Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет10/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65
13. Он Үшінші Сөз
Иман деген — Алла Табарака уатағаланың
11
шəриксіз
12
, ғайыпсыз бірлігіне,
барлығына уа һəр неге бізге Пайғамбарымыз саллала Аллаһу ғалайһи уа
саллам
13
арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын сұнып, инанмақ.
Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нəрсе керек.
Əуел не нəрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлəн дəлел
жүргізерлік болып ақылы дəлел испат
14
қыларга жараса, мұны яқини иман
15
десек керек.
Екінші — кітаптан оқу бірлəн яки молдалардан есту бірлəн иман келтіріп,
сол иман келтірген нəрсесіне соншалық беріктік керек. Біреу өлтіремін деп
қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып көңілі қазғалмастай
берік боларға керек. Бүл иманды иман тақлиди
16
дейміз.
Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын
керек екен. Яқини иманы бар деуге ғылымы жоқ, тақлиди иманы бар деуге
беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара
деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай
Тағала өзі сақтасын. Уа əрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден
басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде Құдай Тағала
кеңшілігімен кешеді-дағы демесін, аның үшін Құдай Тағаланың ғафуына , яки
Пайғамбарымыздың шафағатына сыймайды уа мүмкін де емес. "Қылыш
арасында серт жоқ" деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі
құрысын.
11
(ар.
ﻰﻟﺎﻌﺗو كﺮﺒﺗ ﷲا
) – Ұлы Тəңірі, күшті Құдай
12
серіктессіз
13
(ар.
ﻢّﻠﺳو ﻪﯿﻠﻋ ﷲا ﻰّﻠﺻ
) – Оған Алланың сəлемі мен рақметі болсын деген сөз
14
(ар.
تﺎﺒﺛإ
) – іспет, дəлел
15
(ар.
ﯽﻨﯿﻘﯾ
) – шын иман
16
(ар.
ىﺪﯿﻠﻘﺗ
) – дəстүрлі сенім




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет