Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет17/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
Байланысты:
潫óá ìếñá¡¿´ - Çíá®

24. Жиырма Төртінші Сөз
Осы күңде жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі
миллион
18
қазақ бар.
Біздің қазақтың достығы, дүшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі,
енер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды.
Бірімізді-біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз.
Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын
үш айналып көрген кісі толып жатыр.
Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-біріміз аңдып өтеміз бе?
Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды
түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?
Əй, не болсын! Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі
құртпай, құрымай тыныш таба ма?
18
Бұл жерде Абай шамамен айтып отыр. Абай тұсында, 1897 жылы жүргізілген халық санағы бойынша, Ресей империясы
шегінде тұратын қазақтардың жалпы саны 4 миллион 84 мың болған (Я. Е. Володарский. Население России за 400 лет.
ХҮІ-ХХ начало вв. М. 1973, с. 111).


25. Жиырма Бесінші Сөз
Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі
танырлық қана таза оқытса болады. Аның үшін бұл жер Дар əл-Харб
19
, мұнда
əуел мал табу керек, онан соң ғараб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңіліне
ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың
тапшылығы да, ағайынның араздығына уа əр түрлі бəлеге, ұрлық, зорлық,
қулық, сұмдық секілді нəрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нəрсе. Мал
тапса, қарын тояды. Онан соң білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін, не
балама үйретейін деп ойына жақсы түседі.
Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да — бəрі орыста тұр.
Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын
білмек керек. Аның үшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның
тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Əрбіреудің тілін өнерін білген кісі
соныменен бірдейлік дағуасына
20
кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де
жақсы — білгендік.
Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан əке-шешесін, ағайын-
жұртын, дінін адамшылығын жаурыннан бір қаққанға сатады. Тек майырдың
күлгені керек деп, к... ашылса да қам жемейді. Орыстың ғылыми, өнері —
дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Лəкин осы күнде орыс
ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам
екен дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда
табады екен, соны үйретейін, мені көріп жəне үйренушілер кебейсе,
ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына
көнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп,
жұрт қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Қазірде
орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі:
ата-анасы, ағайын-туғаны бір жағынан бұзып жатыр. Сөйтсе де осы оқыған
балалар — ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді
ұқтырса болады оларға. Жақсы атаның балалары да көп оқыған жоқ, қайта
кедейдің баласын орысқа қорлап берді. Олар осыдан артық қайда барсын?
Жəне де кейбір қазақтар ағайынымен араздасканда: "Сенің осы зорлығыңа
көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем
бе!" деуші еді. Осындай жаман сөзді, Құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай
айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? Сонда да өзге қазақ
балаларынан артық үйренгені немене, қай кеп үйреніпті? Кірді, шықты, ілді,
қайтты, түбегейлеп қуған бала да жоқ. Əкесі ел ақшасыменен оқығанға əрең
оқытады, өз малын не қылып шығарсын?
Турасын ойлағанда, балаңа қатын əперме, енші берме, барыңды салсаң да,
орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол — мал аяр жол емес.
19
Қауіпті, бүлінген, Ислам діні қонбаған жер
20
(ар.
ةﻮﻋد
) – үндеу, шақыру, насихат


Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең — оқыт, мал
аяма!
Əйтпесе, бір ит қазақ болып қалган соң, саған рақат керсетер ме, өзі рақат
көрер ме, яки жұртқа рақат керсетер ме?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет