Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет22/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Байланысты:
潫óá ìếñá¡¿´ - Çíá®

31. Отыз Бірінші Сөз
Естіген нəрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
əуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
екінші — сол нəрсені естігенде я көргенде ғибрəтлану керек, көңілденіп,
тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшінші — сол нəрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге
бекіту керек;
төртінші — ой кеселді нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып
қалса, салынбау керек.
Ой кеселдері: уайымсыз, салғыртық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға
салыну, я бір нəрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нəрсе — күллі ақыл мен
ғылымды тоздыратұғын нəрселер.


32. Отыз Екінші Сөз
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға əуел білмек керек. Талаптың
өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек. Оларды білмей, іздегенмен
табылмас.
Əуел — білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нəрсесіне де керек
болар еді деп іздемеске керек. Аның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар,
ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дəулет білсең һəм əр білмегеніңді
білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил
24
болады. Сол рахат білгеніңді
берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар,
махаббат пайда болады. Сонда əрбір естігеніңді, көргеніңді көңлің жақсы ұғып,
анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нəрседе болса, білім-ғылымды бірақ соған себеп қана
қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейрімі, асырап алған
шешеңнің мейрімі секілді болады. Адам көңілі шын мейірленсе,
білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолга түседі. Шала мейір шала
байқайды.
Екінші — ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек
керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңліңді пысықтандырмақ үшін
залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Аның себебі
əрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек
үшін бахас қылады. Ондай бахас хасудшілікті
25
зорайтады, адамшылықты
зорайтпайды. Бəлкім азайтады. Жəне мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды,
адамды шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұңдай қиял өзі де
бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық
жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас — өзі де ғылымның бір
жолы, бірақ оған хирслану
26
жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл
ғурурлық
27
, мақтаншақтық, хүсідшілік бойын жеңсе, ондай кісі адам бойына
қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық
болмайды.
Үшінші — əр хақиқатқа тырысып иждиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт,
өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады?
Өзің құрметтемеген нəрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
Төртінші — білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі —
мұлахаза
28
, екінші — мұхафаза
29
. Бул екі қуатты зорайту жаһатінде
30
болмақ
керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
24
тыныштық, рахатшылық
25
күндеу, күндеушілікті
26
ашқарақтану, қомағайлану, сараң болу
27
менмендік, ірілік
28
(ар.
ﺔﻈﺣﻼﻣ
) – ойласу, пікір алысу
29
(ар.
ﺔﻈﻓﺎﺤﻣ
) – өз пікірін қорғау, мықты болу
30
Барлық күшті жұмсау, тырысу


Бесінші — осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген
терт нəрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғыртық
деген бір нəрсе бар, зинһар
31
, жаным, соған бек сақ бол, əсіресе! Əуел
Құданың, екінші — халықтың, үшінші — дəулеттің, төртінші ғибраттың
бесінші — ақылдың, ардың бəрінің дұшпаны ол. Ар бар жерде бұлар
болмайды.
Алтыншы — ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол
мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз
сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі
бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң,
оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық,
мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар
болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын!
31
қалайда, əйтеуір




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет