  орындарының  оқу  әдiстемелiк  материалдарына  енуге  мүмкiндiгi 
әбден мол. 
   Дәстүрлi  өнердi  осы  өнер  түрлерiнда  пайдалана  бiлу  белгiлi  әдебиет  сыншысы  М.Қаратаевтың 
1960 жылдары айтқан ойымен сәйкес келедi: "Тұскиiз, оюлы текемет, кiлем, сүйектi өрнек, кесте өрiм 
-  мiне,  осы  өнердiң  бәрiн  халық  жасаған,  халықтың  әсемдiктi  сүю  сезiмi,  талғамы  осы  өнерде 
бейнеленген...  өнердiң  халықтың  арғы  негiзiнен  қол  үзбеңдер,  себебi  өнердiң  шын  мәнiсiндегi 
халықтығы ғана жақсы. Ол тамғамның, өмiршеңдiктiң, өшпес әсемдiктiң кепiлi болып табылады" [4, 
26-27  б.].  
Бүгінде  жас  суретшiлер  қаншалықты  модернизмге  немесе  өнердегi  басқа  да  жаңа  өтпелi  ағымға 
елiктегенмен кез-келген бағыттың, кез-келген шығармашылық iзденiстiң негiзiнде халықтық болмыс 
сақталған дәстүрлi өнер жатады. Ол тақырып, сюжет, мазмұн, форма күйiнде көрiнуi мүмкiн. Бiрақ ол 
әңгiменiң  басқа  жағы.    Қазақ  халқының  дәстүрлі  өнері  барлық    өзінің  негізгі    аспектілерінде  
(қызметі,  түрі,  жанр,  образдар  және  т.т)  тығыз  сабақтастық    сақталатын    өнер.    Оның    айрықша  
ерекшеліктері:  шығармашылығының кәсіби  сипат  алмағандығы,  оның  жеке  бастан  тәуелсіздігі,  
мифологиялық    символикаға    толы    болуы,    бүкіл    діни    табыну    комплексімен    ажырағысыз  
байланыстылығы.  Олай    болса    қазақтың    дәстүрлі    өнері    дегенді    халықтың    тіршілік  етуі  
барысында    дамып    қалыптасқан    «өмір    құбылыстарын,  қоғамдық  болмыс,    сана  нәтижелерін,  
адамның    іс-әрекетімен    көңіл  -  күйін,  сезімі    мен    рухани    дүниесін    образда    көркем    тіл    (түрлі  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
113 
бояудағы  образдар,  пластикалық  образдар,  көлемдік  -  кеңістік  формалары,  сурет пен  реңдер,  
жарық пен көлеңке  сызықтары)  бейнеленетін  форма мен мазмұн қатынасы деп  түсінеміз». 
Халықтық  дәстүрлі  өнер  ол  ата-бабамыздан  келе  жатқан  көптеген  ғасырлар  бойы  шыңдалып, 
санамызда, рухымызда, болмысымызда өзiндiк қолтаңба ретiнде сiңiп қалыптасқан өнер түрi болып 
табылады. Ал дәстүр болса ол  қоғамда жекеленген  этностардың  тіршілік  ету  барысында  дамып,  
қалыптасып  отыратын  әлеуметтік-мәдени  мұраларының  үлгілері  және  философиялық  сөздікте  
нақтыланғандай  -  ғылымда  білім мен  зерттеу  әдістерінің  сабақтастығы  болса,  өнерде  стиль мен  
шеберліктің    сабақтастығы    болып    табылады.  Ал  “өнер”  дегеніміз    ол  өмір    құбылыстарын,  
қоғамдық  болмыс  пен сана  нәтижелерін,  адамның  іс-әрекеті  мен  көңіл- күйін,  сезімі мен рухани 
дүниесін образды  көркем  тіл  арқылы  бейнелейтін  форма  мен  мәндік  қатынасы. Философиялық  
сөздікте  берілген  түсініктемеге  сүйенсек  өнер  түрлерінің  басты  ерекшелігін  олардың  болмысты  
бейнелеу мен көркемдік  міндеттерді  шешуде  байқалатын  амалдары  айқындайды.  
Дүниені эстетикалық  тұрғыдан  бейнелеу,   әдебиетте  -  сөз, кескіндемеде  - әлемнің түрлі түсті 
образдары; мүсін өнерінде – пластикалық образдар мен көлемдік – кеңістіктік формалар;  графикада 
– сурет, штрих, жарық пен көлеңке сызықтары;  музыкада – дыбыс интонациалары; театр мен кинода 
– драмалық кейкілжіңдер негізінде дамитын кейіпкерлердің  іс-әрекетін актерлардың  образ  ретінде  
сомдауында  сипат  алып  жүзеге  асырылады. 
Халықтық дәстүрлi мәдениеттiң құндылығын ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов, Әлихан 
Бөкейханов, Халел Досмуханбетов басқа да қазақтың бiртуар азаматтары табиғи күйiнде, тәрбиенiң 
ажырамас  бөлiгi  ретiнде  түсiндi.  Олар  ұлтымызды  оянуға,  бiлiм  алуға,  сауатты  болуға  шақырды. 
Кейiн  бұл  арыстардың  көбi  қазақ  алфавитiн  құрастыруда,  оқулықтар  жазуда,  қазақ  фольклорын 
жинақтауда,  газет  шығаруда,  уағыздау  жұмыстарын  жүргiзуде  көптеген  жұмыстар  атқарды. 
Мiржақып  Дулатов  өзiнiң  мақалалары  мен  өлеңдерiнде  "бiлiмдi  мыңды  жығады,  бiлiктi  бiрдi 
жығады",  "жақсымен  өткен  мәжiлiстiң  бiр  сағаты  бiр  жылға  тең",  "шығады  асыл  -  тастан,  өнер  - 
жастан, тәрбие тәуiр болса әуел бастан" деген қанатты сөздер мен өлеңдерiнде, мақалаларында алға 
тартып,  халқын  оқу-бiлiм  алуға  шақырады.  Одан  кейiн  тәрбиенiң  рөлi  жөнiнде:  "Жылқы  бiткен 
дүлдiл болмайды, құс бiткен бұлбұл болмайды",-  дей келiп,- "Адам баласы да солай. Жұрттың бәрi 
шешен, әнпаз, ақын, данышпан болып туа бермейдi. "Күйсiз көлiк жүрмейдi" деген бар. Дүлдүлге де 
күй  керек,  бұлбұлға  да  жайлы  орын,  көңiлдi  бақша  керек.  Адам  баласы  бәрiнен  де  артық  күй 
таңдайды.  Туысында  қанша  зеректiк  болса  да,  ғылымсыз,  тәрбиесiз  кемелiне  жетпейдi.  Кiмде-кiм 
өзiнiң табиғатында не нәрсеге шеберлiк барын сезiп, өз жолына түссе ғана көзге көрiнедi,- дейдi. 
Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің өзiнiң болмысы, тарихи, табиғи сипаты бар. Яғни дәстүрлi өнер 
қазақ халқының дәстүрлi өмiр салтымен, материалдық және рухани дүниесiмен, ұлттық тәрбиесімен, 
халықтық психологиясымен ерекшеленетiн әлем мәдениетiндегi өз орнымен сипатталады. Ерте және 
орта ғасырлардағы оба түрлерiн, қала құрылыстарын, Айша-Бибi, Бабаджа-Хатун, Қозы Көрпеш-Баян 
Сұлу, Домбаул, Жошы хан, Алаша хан, Қожа Ахмед Йассауи жәдiгерлерiн,  Есік қорған, Маңғыстау 
қорымдарындағы монументтi ескерткiш түрлерiн, түркi кезеңiнен келе жатқан тас мүсiндердi сөз етiп 
отырмыз. Бұлардың көркемдiк пластикасы, эстетикалық сымбаты, түзiлiмдiк сипаты, тарихи-рухани-
мәдени  дүниемiзде  алатын  орны  қазiрге  дейiн  мектеп  бағдарламалары  мен  оқулықтарында 
қарастырылған  емес.  Олардың    көркемдік    талғамға  әсерi  жөнiнде  мәселе  ретiнде  көтерiлiп,  жеке 
зерттеулер  де  болған  емес.  Ал  бұл  ескерткiштер  халық  ауыз  әдебиетi,  музыкасы,  өнері,  мәдениеті 
секiлдi  халқымыздың  рухани  болмысын  анықтайтын  мұралар  болып  есептеледi.  Дәстүрлi  өнер, 
мәдениет жөнiнде айтқанда, бiрiншiден, тарих тезiнен өтiп, өзiндiк сипатын сақтап келген халықтың 
рухани қазынасын айтамыз. 
Ғалымдар  ұлттық  төлтума  өнерiмiздiң  iлгерiлеуiне  кедергi  болып  отырған  қазiргi  таңдағы 
кеселдер  жөнiнде  нақтылай  көрсетiп  айтып  келедi.  Қазiргi  таңда  бұл  кеселдердiң  алдын  алмасақ, 
жеткiншек ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеуде сыңаржақтылыққа ұрынуымыз мүмкiн. Жастардың 
алуан  түрлi  жат  мұраттарға,  идеалдарға  ұмтылушылығының  табиғатын  ұғумен  байланыстыруымыз 
керек.  Дегенмен  қазiр  жағдай  өзгердi.  Халықтық  ұғымдарды,  дәстүрлi  дүниетанымды  қайтадан 
жаңғыртуға мүмкiндiк мол. Осының негiзiнде дәстүрлi өнер негiздерiн мектепке де енгiзуге болады. 
Бiрақ  санамызға  сонау  жылдардан  бері  мықтап  енген  өнер  жөнiндегi  танымдық  категориялар  оны 
ойдағыдай барынша тұжырымды, жүйелi етiп енгiзуге мүмкiндiк бермей отыр. Қазақ өнерiнiң өзiндiк 
табиғатын  орыс  және  батыстық  өнерiмен  өлшеуге  болмайды.  Себебі  халықтық  дәстүрлi  өнерiнiң 
көркемдiк сипатын, оның мазмұндық мәнiн қарастырған уақытта батыстық өнер үлгiлерiмен немесе 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
114 
орыс  өнерiндегi  реалистiк  қағидалармен,  кеңес  дәуiрiндегi  социалистiк  реализм  өнерiнiң  көркемдiк 
мүмкiндiктерiмен шектелуге болмайды. Бiз шектелу жөнiнде ғана айтып отырмыз. Одан өнердiң бұл 
көрiнiстерiн ескермеуiмiз керек, бiлмеуiмiз керек деп ешкiм айтпайды. Керiсiнше заманымыздыздың 
ұлы  жазушысы  Мұхтар  Әуезов:  "Бұл  өз  тiлiн,  әдебиетiн  бiлмеген,  қадiрлемеген  адам  толық  мәндi 
интеллегент  емес  деуге  болады,  -  дей  келiп,-  екi  тiлдiң  мәдениетiн  бойға  сiңiру  ол  адамды  кең 
тынысты етедi... Екi бiрдей тiлiң болу - екi енеге төл өскендей, екi жақты нәр қасиет, қуат бередi",- 
деген  болатын  [5,  452  б.].  Бiз  осы  тұжырымды  дамытып,  екi  тiлмен  де  шектелуге  болмайды.  Орыс 
қазақ  мәдениетiмен  бiрге  әлемдiк  озық  үлгiлi  өнерiн  және  әлемдiк  мәдениетте  өз  орнын 
қалыптастырған жетiк өнер туындыларын бiлуiмiз керек демекпiз.  
Бiздiң  айтатынымыз  кез  келген  өнер  құбылысы,  соның  iшiнде  орыс,  батыс,  шығыс,  кеңес 
дәуiрiндегi өнер туындыларын бiр калькамен, бiр шаблонмен, бiр жақты қарастыруға келмейдi. Қазақ 
өнерiнiң өзiндiк ерекшелiгi, өлшенетiн, бағаланатын критерийлерi бар деп айтпақшымыз. 
 
1.
 
Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества, М., 1977, 703 с. 
2.
 
Сейдiмбек А. Қазақ әлемi. Этномәдени пайымдау. Оқу құралы, Алма-ты, 1997, 464 с. 
3.
 
Ушинский К.Д. О народности в общественном воспитании, Собр. соч, т.2, С. 482.  
4.
 
Қаратаев М. Әсемдiлiкке үйрететiн ұстаз, Алматы, 1965. 
5.
 
Әуезов М.О. Жиырма томдық шығармалар жинағы, Т.19, 412 б.  
 
Резюме 
Сущность и традиционно-знаковая символика  художественной культуры 
Акбаева Ш.А. – Член коореспондент АПН РК, член СХ РК, к.п.н., доцент кафедры  методики и 
теории изобразительного и декоративно-прикладного искусства, института искусства, культуры и 
спорта КазНПУ имени Абая, г. Алматы. Казахстан.  
akbaeva_sholpan@mail.ru
 
Акбаева А.А.-Лауреат международных конкурсов, преподаватель отделения «Народных 
инструментов» Алматинского музыкального колледжа имени П.И. Чайковского. г.Алматы. 
Казахстан.aiman.akbaeva@mail.ru 
В  условиях  все  нарастающей  глобализации,  унификации  духовной  и  материальной  культуры 
каждый народ желает сохранить свою самобытность, культурные ценности, язык, обычаи, традиции,  
выражая  свою  потребность  в  духовном  самоопределении.  В  связи  с  этим        в  статье  автор  глубоко 
анализирует исторические и природные особенности народного искусство, рассматривается вопросы 
традиционной  казахской  культуры,  дается  определение  к  таким  понятиям  как  «традиция», 
«наследие»,  «искусство»,    определяется  роль,  место  и  сущность,  своеобразного  стиля  и  быта, 
художественного языка казахского народного традиционного искусства. 
Ключевые слова: традиция, культура, художественный, искусство, символ, символика, сущность,  
эстетика, изобразительное искусство, национальное, вкус, рисование, тон, форма 
 
Summary 
Essence and traditionally an iconic symbolism of artistic culture 
Akbaeva Sh.А.-  is a member of the koorespondent APN of Kazakhstan, Member of the ROK, Ph.d., 
Associate Professor of the theory and techniques of fine and decorative arts, the Institute of Arts, culture and 
sports Kaznpu by Abay, Almaty. Kazakhstan.  
akbaeva_sholpan@mail.ru
 
Akbaeva A.А.laureate of international competitions, teacher of folk instruments» Almaty Tchaikovsky 
Music College. Almaty Kazakhstan. 
aiman.akbaeva@mail.ru 
In the context of increasing globalization, unification of the spiritual and material culture of every nation 
wants  to  preserve  its  identity,  cultural  values,  language,  customs,  traditions,  expressing  their  need  for 
spiritual  self-determination.  In  this  connection,  article  author  is  deeply  analyzes  the  historical  and  natural 
features of folk art, traditional Kazakh culture is also discussed, the definition to such concepts as "tradition", 
"heritage", "art", defines the role, place and essence of a peculiar style and way of life, the artistic language 
of Kazakh folk traditional art. 
Key words: tradition, culture, art, art, symbol, symbolism, essence, aesthetics, fine arts, the national taste, 
drawing, tone, shape 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
115 
УДК 37.012.5 
 
ПАТРИОТИЧЕСКОЕ ВОСПИТАНИЕ – ЗАЛОГ КРЕПКОЙ АРМИИ 
 
Жусипбекова Н.Р. - студентка 3-го курса кфедры теории и методики начальной военной 
подготовки института искусств, культуры и спорта Казахского национального педагогического 
университета им. Абая, 
Ващенко В.В. - доцент кафедры теории и методики НВП, канд.воен.наук, доцент 
 
Проблема  гражданско-патриотического  воспитания  молодежи  относится  к  числу  наиболее  значимых 
проблем  человеческого  бытия,  потому  что  в  своей  глубокой  сущности  она  включает  в  себя  как  многие 
извечные  вопросы,  неотступно  стоящие  перед  личностью,  обществом,  так  и  вопросы  практической 
деятельности  людей.  Патриотизм,  гражданственность,  нравственность  –  это  средства  общественной 
стабилизации, достижения единства общества, показатель преодоления конфликтов, обособленности отдельных 
групп,  укрепление  единства  поколений,  укрепление  национального  чувства.  Понятие  «патриотизм» 
определяется как чувство гордости за свое Отечество и его историю, а также как стремление человека сделать 
свою страну процветающей, а ее народ счастливым. 
В  данной  статье  акцентируется  внимание  на  важности  патриотического  воспитания.    Раскрывается  опыт 
организации  и проведения патриотического воспитания в соседних странах. Для  патриотического воспитания 
молодежи на примерах наших народных героев приведен пример полковника Кайрата Умбетова прикрывшего 
собой  солдата-срочника  от  осколков  взорвавшейся  гранаты.  Вместе  с  этим  приведены  результаты 
социологических  исследований  по  нервно-психологической  устойчивости  призывников  и  опроса  населения  о 
необходимости срочной службы. 
Ключевые  слова:  патриотизм,  патриотическое  воспитание,  армия,  нервно-психологическая  устойчивость, 
социологическое исследование. 
 
 «Государству мало иметь хорошие законы, общественного блага нельзя достичь без их строгого и 
неукоснительного исполнения»,  - сказал Анахарсис на одном из пиров Семи мудрецов.  [1]. Чем же 
достигается неукоснительное соблюдение законов и что такое государство? 
В той же беседе Анахарсис сказал, - считать домом землянные, деревянные и глинянные заслоны, 
все  равно  как  если  считать  улиткою  только  раковину,  а  не  ту,  кто  в  ней  живет...  тоже  самое  и  с 
домом. Дом это то, что обретается внутри, - дети, супруги, друзья, то, что устроенно сообща [1, с.24].  
Наша с Вами страна, Родина – Руспублика Казахстан, она наш общий дом. Мы – ее граждане, мы - 
казахстанцы и есть Государство. 
 Отсюда следует, что если мы хотим защитить свою страну, мы должны защищать свой народ. Эта 
ответственность лежит на плечах нашей армии. 
Армия – это храбрые и отважные сыновья и дочери казахской степи, государственные служащие, 
ежедневно стоящие на страже независимости страны, на страже безопасности и мирной, спокойной 
жизни  каждого  своего  соотечественника.  Разумеется  для  защиты  нам  нужна  крепкая  и  мобильная 
армия. О людях, носящих пагоны, принято говорить, что они не работают, а служат. А служить так 
самоотверженно, как этого требует дело, можно лишь при глубокой вере и искренней любви к своему 
Отечеству.  В  основе  того,  чего  достиг  народ,  всегда  лежит  как  фундамент,  его  вера. И  здесь  я  не 
имею ввиду веру религиозную, я говорю о вере в свой народ и отношение ко всему тому, что народ 
создал. 
Несомненно, есть ряд факторов, влияющих на сознание и поведение общественности, но, на мой 
взгляд,  движущим  фактором  действий  каждого  военнослужащего  от  генерала  до  рядового  солдата 
должен быть – патриотизм.  
«Защита  Республики  Казахстан  является  священным  долгом  и  обязанностью  каждого  ее 
гражданина», - гласит статья 36 главы 1-й Конституции Республики Казахстан [2]. 
Воспитание  патриотизма  –  это,  пожалуй,   один  из  главных  приоритетов  политики  страны.  В 
молодом  поколении  нужно  воспитывать  любовь  к  Родине,  без  этого  у  нас  нет  будущего.  Причем 
делать  это  должны  не  только  родители,  но  и  учебные  заведения,  общественность,  трудовые 
коллективы. На воспитание патриотизма у молодёжи непосредственное влияние должна оказывать и 
сама армия, её имидж, престиж военной службы.  

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
116 
В  России  существует  пример  работы  воинской  части  с  молодежью  –  так  называемые 
«воспитанники взвода». В его состав входят дети из неблагополучных семей, мамы и папы которых 
лишены родительских прав,  сироты. Вот, что пишут об этом командиры-воспитатели  этого взвода: 
«Мы вносим свою, пусть и маленькую, толику в их воспитание. Распорядок дня у ребят, почти как у 
солдат.  Только  после  завтрака  они  посещают  занятия  в  17-й  школе.  Остальное  время живут  здесь, 
почти  как    военнослужащие.  Даже  форма  у  них  есть.  Ученики  занимаются  в  специально  
оборудованных  классах,  где  есть  компьютеры.  В  их  распоряжении  отдельные  спальни,  комнаты 
досуга. Летом при поддержке городской и областной администраций ребята получают путевки. Пока 
мы взяли шефство над 8 такими ребятами. Всего же через школу взвода воспитанников прошли 35 
молодых  людей.  И  знаете,  это  очень  пригодилось  им  в  жизни.  90%  поступили  в  военные  учебные 
заведения, остальные получают высшее гражданское образование. Но никто не свернул на «плохую 
дорожку».  Сейчас   у  них  служат  три  воспитанника,  окончившие  военную  академию  и  получившие 
звание лейтенанта».   
Важно,  что  ребят   не  просто  готовят  к   воинской  службе,  здесь  у  них  формируется  характер. 
Воспитанники  взвода  порой  взрослее  своих  сверстников,  они  по-другому  относятся  к жизни,  более 
серьезно,  ставят  конкретные  цели  и  стремятся  к  их  достижению.  А  еще  здесь  прививаются  такие 
качества, как мужество, дисциплина, патриотизм. 
Сегодня проводятся различные социологические исследования,  связанные со службой в армии. Я 
хочу привести два примера таких опросов. Первый: касается желания призывников служить в армии 
и их нервно-психической устойчивости. Второй: мнения общественности
 
о том, нужно ли служить в 
армии. 
Согласно  проведенному  министерство  обороны  опросу,  99%  призывников  в  Казахстане  пошли 
служить в армию с желанием, и выбор сделали осознанно. 
 «В  этом  году  Главнокомандующим  Сухопутными  войсками  генерал-лейтенантом  Муратом 
Майкеевым поставлена предельно ясная, хотя и непростая, задача: «провести углубленное социально-
психологическое  изучение  индивидуальных  психологических  особенностей  молодого  пополнения, 
призванного 
весной 
2015 
года», 

говорится 
в 
сообщении 
Минобороны. 
     По  информации  пресс-службы  министерства,  из  5292  призванных  на  срочную  службу  было 
обследовано  5178  человек,  что  составляет  98%  от  общего  количества  призванного  контингента,  то 
есть фактически все.  
 «Главный  результат,  который  выявило  исследование  –  это  тот  факт,  что  подавляющее 
большинство – 99% – молодых солдат пошли служить с желанием и выбор свой сделали осознанно. 
Более 70% считают, что это конституционный долг и обязанность перед Родиной, необходимый этап 
в жизни мужчины», - указывается в пресс-релизе. 
При  этом,  качество  работы  войсковых  представителей  при  отборе  в  местных  органах  военного 
управления явно демонстрируют показатели нервно-психической устойчивости (НПУ) новобранцев. 
Так,  уровень  выше  среднего  выявлен  у  4779  человек  или  93%,  из  них  непосредственно  с  высоким 
уровнем НПУ – 3267 человек или 63%. Между тем, выявлено 155 человек или 3% с низким уровнем 
НПУ. 
0
100
Выше среднего НПУ
Высокий уровень НПУ
Низкий уровень НПУ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет