Абай атындағы ҚазҰпу-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47)



Pdf көрінісі
бет14/26
Дата03.03.2017
өлшемі3,24 Mb.
#6675
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

Ключевые слова: дизайн, дизайнерская деятельность, компьютерная техология,  компетентность 
 
Summary 
Sharip Erkebulan Zhumadenuly undergraduate 2-course specialty 6M010700-art and drawing, the 
Department of Theory and methods of fine and decorative arts, the Institute of Arts, Culture and Sports 
KazNPU. Abay  
sh_edik_82@mail.ru
 
The use of modern technologies for the study of design activity at training to the fine arts 
The article on the subject of the fine arts students in design activities and training, as well as with the use 
of  modern  technology  in  the  educational  process  on  the  design  of  training  activities  are  provided.  The 
importance  of  the  use  of  modern  technologies  in  teaching  design  activities.  Using  modern  technology  to 
teach students about the importance of the formation of knowledge and creative abilities, as well as fine arts, 
design concepts. In this regard, the works of the research carried out by scientists in the design and design 
ways  to  create  interest  in  the  activities  of  the  students  to  increase their  interest through  the  use  of  modern 
technologies in action during preparation of the future art teachers design application of modern technologies 
in the preparation of the action and learn the ways of the findings of the research, such as theoretical analysis  
Keywords: design, design activities, computer technology, competence 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
96 
ӘОЖ
  
372.878 
 
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚӨРІНІСІ 
(музыка оқыту әдістемесі мысалында) 
 
Какимова Лаура Шәріпқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, 
«Музыкалық білім және хореография» кафедрасының доценті, 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің  Өнер, мәдениет және спорт институтының академиялық 
ұтқырлық және ғылыми істер жөніндегі  директорының орынбасары, 
Мұқаман Айгерім – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің  Өнер, мәдениет және спорт институтының, 
«Музыкалық білім және хореография» кафедрасының 2-ші курс студенті 
 
Бұл мақалада авторлар   білім беру дамуында  және  білім студенттің әзірлеген  жыл сайынғы  студенттердің 
конференциясында  ғылыми  жұмыстар  конкурсына  кезінде  теориялық  және  практикалық  жағдайға  өткізілген 
бір  сабақтың  мәселелерін  «Музыка»  сабағының  міндеттерінін  талқылауда.  Болашақ  мамандарды  даярлау 
үрдісінде музыкалық білім беру бакалавры үйрету барысында музыка сабағының тәсілдерін игеруге модельдеу 
-  бірінші  кезекке  орналастырылған  мақсаты  болып  табылады.  Болашақта  орта  мектепте  оқыту  және 
педагогикалық  іс-тәжірибе  өту  барысында  көмектесетің  іс-шара:  музыка  болашақ  мұғалімнің  жұмыс  әдістері 
мен  іс-шаралар  ауқымын  реттеу,  жағдайды  шешу,  музыкалық  материалды  талдау  және  таңдау  үшін  үйрену 
жолдарын  табу  үшін,  шешім  қабылдау  тәуелсіздігін  қамтамасыз  етеді.  Музыкалық-теориялық  білімдер, 
студенттің  орындаушылығының    кәсібиесі,    бастауыш  мектеп  оқушыларына  арналған  музыка  сабақтарын 
құрастыру  шығармашылық  зерттеуі  бұл  жобаның  базалық  материалы  болып  табылады.  Музыка  сабағының  
тақырыбы «Музыка» бағдарламасының құрастырған ортақ лауазымына сәйкес  таңдалған. 
Қазақтың  дәстүрлі  өнер  тарихи  музыкалық  ерекшеліктерін    қалыптастыру  бойынша  музыкадағы  жаңа 
жанрлары мен түрлері  бұл сабақтың  негізі болып табылады. Білім алушыларды оқыту, ұрпаққа ұлттық білім 
беру,  дамуына  қазақ  халқының  өмір  жолында  табиғи  құбылыстар  мен  қоғам,  мәдени  және  рухани  негізгі 
ұғымдар музыка рөлімен тығыз байланысты.   
Кілт сөздер: «Музыка» сабағы, музыка бағдарламасы, музыканы оқыту, музыка оқыту әдістері, музыкалық 
білімдер, дәстүрлі қазақ музыкалық өнер. 
 
Жоғары  оқу  орны  стратегиясын  жүзеге  асыру  жоспарында  көрсетілген  бағыттарды  атасақ,  олар: 
«білім және оның сапасын бақылау және бағалауға қол жеткізу арқылы бәсекеге қабілетті мамандар 
даярлау;  ЖОО-да  инновациялық  іс-әрекетке  бағдарланған  зерттеу  орталығын  қалыптастыру; 
университет  түлегінің  бойында  жоғары  мәдениетті,  белсенді  азаматтық  ұстанымды  жастардың 
арасында  қалыптастыру»  болашақ  студенттерді  даярлауға  ғылыми-зерттеу  іс-әрекеттеріне  үйретуде 
негіз  бола  алады  [1].  Осыған  байланысты,  жобалау  әдісін  пайдалану  тиімді.  Студент  ғылыми 
тапсырманы орындауда, пәнде берілген білімі мен интеллектуалды білігін, өз бетінше эксперименттік 
жұмысын  музыка  сабағынан  модельдеу  жолымен оқыту  технологияларының  мүмкіндіктерін  жүзеге 
асыруда ізденіс жасап, ғылыми зерттеу дағдысы мен әдіс-тәсілдерін меңгереді [2].  
Бірде-бір  оқулық  тарихты,  өнерді,  музыканы  түсінуге  және  әдебиеттерді    үйренуге    мүмкіндік  
жасай    алмайды.  Бұл  іс-әрекетке  өз  пәнін  және  мамандығын  жақсы  көретін,  мұғалімнің  өзі  үйрете 
алады.  Білім  беру  жүйесінде  жеке  оқушыға  көңіл  бөлу  процесі,  білімнің  жекелеген  түрлерiн  ғана 
емес,  оларды  практикада  қолдана  білуі,  сонымен  қатар  моральдік,  адамгершілік  қасиеттерін 
тудырады,  сонымен  қатар  этикалық  сезімін,  музыкалық  және  балалардың  музыкалық  қабілеттерін 
дамыта  отырып,  әлемге  көзқарастырын,  сонымен  қатар  олардың  санасын  қалыптастырады  [3;  4]. 
Мектепте  музыка  сабағы  басқа  пәндерге  қарағанда  ерекшелігіне  байланысты,  музыка  сабағында 
жетілдіріледі.  Оқушылар  музыкалық  шығармашылық  материал    арқылы  өмірді  сүюмен,  өмірге 
сүйіспеншілікпен  қарауды  үйренеді,  өмірдің  әлем  өнерімен  байланысатынын  түсінеді.  Сондықтан, 
музыка мұғаліміне білім беру, үйрету, оқыту және тәрбиелеуге  үлкен және маңызды рөль атқаруға 
беріледі. Әрқашан осы талаптар педагогика білім жайында қарастырылады. 
Музыка  сабағы  қазіргі  әлемде  интеллегенттік  адамды  қалыптастыру  жағында  музыка  мен  өнер 
арқылы  базалық  білім  береді,  дағдыларын  және  талғамын  дамытады,  адам  өмірінің    көзқарасын 
кеңейтеді. Осы орайда ұлттық өнерге құрмет пен қатынасынасты маңызды рөлі деп есептеуге болады. 
Атап айтқанда, музыка сабақтарында қазақстан адамзаттарының жинақталған жетістіктерін, сондай-
ақ адамдарды жоғалтпау үшін оқушыларды үйрету өте қажетті. Сондықтан, музыка бағдарламалары 
ұлттық музыкалық мәдениетті сақтау, жетілдіру үшін құрастырылған, оқушыларды музыка әлемімен 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
97 
таныстыру, оның нысандарын, жанрдағы ерекшеліктерімен, балаларды ұлттық музыканы жақсы көру 
және түсінуге үйрету, оны бүкіл рухани мәдениеттің бөлігі ретінде музыкалық мәдениетке тәрбиелеу. 
Қазақстанның  музыка  мәдениетін  дамыту  арқылы  эстетикалық,  моральдық  және  рухани 
құндылықтарын қалыптастыру. 
Әрбір сабақ өзінің ерекше және әр түрлілігімен ерекшеленеді, бірақ олар сабақтың құрылымында 
барлығы   үш немесе одан да көп міндеттерден біріктіріледі. Осылайша: 
оқыту  бағытында:  атақты  музыканттардың,  орындаушылардың  шығармалары  мен  олардың 
шығармашылықтар арқылы жаңа білімдерді қалыптастыру
дамыту  бағытында:  музыкалық  педагогика  шарттарын  анықтау  және  түсіндіру  үшін  қабілетін 
дамыту, музыкалық шығармаларды талдау, жаңа білім мен дағдыларды қорыту және жүйелеу, қазақ 
музыка мәдениетінің негізінде студенттердің көркемдік көзқарастарын кенейту; 
тәрбие  бағытында:  Қазақстанның  музыкалық  мәдениетінің  дамыту  арқылы  эстетикалық, 
моральдық және рухани құндылықтарын қалыптастыру, - міндеттерден  турады. 
Мысалы,  жалпы  білім  беретің  мектептің  1-ші  сыныбына  арналған  оқулықтың  III-ші  тоқсанның 
тақырыбына  айлансақ,  бұл  кезде  балалар  «Музыкалық  көңіл  күй»  атты  тақырыпты  өтеді  [5]. 
Музыкадағы  адамның  көңіл  күйі  қалайша  ашылады,  қандай  көріністермен  бағыланады,  табиғат 
әуенімен байланысады деген сұрақтарды қарастырады. Осы сабақтарда оқушылар А.Меңжанованың 
«Балдырған  полькасы»,  Ақан  серінің  «Қараторғай»,  Ш.Қалдаяқовтің  «Бақа»,  Қ.  Қуатбаевтің  «Сұр 
қоян»,  Б.Аманжоловтің  «Жаңбыр»,  М.Сағатовтің  «Бұлақ»,  Қ.Қуатбаевтің  «Көбелек»  т.б.  атты 
шығармаларымен  танысады.  Әндерді  мәнерлеп,  көңілді,  әдемі  орындап,  әуенің  ырғақтарын 
сүйемелдей шапалақтап, оларды талдап, әңгемелеп өтеді екен. 
Төменде, «Музыкадағы табиғат көрінісі» атты  сабақ барысын жалпы білім беретін мектептердін 
бастауш  сыныпта  оқитын    «Музыка»  сабағында  өткізуіне  әдістемеілік  материалды  жобалауын 
ұсынып  отырмыз.  Бұл  жұмысты  біз  биылғы  студенттік  ғылыми  конференциясында  «Музыкалық 
білім» секциясында апробациядан өткізгенбіз. 
Сабақтың тақырыбы: Музыкадағы табиғат көрінісі.  
Сабақтың  мақсаты:  Оқушылардың  музыкалық  сауатын  ашу,  оларға  ән-күйді  тыңдату  арқылы 
музыканы сезінуге баулу. 
Міндеттері: 
1.
 
Музыкалық  білім  қалыптастыру  (тақырыпты  өз  мәнінде  әңгімелеп,  музыкамен 
байланыстырып жеткізу. 
2.
 
Оқушылардың  музыкалық    қызығушылықтарың,  қабілеттерін    дамыту,  олардың  таңымдық 
көзқарастарын кеңейту. 
3.
 
Айналамыздағы  қоршаған  ғажап  табиғатты  бейнелей  отырып,  оқушылардың  көзқарасын, 
ұғымын табиғатты аялауға  тәрбиелеу. 
4.
 
Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Сабақтың  көрнекілігі:  Композиторлардың  (Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Абай,  Н.Тілендиев), 
батырлардың (Алпамыс,  Махамбет) суреттері; табиғат туралы пейзаждарының көріністері. 
Сабақтың түрі:   топтық. 
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндірмелі. 
Сабақтың тәсілдері: тыңдау, сұрақтарға жауап беру, әнгіме, орындау, сөзжұмбақ шешу. 
Музыкалық материал:           
1.
 
Тәттімбет. «Сарыжайлау  
2.
 
Құрманғазы «Сарыарка». 
3.
 
Н. Тлендиев «Сарыжайлау».  
4.
 
Абай  «Желсіз түнде жарық-ай». 
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі. 
II. Сабақтың жаңа тақырыбың мазмұны. 
III. Сабақтың қортындысы.   
IV.Үй тапсырмасы. 
I.  Ұйымдастыру кезеңі. 
Кіріспе сөз:  

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
98 
-  Өткен  сабақта  біздер  ата-бабаларымыздың  өмір  сүрген,  бұрынғы  бай,  кедей  деп  бөлінген 
замандағы,  әнші-күйшілердің  мұрасымен  таныстық.  Алпамыс,    Махамбет    батырларымыз    әріден 
келе  жатқан  дәстүрін  дамытып,  қазақ  музыкасының  мазмұны  мен  түріне,  орындаушылық  өнеріне 
көптеген жаңалықтар енгізді. 
II.  Сабақтың жаңа тақырыбың мазмұны. 
  Жаңа сабақтың мақсатымен міндеттерімен танысу; тақырыбын ашу. 
-  Балалар    мына  суреттерге  назар  аударайық.  Не  бейнеленген?  (драма,  ауыл,  яғни  қоршаған 
табиғат). 
-Музыка неше жанрға бөлінеді? (4 жанр: ән, би, марш, күй) 
 Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз да осы жанрлар тақырыбында болмақ. 
-  Бізді  қоршаған  табиғат  қандай  тамаша!  Көз  алдарыңа  елестетіңдерші:  дала,  тау  тегі,  көкорай 
көкшалғын, ағып жатқан бұлақ, алыстан ағараңдап киіз үйлер көрінеді. Осы бір көріністі суретшілер 
немен бейнелеген? (Түрлі бояумен!. Ал ақын-жазушылар  ше? (өлеңмен, әңгімемен) 
-  Дұрыс.  Ал,  композиторлар  осы  көріністі  қалай  суреттейді?  (дыбыспен,  әуенімен,  саз, 
музыкамен). 
- Біз бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығайық. Саяхатқа немен шыққыларың келеді? (автобус, ұшақ, 
ат).  
-  Кәне  көлігімізге  отырып  жайғасайық.  Балалар  алдымызда  бір  ауыл  көрінеді.  Бұл  кімнің  ауылы 
екен? Танисыңдар ма? Мына алдарыңда қолына домбырасын ұстап сендерді күтіп тұрған кім? 
(Құрманғазы!..)  Демек,  бұл  Құрманғазының  ауылы  болған  екен  ғой.  Құрманғазы  туралы  не 
білесіндер? Қандай күйлерін білесіңдер? (Сарыарқа, Балбырауын, Адай т.б). 
-  Құрманғазы  –  күйші,  композитор.  Ол  да  табиғат  туралы  жырлаған.  Оның  атында  Алматы 
қаласында Құрманғазы атындағы  Қазақ Ұлттық консерватория, қазақ ұлттық аспаптар оркестрі бар. 
Сонымен: 
а) Күй дегеніміз не? 
ә) Оның неше түрі бар? (төкпе, шертпе). 
б) Осы күйдің шеберлері кім? (Құрманғазы, Тәттімбет) 
Біреу-ақ Құрманғазы -күй кұдайы. 
Сыйлады «Сарыарканы», қиды «Адайды» 
Күркіреді көбік шашқан Атыраудай. 
Кеудеме көк дауылын құйды ұдайы. 
Күй тыңдау (Құрманғазы  «Сарыарқа») 
-
 
Күй  ұнадыма? 
-
 
Күйдің екпіні қандай? 
-
 
Күйдің қай түріне жатады?(шертпе) 
-
 
Бұл ауылда Құрманғазыдан басқа қандай күйшілер бар? 
«Сарыарқа»  күйінде  сайын  даланың  бейнесі  суреттеліп  қана  қоймай,  Сарыарқадай  еркіндік 
аңсаған қазақ халқының жаны, өмірі суреттелген. Бұл күйді Құрманғазы Сарыарқаны басып өтіп Сыр 
бойына қарай бой алып бара жатқанда, кең даланың кербез көркі шабыттандырып шығарған қаншама 
ұлы  дүбірлі  көтерлісті  өткерседе,  өзінің  сұлулығын  жоғалтпаған  «Сарыарқа»  жеріне  қызыға  қарап, 
осы күйді тартқан. Мына өлең жолдары күйшіні тебіренткен. «Сарырыарқа» дала сағымды, тербетеді, 
жанымды». 
Бұл ауылда тағыда бір күйші бар ол да табиғатты жырлаған. 
 
Ал мынау Тәттімбеттің «Саржайлауы», 
Алдыңа әкеледі сан жайларды. 
Қыз дүние, кызық дүние бір сарыны, 
Күңіреніп енді бірде зар жылайды. 
 - Қазір біз Тәттімбеттің күйі «Сарыжайлауды» тыңдаймыз. 
Күй тыңдау (Тәттімбет. Сарыжайлау күйі) 
- Күй ұнады ма? Көз алдарыңа нені елестеттіңдер? 
- Бұл күйдің алдындағы күйден қандай айырмашылығы бар? 
- Күйдің қай түріне жатады? (шертпе) 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
99 
-Тәттімбет Арқаның құдіреті күй тәңірісі атанған, шертпе күй мектебін қалыптастырған. Бұл күйді 
тыңдағанда  көз  алдымызға  сылдырлап  аққан  бұлақ,  асық  ойнаған  балалар,  қосылып  әндеткен 
қыздардың үні, көкорай шалғын жайлау елестейді. 
-Екі күйді салыстырып көріңдер. Байқадыңдар ма, тыңдаған күйлердің дыбыстары бірде ақырын,  
кейде қатты естіледі. 
Саяхатымызды одан әрі жалғастырайық. Енді немен жүргілерің келеді? Мүмкін табиғатты төбеден 
тамашалағыларың  келетін  шығар.  Ендеше  ұшақпен  ұшайық.  Алдымызда  бір  ауыл  көрінеді.  Абай 
ауылына келдік. 
-Балалар, Абай кім болып келеді? Оның табиғат туралы қандай өлеңдерін білесіндер?      (Көктем, 
Кыс, Жаз, т.б). (Бірнеше өлеңдерін оқушылар айтып береді) 
-  Дұрыс.  Сонымен  Абай  –  қазақтың  Ұлы  ақыны,  қазақ  әдебиетінің  классигі  (1845-1990).  Абай  
қазақтың  ән  өнерін    ерекше  бағалаған.  Бірақ  ән  атаулының  бәрін  қабылдамай,  оның  да  «естісі  бар, 
есері барын» айтып құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күйді»ұнатқан. 
- Абайдың қандай әндерін білесіңдер? (Балалар білетін әндерін атайды). 
- Бәріміз Абайдың  «Желсіз түнде жарық-ай» әнін орындайық. 
Ән орындау (Абай.  «Желсіз түнде жарық-ай») 
-  Табиғат  туралы  тағы  қандай  әндер  білесіңдер?  (бірнеше  әндер  айтылады:  «Алатау»,  «Жау-жау 
жаңбыр», «Туған  жер» , «Ауылым» т.б.). 
-  Біз  бүгін  саяхатқа  шығып,  табиғатты    тамашаладық.  Енді  сол    табиғатты  әнге  қосып,  өзіміз  де 
жырлайық. 
Сергіту  сәті.  «Сарыжайлау»  бұрынғы  заманда    ата-бабаларымыз  бір  жерден  екінші  бір  жерге 
қоныс  аударып,  көшіп-қонып  мал  бағып,  жайлау  да  киіз  үй  тігіп,  ауысып  жүрді.  Шырайлы  –  шөбі 
шүйгін жерді жайлау деп атаған. Ақын Мұқағали  Мақатаев сол жерлерді өз өлеңінде суреттейді. 
Ән айту (Н.Тлендиев «Сарыжайлау»). Баларға хормен айтқызу . 
III. Сабақты қортынысы.   
«Табиғат»  сөзінің құрамына енетін, бүгінгі  сабағымызды қорытындылауға байланысты сөздерді 
айтамыз. Бұл сөздердің жауабы бүгінгі сабағымызды қорытындылайды. 
Сыныпты  екі топқа бөліп тапсарма беру. 
1-топ. «Сарыжайлау»  суретін салу (суретті мазмұндау). 
2-топ.   «Табиғат» тақырыпта сөз жұмбақ шешу.  
 «Табиғат» сөзжұмбағын шешуінің сұрақтары: 
1. Қазақ халқының  төкпе күйшісі (Құрманғазы). 
2.Қазақ халқының  шертпе күйшісі (Тәттімбет). 
3. Қазақ халқының ұлы ақыны (Абай). 
4.Музыкалық жанрдың түрі (Би). 
5. Аспан әлемінің ұшқышы (Ғарышкер). 
6. Сұлулық символы аталатын құс (Аққу). 
7. Төрт-түлік малдың бірі (Түйе). 
Жаңа сабақты түйіндеу.  
Табиғат туралы мақал- мәтел: «Ер – елдің  көркі, орман-тоғай – жердің көркі», «Бір тал кессен, он 
тал  ек»,  «Дәрі  шөптен  шығады,  дана  –  көптен  шығады»,  «Сұлу  жер  құрақсыз  болмас,  таулы  жер 
бұлақ сызболмас», «Бұлақкөрсең, көзінаш», «Жылап жүріп арық қазсаң, күліпжүріп су ішерсің»  т.б. 
 
IV.Үй тапсырмасы. 
а) Өнердегі қазақ батырлары туралы мағлұмат. 
ә) Алпамыс, Махамбет  туралы ақпарат. 
б) Махамбет өлеңдерін жатқа айту. 
в) Махамбеттің  күйлерінің атау. 
г) Н.Тлендиевтің «Сарыжайлау» әнің жаттау. 
д) Құрманғазы  «Сарыарқа» шағарманы тыңдау. 
 
«Қазақтың  ұлттық  ән-әуендері  мен  өлеңдерін  сақтау  жөнінде  нәсіп  болса,  алдағы  мақалада  айтар 
әлеуметтік  ұсынысымыз  бар.  Сазды  да  сырлы  музыка,  әсіресе,  жасөспірімдер  мен  жас  балалар  үшін 
қажет - ақ. Музыка олардың орталық нерв жүйесіне, яғни, жүйкесіне әсер етіп, ой - өрісін жетілдіреді, 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Художественное образование:искусство-теория-методика», № 2 (47), 2016 г. 
100 
рухани  дүниелерін  байытады,  сезімталдыққа,  нәзіктікке,  қайырымдылыққа  тәрбиелейді.  Расында  да, 
музыка – адамды ерекше рахатқа бөлейтін ұлы күш. Ән - әуен адам сезімін баурап алып, жанға жайлы, 
мол эмоциялық сәттер туғызады. Тартымды да мәнді музыка – дертке де шипа» – деуге болады. 
Сонымен,  өтілген  іс-шара    музыка  мамандығының  бакалаврын      дайындауы  үшін  келешекте 
болашақ  педагогикалық  және  практикалық    қызметінде  тәжіриби  манызында  өте  қажетті  деп 
есептеймыз.  Себебі  ол    мектепте    музыка  пәнінің  мұғалімі,  музыкалық  және  көркем  туындыларды 
оқытушы-ұйымдастырушысы,  музыка  және  өнер  мұғалімі,  қосымша  білім  беру  мұғалімі,  мектепке 
дейінгі білім беру мекемесінің музыкалық жетекшісі болып жұмыс істей алады. Ал қолданған әдіс-
тәсілдер,  әдестемелік  нұсқаулар  өзінің  практикада  өтілетің және  дипломдық жұмыстарына   қажетті 
іс-құжаттары болып табылады. 
 
1  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің  2020  жылға  дейінгі  даму  стратегиясы.  –  Алматы,  2015.  - 
[Электрондық ресурсы]. – Режим доступа: www.kaznpu.kz.ru (дата обращения: 20.05.2016). 
2  Какимова  Л.Ш.  Проектный  метод  обучения  как  образовательная  технология  в  формировании  
компетенций    при  изучении  дирижерско-хоровых  дисциплин  в  вузе  //  Перспективы  модернизации 
современной науки: сборник статей  международной научно-практической конференции (г.Москва, 
17.04.2015г.). – Москва: РИЦ ЕФИР, 2015. - 60с. – С. 43-45. 
3  Какимова  Л.Ш.  Развитие  музыкального  сознания  в  контексте  профессиональной  подготовки 
педагога-музыканта/  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Хабаршысы/  Вестник  КазНПУ  им.  Абая, 
«Көркемөнерден білім беру: өнер – теориясы – әдістемесі» сериясы № 1-2 (34-35), 2013. – С. 44-48. 
4  Какимова  Л.Ш.  Музыкальность  в  русле  проблемы  музыкальных  способностей  в 
хороуправленческой  деятельности  педагога  музыканта»  /  Вестник  КазНПУ  им.  Абая, 
«Көркемөнерден білім беру: өнер – теориясы – әдістемесі» сериясы № 4 (37), 2013. – С. 28-31. 
5 Құлманова Ш., Сүлейменова Б. Музыка: Жалпы білім беретің мектептің 1-сыныбына арналған 
оқулық. 3-басылымы, өңделген. – Алматы, Атамұра, 2012. – 112 бет. 
 
 
Резюме 
Современный взгляд на теорию и практику преподавания 
(на примере методики преподавания музыки) 
Какимова Лаура Шариповна – кандидат педагогических наук, 
доцент кафедры Музыкального образования и хореографии, 
заместитель директора по научной работе и академической мобильности Института искусств, 
культуры и спорта КазНПУ им. Абая, 
Мукаман Айгерим – студентка 2(4)-го курса 
кафедры «Музыкальное образование и хореография» института Искусств, культуры и спорта 
Казахского Национального педагогического университета имени Абая 
В  этой  статье  авторы  рассматривают  образовательные,  развивающие  и  воспитательные  задачи 
одного  конкретного  урока  по  программе  «Музыка»,  разработанной  самой  студенткой  и  
апробированной  ею  в  теоретико-практической  ситуации  во  время  проведения  конкурса  научных 
работ  студентов  на  ежегодной  конференции.  Такая  задача  ставится  во  главе  угла  в  процессе 
подготовки будущих специалистов – научить бакалавра музыкального образования освоить приемы 
моделирования  урока  музыки.  Это  поможет  в  дальнейшем  во  время  прохождения  учебной  и 
педагогической  практики  в  общеобразовательной  школе:  самостоятельно    принимать  решения, 
находить  пути  разрешения  ситуаций,  корректировать  выбор  методов  работы  и  действий  будущего 
учителя  музыки,  научиться  подбирать  и  отбирать  музыкальный  материал.  Базовым  материалом 
такого  проекта    являются  музыкально-теоретические  знания,  исполнительские  возможности  и 
творческий    поиск  в  разработке  будущего  урока  музыки  для  учащихся  младших  классов. Тематика 
урока  музыки  был  подобран  в  соответствии  с  общим  положением  к  составленной  программе  по 
«Музыке».  
Формирование исторических предпосылок музыкальных особенностей  казахского традиционного 
искусства  через  призму  новых  жанров  и  видов  музыки  является  основой  на  которые  опиралась 
студентка  в  процессе  разработки  данного  урока.  Роль    музыкального  искусства  в  тесной  связи  с 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы,«Көркемөнерден білім беру:өнер – теориясы -әдістемесі»сериясы,№2(47),
2016 ж. 
101 
природными явлениями и жизненным укладом казахского народа в  культурно-духовном  развитии 
общества  и  в  национальном воспитании подрастающей молодежи относится к ключевым понятиям 
в обучении и воспитании школьников.   
Ключевые  слова:    урок  «Музыка»,  программа  музыки,  музыкальное  обучение,  музыкальные 
знания, казахское традиционное музыкальное искусство.  
 
Summary 
The modern view of the theory and practice of teaching  (for example music teaching methodology) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет