«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
Авторлық көзқарас негізінде ойға түйгенім, ұлы Абай өлеңдерін аударуда ақынның
түпкі ойын, даналығын басқа тілде толықтай, тура жеткізу оңай емес. Оған қазақ тілінің
басқа тілдерден, мысалы, орыс, ағылшын тілдерінен грамматикалық, лексикалық,
құрылымдық айырмашылықтары, Абай философиясының тереңдігі, дана ақынның сөз
саптауы, бейнелеу құралдары, ұлттық калорит, діл мен дін айырмашылықтары,
аудармашылардың түпнұсқа тілін түсінбеуі, т.б. себеп. Көп аудармалардың түпнұсқадан
тікелей емес, жолма-жол аудармадан жасалуы да соның салдары болып табылады. Ал
жолма-жол, дәлме-дәл, сөзбе-сөз аудармалар ешқашан толыққанды поэтикалық аударма
бола алмайды. Алайда қолда бар дүниені қастерлеп, аудармашылар еңбектерін құрметтеп,
оларды салыстырмалы түрде қарасақ, Ю. Кузнецов пен М.Адибаев аудармалары
поэтикалық аударма үлгісіне сай, мазмұны мен пішіні жағынан түпнұсқаға жақын
аудармалар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: