Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет9/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
11. Он Бірінші Сөз
Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нəрсе. Əуелі — ұрлық. Ұры
ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып тағы да байимын деп
жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр.
Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып "пайдаланам"
деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші — бұзақылар біреудің
ойында жоқ пəлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең көп боласың,
бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы əлек болып
жүр. Кім азса мен соған керек боламын деп, к... қыздырып алып, өзін біраз гана
азық қылайын деп жүр.
Ұлықтар "пəлі-пəлі", бұл табылған ақыл екен, мен сені бүйтіп сүйеймін деп,
ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша
үйім бар, сонша ауыл таяғыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп
бергенге партиялас боламын деп, Құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп
басын, ауылын, қатын, баласын сатып жүр.
Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді. Шаруа да қылар еді.
Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді.
Енді жұрттың бəрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың,
серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай
болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?


12. Он Екінші Сөз
Кімде-кім жақсы дүр, жаман дүр ғибадат қылып жүрсе, оны ғибадаттан
тыюға аузымыз бармайды, əйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы
жоқ қой дейміз. Лəкин сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де,
қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Əуел — иманның
иғтиқатын
9
махкамлемек
10
керек, екінші — үйреніп жеткенше осы да болады
ғой де-мей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін
қойса, оны Құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа лəкин, кімде-кім иман
неше нəрсе бірлəн кəмелəт табатұғынын уа неше жерден бұзылатұғынын
білмей, басына шалма орап, бірəдар атын көріп, рузашыл, намазшыл болып
жүргені көңілге қалың бермей тұрып жыртысын салғанға ұқсайды.
Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласымен өзін-өзі аңдып, шын
діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.
9
(ар.
دﺎﻘﺘﻋا
) – нану, сену
10
(ар.
ﻢﮑﺤﻣ
) – мықты, сенімді деген сөзден құрастырылған етістік мықтамақ, күшейтпек




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет