іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі
— біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң
болғаны, іздегенің — сол. Бұл Құдайдан тілеген емес. Бұл — абыройын, арын
сатып, адам жаулағандық, тіленшілік.
Хош, сөйтіп жүріп-ақ мал таптың байыдың. Сол
малды сарып қылып,
ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ,
дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылган қаж ешбір ғибадат
орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да,
адамшылықпен жұмсаған. Бəрі де
иттікпен табады, иттікпенен айрылады.
Бейнет, күйігі, ызасы — сол үшеуінен басқа еш нəрсе бойында қалмайды.
Барында баймын деп мақтанады. Жоғыңда "маған да баяғыда мал бітіп еді"
деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.