Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет26/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65
37. Отыз Жетінші Сөз
1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша
бітіргендігінен емес.
2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өні қашады.
3. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады,
өшкені де болады.
4. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл: татымсызға қылған болыстық
адамды бұзады.
5. Əкесінің баласы — адамның дұспаны.
Адамның баласы — баурың.
6. Ер артық сұраса да азға разы болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
7. Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың;
адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі
боласың.
8. Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан,
Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол — көп, ендеше, көпте
ақыл жоқ. Ебін тап та, женге сал.
9. Адам баласын замана өстіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының
бəрі виноват.
10. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп
болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
11. Дүниеде жалғыз қалган адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бəрі
соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте.
Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?
12. Жамандықты кім көрмейді. Үмітін үзбек — қайратсыздық. Дүниеде еш
нəрседе баян жоқ екені рас, жамандық та кайдан баяндап қалады дейсің! Қары
қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді!
13. Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Егер де
аузынан қара қан ағызса, домбыт мақтаншақ я қорқақ.
14. Қуанбақтық пен бақ — мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к...н
ашпайтұғын, ақылы бойында қалады.
15. Егер ісім өнсін десең, ретін тап.
16. Биік маңсап — биік жартас.
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады.
Екпіндеп ұшып қыран да шығады.
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.
17. Дүние — үлкен көл,
Заман — соққан жел,
Алдыңғы толқын — ағалар,


Артқы толқың — інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер.
18. Бақпен аскан патшадан,
Мимен аскан қара артық;
Сақалын сатқан кəріден
Еңбегін сатқан бала артық.
19. Тоқ тіленші — адам сайтаны,
Харакетсіз сопы — монтаны.
20. Жаман дос — көлеңке,
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт шалса,
Іздеп таба алмайсын.
21. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
22. Қайратсыз ашу — тұл,
Тұрлаусыз гашық — тұл,
Шəкіртсіз ғалым — тұл.
23. Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң
— өзің ғана тілейсің.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет