Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған). 3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим). 4. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»). 5. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».) 6. Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған). 7. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата. (Зере, Ұлжан.) 8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия). 9. «Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов). 10. Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.) 11. Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? ( 1909 жылы Петербургта). 12. «Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов). 13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? (Алматы қаласында мүсінші - Наурызбай Х) 14. Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға) 15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.) 16 «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңі қай жылы жарық көрді? (1889ж.) 17 Абай алғаш орыс ақындарынан кімді оқыды? (Пушкин)
18 Қай поэмада Аристотель бар? (Ескендір)
19 Абай кімнің хаттарын аударды? (Онегин мен Татьяна ) Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;
Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";
Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;
Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;
Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;
Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;
Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;
Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;
Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;
Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан;
Абай Құнанбайұлының 36 жасында тұңғыш немересі Әубәкір дүниеге келді.
І-жүргізуші: Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер» деп аталады. Қара сөздер - көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Абайдың жалпы қарасөздерінің саны - 45. Абайдың қарасөздеріне кезек берейік.
Ортаға НО-41, НО-42, ПО-21 топтарының қыздарын шақырамыз (Қара сөздерді таңдап алып, мазмұнын айту)
ІІ- жүргізуші: Әннің де естісі бар, есері бар Тыңдаушының құлағына келері бар. Ақылдының сөзіндей ойды – күйді. Тыңдағанда көңілдің өсері бар – деп, ән
«Желсіз түнде жарық ай» ББ-41 тобының студенті Ермек Дананың орындауында қарсы алыңдар.