Абай философиясындағы адам мәселесі



бет9/9
Дата05.04.2022
өлшемі0,54 Mb.
#29853
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ТОЛЫҚ АДАМ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Ойшыл хакімнің ғұмыр бойы шарқ ұрып іздегені, асыл ақиқаты –толық адам. Абай үшін толық адам – рухани жетілген, жан-жақты дамып жеке тұлға болып қалыптасқан, кеміліне келген адам. Ғалым Абайдың толық адам ілімі жайлы танымын тереңінен түсіндіріп, бүгінгі және келешек ұрпаққа рухани азық ретінде мол тағылым қалдырып отыр.

Абайдың толық адам ілімінен ұстаздық, ғылым-білімді игеру, өнерге ұмтылу мәселелері де көрініс табады. Адамзат баласын білім мен ғылымға жетелеудің сан түрлі жолдарын көрсеткен. Білімді алу, меңгерген білімді өмір тәжірибесінде қалай қолданып жүзеге асыру жайлы астарлы терең философиялық қанатты сөздер қалдырған. Абай: «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез», - деп білімнің терең сырын ұғатын, көкірегі ояу,ынталы шәкірттерді іздейді. Адам болам деген талантты, тәрбиелі жастардың бойынан ізгіліктің дәні мен адамгершіліктің нәрінің көріністерін «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде даралап, саралап көрсетіп береді. «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - деп толық адамның кәміл сипатын айқындап берді.


Сонымен, Абай өмірді, адами құндылықты жан-жақты, жүрегінің түбіне терең бойлап зерделеген сыншыл ақын. Адамгершіліктің, әділеттіліктің негізгі моральдық ұстанымдарын өз поэзиясында кең шеңберде көрсетіп отырған. Ғылымға, білімге ұмтылған адамды жоғары бағалап, дүниенің барлық сырын ұғынуда ақылды таразы етіп, ой елегінен өткізген. Осы кең өрісті адами құндылықтарды толық адамның танымымен түсіндерген. Яғни, Абай үшін дүниенің басты құндылығы жәй адам емес, кемеліне келген адам.

Абайдың арманындағы толық адам – біліммен, ғылыммен және дінмен ұштасып дамып, жетілген адам. Адамзат өркениетінде рухани тұрғыда игі қасиеттерді – иман, ғылым, білім, тәрбие, өнер, құқық, тапқырлық,қайраткерлік, жомарттылық, азаматтық, адамгершілік құндылықтарды бойыңа сіңіріп, жетілдірген адам – Абай зерделеп, ұсынған «толық адам» ілімі. Толық адам ілімі – қазақ халқының ұлттық санасын оятып, рухани жаңғыртудағы қазақ халқының рухани жаршысы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  •  1. Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы.Алматы, «Жазушы» 1976.147б.
  • 2. А.Құнанбаев  2т. 162 б.
  • 3. Абай. Қара сөз  А. 1993ж. 76. б4. А. Құнанбаев: шығ. Қазақ Ағарту. фил. 10т. Астана 2007ж.380б.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!

  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет