Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет5/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
潫óá ìếñá¡¿´ - Çíá®

5. Бесінші Сөз
Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып,
буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар:
"Ə, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр!" деп тілек тілегенін өзім көрдім.
Онысы жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нəрсесі жоқсып, қайғылы
кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан таңырсың: "Түстік өмірің
болса, күндік мал жи", "Өзіңде жоқ болса, əкең де жат", "Мал — адамның бауыр
еті", "Малдының беті — жарық, малсыздың беті — шарық", "Ер азығы мен бөрі
азығы жолда", "Ердің малы елде, еріккенде қолда", "Берген перде бұзар",
"Алаған қолым — береген", "Мал тапқан ердің жазығы жоқ", "Байдан үмітсіз —
Құдайдан үмітсіз", "Қарның ашса, қаралы үйге шап", "Қайраңы жоқ көлден без,
қайыры жоқ елден без" деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.
Бүл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым
үшін, білім үшін, əділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейді екен,
ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап, мақтап
алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен, егер малды болса, əкесін
жаулауды да ұят көрмейді екен. Əйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік,
соған ұқсаған қылықтың кайсысын болса да қылып мал тапса, жазалы демесек
керек екен.
Бұларының жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл
ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса,
жерге өне жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма
артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ,
безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?


6. Алтыншы Сөз
Қазақтың бір мақалы: "Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік" дейді.
Бірлік қаңдай елде болады, қайтсе тату болады — білмейді. Қазақ ойлайды:
бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дəулет ортақ болса екен дейді. Олай
болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал
іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес.
Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, дін басқа, күні басқалар да жалданып
бірлік қылады. Бірлік малға сатылса антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай
бірлік қылса керек, сонда əркім несібесін Құдайдан тілейді, əйтпесе Құдайдан
тілемейді, шаруа іздемейді. Əуел біріне бірі пəле іздейді. Не түсін, не ажарын,
не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пəле салып, қорғалатып, əйтеуір бірін-бірі
алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
"Ырыс алды — тірлік" дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден
шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп,
бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып,
жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек кылудан, қызмет қылудан кашып,
еріншек атанып, дүниеде əлгі айтылған ырысқа дұспан болады.
Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің
тірі болсаң да, кекірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.
Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Əзір тамақ, əзір ас,
Сыртың — пысық, ішің — нас,
Артын ойлап ұялмас,—
болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі
артық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет