4 - бөлім:Мысалөлеңдерден көрініс
І жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-
деген ізгі тілекпен іс – шарамызды аяқтап, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есембердинова Алма Кусайновнаға сөз беріледі.
ІІ- жүргізуші: Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
Оқысаң, ашылады ой тұманы.
Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,
Абай сөзі – қазақтың бойтұмары
Қазақтың асқан кемелі
Жұрттың қамын жеп еді,
Ақынның рухы өлмейді,
Абай – ұлы себебі!
- Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Осындай тылсым күштің иесі бола білген, «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесі Абай атамыз жасасын! Есімі ел есінде мәңгілік сақталсын! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
«Мақсат»колледжі» мекемесінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Наурзбаева Бекзат Калабаевна