Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет21/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Байланысты:
潫óá ìếñá¡¿´ - Çíá®

29. Жиырма Тоғызыншы Сөз
Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл,
не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Əуелі "Жарлы болсаң, арлы болма" дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып
жүргені құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен
мал тап деген сөз болса, — ол ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып,
біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы
адамның ісі.
"Қалауын тапса қар жанады", "Сұрауын тапса адам баласының бермесі
жоқ" деген ең барып тұрган Құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын
табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше малды не жерден сұрау керек, не
аққан терден сұрау керек қой.
"Атың шықпаса, жер өрте" дейді. Жер өртеп шығарған аттың несі мұрат?
"Жүз күн атан болганша, бір күн бура бол" дейді. Тəңірге жазып мінбей-түспей,
арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды.
"Алтын көрсе, періште жолдан таяды" дейді. Періштеден садаға кеткір-ай!
Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
"Ата-анадан мал тəтті, алтын үйден жан тəтті" дейді. Ата-анасынан мал
тəтті көрінетұғын антұрғанның тəтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға
сатпақ ең арсыздың қылығы емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал
жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-анасын
сатқан соң, Құдайга дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған
сөздеріне бек сақ болу керек.


30. Отызыншы Сөз
Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір "қырт мақтан" деген бір мақтан
бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең
толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ,
не ақылдығы, арлылығы жоқ.
Мойнын бұрып қойып: "Өй, Тəңірі-ай, қойшы əрі, кімнен кім артық дейсің,
кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр
ме, мен онан сауын сауып отырмын ба"— деп бұлғақтап, немесе: "аяғаным
жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек! Азар болса атылып, я
осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Əйтеуір бір өлім бар ма" деп
қалшылдайтұғын кісі көп қой.
Өздерің көріп жүрсіңдер, осы айтқан сөз бойына лайық қазақ көрдіңдер ме?
Өлімге шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ, елімге шыдамаймын деген де қазақ
көргенім жоқ, кеңірдегін ғана көрсетеді-ау "қиылып қала қалайын" деп.
Егер осы сөз бойына лайық кісі көрінсе, ақылы жоқ болса да,
қайратыменен-ақ кісі айдындыратұғын адам болғаны ғой! Егер шын айғайды
көргенде, кірер жерін таба алмайтұғын дарақы жұртты осы сөзімен
айдындырамын, "мына кəпірден кісі шошитұғын екен" дегізіп айдындырайын
деп айтып отырған құр домбытпасы болып, босқа коқиып отырса, соны не
дейміз?
Ай, Құдай-ай! Жанға мырза қылатұғын, ердің жадағайда-ақ сертке
тұрғыштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп көрмейтұғыны,
жомарттығы — əр түрлі белгісі бойында түрмас па еді?
"Ұялмас бетке талмас жақ береді" деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың
бірі-дағы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет