Ақбай Мөлдір Позитивті ойлау


Позитивті ойлау мақсатқа жетуге қалай кедергі келтіреді?



бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі27,73 Kb.
#15570
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
позитив Ақбай Мөлдір

Позитивті ойлау мақсатқа жетуге қалай кедергі келтіреді?


Габриэль Эттинген өзінің әріптестерімен бірлесе отырып,  бірнеше ондаған жыл ішінде  жүргізген зерттеулер нәтижесінде позитивті ойлау мен төмен нәтижелілік арасындағы байланысты анықтады.

The Motivating Function of Thinking About the Future: Expectations Versus Fantasies экспериментіне сүйіктісі алыста тұратын студенттер тартылды. Тәжірибеге қатысқан студенттерден сүйікті адамымен кездесуге олардың дайындығы, сондай-ақ оқиғалық қарым-қатынастың болашақ көрінісін сипаттап беруі сұралды.

Бес айдан кейін ғалымдар тәжірибеге қатысқан студенттерді тағы да бақылауға алды. Нақты жағдайда  көптеген қатысушылар өздерінің болашақтары туралы қиял дүниелерді алға тартқан, позитивті ойлағандар арасында қандай да бір нақты әрекеттер қабылдағандар саусақпен санарлықтай болып шыққан.

Өз кезегінде Габриэль Эттинген мұндай экспериментті басқа ел өкілдерінің қатысуымен де жүргізіп көрді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес позитивті фантазия көпшілік жағдайда оң нәтиже бермейтіндігі анықталды.

Жалпы бастапқы кезде позитивті ойлау нәтижелілікті жоғарлатады, өйткені ол ойдың босаңсуына мүмкіндік береді. Сосын ол бізден энергияны тарта бастайды. Positive fantasies about idealized futures sap energy эсперименті аясында ғалымдар қатысушылардың болашақ туралы бірнеше  минутқа созылған позитивті фантазиясын бақылап көрді. Осы уақыт ішінде олардың систолалық қысымдары айтарлықтай төмендеп кетті.

Жақсы нәтиже туралы фантазия біздің мақсатқа қол жеткізгендігімізді сезінуге мүмкіндік береді. Алайда қорытындысында біз ол бойынша нақты әрекеттер жасамаймыз, позитивті ойлау қиял түрінде қалып қояды.

Ал зерттеу барысында жетістіктерге күдікпен қараған қатысушылар өздерінің мақсаттарына жету үшін көп күш-жігерлерін жұмсағандығы анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет