Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет15/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
22. Жиырма Екінші Сөз
Дəл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлейін деп
ойладым.
Байды қадірлеймін десең бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркі
өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге
қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып
бердім деп. Ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес,
мырзалық та емес, өз елімен өз жерімен ойрандасып, ойсыздарға қойнын ашып,
малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаган
соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нəрсесі жоқ, еріксіз кім
болса соған жеміт болып жүр.
Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш
мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Кейбіреуі
к...не құрым киізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз
кім болса соған талтайып емізіп жүр.
Болыс пен биді құрметтейін десең Құдайдың өзі берген болыстық пен билік
елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің
ешбір қасиеті жоқ.
Мықтыны сыйлайын десең, жаманшылыққа елдің бəрі мықты, жақсылыққа
мықты кісі елде жоқ.
Есті кісіні тауып құрметтейін десең, əділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ.
Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бəрі де есті.
Ғаріп-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол
момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те
жайы бар.
Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер
емес.
Жə, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған
болыс-билер тұра тұрсын. Əлбəттə, амал жоқ, момындығынан "Ырыс баққан,
дау бақпас" деген мақалмен боламын деп бергенімен жаға алмай, жарымын
беріп, жарымын тыныштықпен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып
жүрген шын момын байларды аямасаң, һəм соның тілеуін тілемесең болмайды.
Сонан басқаны таба алмадым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет