Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет23/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65
33. Отыз Үшінші Сөз
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер
жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың əулиесі
сол. Бірақ Құдай Тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтың кеселдері
болады.
Əуел — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп
көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді,
Қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың
талапсыздығына тартып, жатып алады.
Екінші — ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара табылса, малға бөге
қалған кісімсіп, "маған мал жоқ па?" дегендей қылып, еріншек, салқау, салғырт,
кербездікке салынады.
Үшінші —"дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым", немесе "ағеке, нең
кетеді осы ғанамды істеп бер!" дегенде маған да біреу жалынарлыққа жеткен
екенмін деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің
уақытын өткізеді. Жəне анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп,
көңілін де мақтандырып кетеді.
Төртінші — тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр
болалық деп, бір болымсызын берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық
қыламын, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой
деп жəне жасынан іс істеп үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып,
алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен
қосып, қылып бер дегенінің бəрін қылып беріп, күні өтіп еңбек қылар
уақытынан айрылып, "жоғары шыққа" қарық болып, тамак, киім, борыш
есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға
алады.
Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп сонымен табысы құралмай,
борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы
несі екен? Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып жəне өзі біреуге
алдатқыш болатындығы қалай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет