Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Республикам ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.
Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республикакүнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!
Ән Мен Қазақтың ұлымын