Ол
болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң,
момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып,
жəрдемі тиеді деп, егер
қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан
келеді деп.
Осы күнде қазақ ішінде "ісі білмес, кісі білер" деген мақал шықты. Оның
мəнісі: "ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалығынан жетерсің"
деген сөз.
Үш жылға болыс сайланады. Əуелгі жылы: "Сені біз сайламадық па?"— деп
елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні
етеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап, тағы болыс болып қаларға мүмкін
болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды?
Осы қазақ халқынық осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға
төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келді: Халықтық болыстыққа
сайлаймын деген кісісі пəлен қадəрлі орысша образование
5
алған кісі болсын.
Егер де орталарында ондай кісісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный
начальник бірлəн военный
губернатордың назначениесі
6
бірлəн болады десе,
бұл халыққа бек пайдалы болар еді. Аның себебі: əуелі қызметқұмар қазақ
балаларына образование беруге ол да — пайдалы іс, екінші — назначение
бірлəн болган болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар
еді.
Уа жəне назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік
арыз берушілер азаяр еді, бəлки жоғалар еді. Уа жəне əрбір болыс елде
старшина басы бір би сайланғандық, бұл
халыққа көп залал болғандығы
көрініп, сыналып білінді. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде əрбір сайланған
кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның "Қасқа жолы", Есім
ханның "Ескі жолын", Əз Тəуке ханның "Күл төбенің басында күнде кеңес"
болғанда "Жеті жаргысын"
7
білмек керек. Əм, ол ескі сөздердің қайсысы заман
өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына
татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді,
ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.
Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: "Би екеу болса, дау
төртеу болады'' деп. Оның мəнісі — тақ болмаса, жүп билер таласып, дау
көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, əрбір болыс
елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе,
жаманшылығы əшкере білінгендікпенен түссе, əйтпесе түспесе.
Ол
билерге даугер адамдар қарамай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып,
үстіне біреуді посредникке
8
сайлап алып, біте берсе, егер оған да ынтымақтаса
алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе,
соңда дау ұзамай бітім болар еді.
5
Білім
6
Қызметке тағайындау
7
Тəуке ханның заң жинағы
8
Араға жүруші адам