Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы



Pdf көрінісі
бет54/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   84
АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ САТИРАСЫ 
Райхан Мәдина Сәмбетбайқызы 
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 
СТУДЕНТІ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ, ҚАЗАҚСТАН 
auditor.59@mail.ru 
Ғылыми жетекші: Пертаева Эльмира Құлибайқызы- ф. ғ.к., доцент. 
92 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
АҢДАТПА. 
Мақалада Абайдың сатиралық өлеңдерінің бір тобы
 

 
жеке адамдардың
 
ұнамсыз мінез-қылығын ашуға арналған. Абайдың сықақ өлеңдері мен тұрмыстық 
эпиграммаларына талдау жасалған. 
Кілтті сөздер: сатира, юмор, сарказм, эпиграмма, деталь 
АННОТАЦИЯ. 
В статье раскрывается группа сатирических стихотворений Абая-
непревзойденного поведения отдельных людей. Проанализированы юмористические 
стихи и бытовые эпиграммы Абая. 
Ключевые слова: сатира, юмор, сарказм, эпиграмма, деталь 
ABSTRACT. 
The article reveals a group of satirical poems by Abai - the unsurpassed 
behavior
 
of individuals. The humorous poems and everyday epigrams of Abai are analyzed. 
Keywords
: satire, humor, sarcasm, epigram, detail 
Сатира да – әдебиеттің өзге жанрлары секілді өмірді, құбылысты танудың, сұлулық пен 
әсемдікті, жақсылық пен жамандықты бағалаудың ең көне үлгісі. Өйткені, адам санасы 
жетілгенде, оның қоршаған ортаға, әр алуан адамдар арасындағы қарым-қатынасқа белгілі 
дәрежеде сыни көзқарасының, қатысының орнығуы заңдылық. Дүниеде не жақсы, не 
жаман, жақсылықтың, жамандықтың негізі неде деген әр алуан мәнді сұрақтар ықылым 
заманнан бері адамзатты ойлантқаны белгілі. Мұның небір ғажап мысалдарын алысқа 
бармай-ақ қай елдің болмасын ауыз әдебиеті үлгілерінен көруге болады. 
Ол жайында Т.Қожакеев: «Қазақ халқы да өмір үшін талай алыс-жұлыс, талас-
тартысқа түскен. Әділетсіздік пен теңсіздікке, жамандық пен оңбағандыққа еш төзбеген. 
Ондай дерттерге ашуланған, ызаланған, жырымен, тілімен соққы беріп отырған. Бұл ретте 
өзінің өткір тілді, шешен де тапқыр, әзілкеш жұрт екенін еркін танытқан. Біздің ел бірде 
күңіреніп, бірде күйзеліп, тағы бірде жадырап жүріп ұлттық юморын, әр қилы күлкі-
сықақ, аңыз-әңгімелерін мол туғызған» – деп жазса [1, б.14], ғалым М.М.Тлеужанов: 
«Сатираның алдына қойған мақсаты – қоғамның өрескел жақтарын сатираның объектісі 
ете отырып, әшекерлеу. Қазақ әдебиетіндегі туындыларға көз жүгірте келе, біз олардың 
қатарында сатира мен юмор кездеспейтіндері кемде-кем екендігіне күмән келтіре 
алмаймыз», – деп атап көрсетеді [2, б.141]. 
Ал, М.Әуезов халық ауыз әдебиетін зерттей келе: «...қазақтағы бұл алуандас 
ертегілердегі сатиралық элементтерді айқындап ашу қажет», – деп тек ертегілердің өзінен 
бұл түрдің санқилы сипаттарын танып, қазақ әдебиетіндегі сатираның болашақта 
зерттелетін мәселе екеніне баса назар аударған [3, б.13]. 
Қазақ сатирасы Абай дәуірінде бірқыдыру өрлеу тапты. Ол көп ақын, жазушылардың 
шығармашылығынан салмақты орын алып, түр, мазмұн жағынан толығып, молықты. 
Бұған да тарихи, обьективті себептер болды. Ең алдымен, бұл дәуірде Қазақстан Ресейге 
түгелдей қосылып бітіп, қоғамдық дамудың жаңа жолына ойысты. Оның экономикалық, 
рухани өмірінде елеулі өзгерістер жасалды. Ресейдің озат әдебиеті мен мәдениетінің 
сахарадағы әсер-ықпалы артты. Бұл жағдай алдыңғы қатарлы адамдардың сезім-санасын 
оятып, жетілдіре түсті. Көңіл көзі ашылып, ол қоғамның келеңсіз құбылыстарына жирене 
қарайтын, оны шенейтін дәрежеге көтерілді. 
Осыдан барып қоғамдық өмір дамуында бұрынғы хандық дәуір мен ру-ақсақалдық 
заманды көксеген ағыммен қатар, Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылық бағыт 
пайда болды. Енді осы екі ағым – ескі мен жаңаның арасында кескілеспей бітіспес 
93 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
қайшылық, талас-тартыс туды. Кертарта ағым керіге оралуға жан салса, ағартушы-
демократ ағым ескіні, тоқырауды тас-талқан етіп, жаңаға жол ашуға күш салды. 
Осы қайшылық, таластың күшеюі сатира, юмордың өрлеуіне түрткі болды. 
Өйткені, күлкі, келемеж әр уақытта қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтан туады. Демек, бұл 
тұста да ағартушылық-демократтық бағыттың кертартпа бағытқа қарсы күресі сатира, 
юморды жиірек пайдалануға итермеледі. 
Абай дәуіріне қарай қазақ сатирасының көтерілуіне екінші себеп: бұл тұста сахараға 
орыс халқының классикалық сатирасы келді. Ол, біріншіден, оның айдалған, жер 
аударылған революционерлері арқылы жетті. Олар патшалық құрылысты құртуға ащы 
әжуа, өткір сөзімен күресіп жатқан орыс сатириктерінің атын атай, шығармаларын 
таныстыра келді. 
Орыстың классикалық сатирасы, екіншіден қазақтың өзінің орыс мектептерінде 
оқығандары арқылы жетті. Г.Потаниннің айтуынша, Абайдың кадет корпусында оқыған 
інісі Халиулла Өскенбаев еліне келгенде ауыл адамдарын жинап алып, орыстың роман, 
повестерімен таныстыратын болған. Талай кітаптардың мазмұнын әңгіме етіп, айтып 
беріп жүрген. 
Ұлы Абай да орыстың классик сатириктерімен осы екі жол арқылы танысып, солардан 
үйренуге, соларды насихаттауға ден қойған. Қазақ елі ішіндегі өсек-аяңмен күн кешіп 
жатқан жастардың Толстойдай данышпаннан, Салтыковтай сатириктен хабарсыз екеніне 
кейіген. 
Абай дәуірінде қазақ сатирасының дами түсуіне үшінші себеп: бұл тұста әдебиеттің 
көрінер аренасы – дүркінді баспасөз пайда болды. «Түркістан уалаяты газеті» (1870-1882), 
«Дала уалаяты газеті» (1888-1902) шықты. Қазақ сатирасын дамыта түсуге бұл газеттер 
екі түрлі жолмен ықпал жасады. Бірінші жол – олардың өзі сын-сықақ шығармалар 
жариялап отырды. 
Екінші жолы – олар өзінің сын материалдарымен сатира нысаналарын, сықақталуға 
тиісті нәрселерді көрсетіп, ақын-жазушылар аузына сөз салып отырды. 
Сөйтіп Абай дәуірінде қазақ сатирасының өрлей түсуіне осындай тарихи үш жағдай 
себеп болды. 
Абайдың сатиралық мұрасын жазылу түрі, формасы жағынан 3 топқа жіктеуге болады. 
Оның бірі – тұрмыстық эпиграммалар. Бұлар ақынның өз құрбы-құрдас, жора-жолдас, 
қыз, жеңгелеріне арнаған бір қақпайлары түрінде келеді. Оларда өз замандастары 
бойындағы жеке мін, кемшіліктерді әзіл-шыңын араластыра отырып шенейді. Ұялтып, 
қызартып, жөндем еткісі келеді, ұнамсыз қылық-мінезден арылтуға тырысады. Яғни, ол 
гуманист, моралист ретінде көрінеді. 
Тұрмыстық эпиграммаларында Абай әжуа еткен кемшілік-міндер әр қилы, алуан 
сыпатты. Оның бірінде ақын Жамантайұлы Көжекбайдың өсекшілдігін, ел арасын 
бүлдіріп жүретін мінезін сықақтаған. «Шәріпке», «Қара қатынға» атты эпиграммаларында 
замандас кейбір келіншектердің ұстамсыздығын, нәпсіқұмарлығын, көңілшектігін бетіне 
басқан. Академик М.С.Сильченко: «Естеліктерге қарағанда, 14-17 жасар Абай бірсыпыра 
сатиралық экспромт-арнаулардың авторы болған» дегенде осындай эпиграммаларын 
дәлелге алған [4, б. 16]. 
Әйелің – Медет қызы, аты – Өрім, 
Айына бір жумайды беттің кірін. 
Ер кезек ер жігітке үшке дейін, 
Бір боқты тағы бас та және сүрін,– 
деген эпиграммасын замандасы Қайранбай екінші әйел алмақ болғанда айтыпты. 
Мұнда ақын, бір жағынан Қайранбайдың бар әйелінің настығын мысқылдаған. Әрі 
замандасын тағы да осындай бір жаман әйелге ұрынып, саныңды соғып қал деген теріс 
тілекпен әжуалаған. 
94 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Ақынның тұрмыстық эпиграммаларының бірсыпырасы зілсіз болып келеді. Олардан 
сыналушыға деген ақын симпатиясы, шуақты көңілі сезіліп жатады. Мысалы, бір 
эпиграммасын Қиясбайдың көңілді мінезін, күлдіргіштігін, жүрген жерін думандатып 
әкететін әдетін паш ету үшін жазған. Басына қауіп қара бұлты төніп келе жатса да, уайым, 
қайғы қылмайтын қасиетіне ризалық білдірген. «Назарға» дегені жөнінде де осыны айтуға 
болады. 
Абай эпиграммаларының жазылу әдісі де әр қилы. Ойды әсерлі жеткізу ниетімен ақын 
алуан-алуан «жүріс» жасайды, тәсіл қолданады. Кейде ол бір қажетсіз қылық, теріс 
түсінікті екінші бір болмыс-құбылыспен салыстыра, жарыстыра отырып, теріске 
шығарады. Мысалы, «Ғабидоллаға» арнаған эпиграммасында жетпіске жетем деп 
әуреленіп, әлектеніп жүрген саудагерді теректей боламын деп өзін-өзі қинаған 
жауқазынмен салыстырған. Жауқазынның жылы жаз күніне мас болуы мен Ғабидолланың 
өз дүниесіне мастануын параллель еткен. Боламын деп жүргенде қажыры қайтып, 
қартайып қалған Ғабидолла өмірін күз түсіп, тамырын үсік шалып, ақыры терек түгіл 
бетегеге жете алмай қалған жауқазын тағдырымен мысалдап айтқан. Осындай салыстыру, 
тімсәлдеу эпиграмманы әсерлі еткен. 
Ал оңды әйел ала алмай, қор болып жүрген Дүйсенқұлға арнаған эпиграммасында жас 
қыз алмадың дегенді «Ала жаздай көгалды бір көрмедің» тағыда шыққан әйел алдың 
дегенді «Сары жұртқа қондың бір ірге аударып» деп бейнелеп жеткізген. 
Абай сатирасының екінші саласы – сықақ өлеңдері. Бұл топтағы туындыларында ол 
қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелерді қозғаған. Көбіне өз тұсындағы ел билеу 
жүйесінің берекесіздігін, былыққа батқан ұлық, болыс сымақтарды, әкім-пысықтарды, 
олардың кісі күлерлік бейшара қылығын әшкерелеуді мақсат етеді. Солардың ішіндегі ең 
уыттысы– «Болыс болдым мінекей» сатирасы. 
Абайдың сатиралық өлеңдерінің бір тобы – жеке адамдардың ұнамсыз мінез-қылығын 
ашуға арналған. Олардың шартты түрде жазылғандарында кейбір жастардың жеке 
басының міні, теріс жүріс-жорығы мінеледі. Ұнамсыз да ұсқынсыз кейпі жасалады. Егер 
ақын жоғарыда талданған саяси өлеңдерінде сын нысанасының кім екенін олардың іс-
қылығымен аңғартса, мораль, этика тақырыбына жазған сықақтарында психологиялық 
детальдармен аңғартады. Кейбір жастардың мақтаншақтығын, кеселді іске үйірлігін, 
шаруаға олақтығын, қияли қыдырымпаздығын сынайтын «Адасқанның алды–жөн, арты– 
соқпақ» өлеңіндегі: 
Керегеге сабауды шаншып қойып, 
Бөркін іліп қарайды жалтақ-жалтақ, – 
деген жолдардың біріншісінде есерсоқтық, кісі күлерлік қимыл-қылығы көрсетілсе, 
екіншісінде психологиялық деталь бар. Бөркін сабауға іліп қойып, оған сұқтана қарап, мәз 
болу адамның санасын, психологиясын аңғартады: 
Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып, 
Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ, – 
дегенде де мимикалық психологиялық детальмен кейбіреулердің кім екені айқынырақ 
ашылған. 
Абай жарамсыз қасиет-мінезді сықақтайтын өлеңдерінің бірсыпырасын нақты 
адамдарға арнап жазған. Туған ағасы іштей өзіне жауыққан. Оразбаймен бірігіп, қастық 
істеуге дейін барған Тәкежаның пасықтығын, қараниеттілігін әшкерелеп, «Тәңірбергенге» 
деген сықақ қалдырған. Мұнда бауырының дүниеде өзінен басқа жан жоқтай сезінетіндігі, 
әлдеқандай боп жүретіндігі, тіпті салмақситын сыртқы бітімі де аңғартылған. Ақынның 
айтуынша, оның бәрі – табиғи мінез-құлық емес, малдың, дүниенің буы, көңілдің, көздің 
майының өсуінен пайда болған қылық. «Бай», «бай» дегенге мастанғандық, «қайырымсыз 
малға желіккендік». 
«Семіздікті тек қой көтереді». Дүние, дәулет ақылсыз адамды бұзады. Малдылық, 
баршылық Тәкежанды да бұзған, ол «өз тамағым тоқ, қайғым жоқ» деп ағайынмен 
95 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
амандасуды, жөн сұрасуды қойған. Ағайын басына іс түссе, жаны ашудың орнына, «шоқ-
шоқ» деп табалайтын болған. 
Бұл өлеңінде ақын Тәңірбергеннің сатиралық образын жасау үшін портреттік 
детальдарды да пайдаланған. «Маң-маң басып» деген сөздермен оның сырт бітімі аюдай 
балпаңдаған, олақтау, сылбырлау кісі екені аңғартылған. Сөйтіп әділдік жолында әкесін 
де аямаған Абай бауыры Тәкежанды да сойып салған. Кейінгі ұрпаққа оның пасық 
психологиясын паш етер сатира қалдырған. 
Абай өз күйеу баласы Дүтбайдың да ұнамсыз мінез-қылығын, ішкі арам дүниесін терең 
үңіле ашқан. Ақын суреттеуінде Дүтбай бірде мұңлана, бірде сұрлана қалады. Жылмыңдап, 
жылпылдап та кетеді. Бірақ, көзге солай етіп, артынан пыш-пыш өсек жаяды. Бояудай оңып, 
«жын сықылды бұзылып», «тұрлауы жоқ құбылып» тұрады. Яғни айнымалы, екі сөзді. Ақын 
оның осы мінезін ашып, осы мінін қайталап-қайталап мойнына қояды. 
Абайдың бұл өлеңдері түр жағынан – сатиралық портреттік суреттемелер. Оларда 
болыстардың, Тәкежан, Дүтбай және басқалардың іс-тіршілігі, жүріс-жорығы, 
психологиясы, келбет бейнесі ашылады. Соларға мінездеме беріліп, нендей адамдар екені 
айтылады. 
Ақын бірсыпыра сықақ өлеңдерін басқа түр – формада жазған. Оның «Қартайдық, қайғы 
ойладық, ұлғайды арман», «Антпенен тарқайды», «Бойы бұлғаң» өлеңдері – сатиралық 
шолулар. Бірінші аталған өлеңде қазақ тұрмысындағы көп міндерді аңғартады. «Алам, алам» 
деп аузын ашып тұрғандарды мұрнынан тізіп, сыпыра әшкерелеп шығады. Өз тұсындағы 
кеудесінде жаны бардың бәрінің біреуден алсам деп, жүткініп тұратын мінезін, «берем» деген 
жан жоқ екенін күйіне сынайды. «Антпенен тарқайды» өлеңінде де Абай ел ішін жайлаған 
індет-дерттерге шолу жасайды. «Ор қазып байқайды туа жау емеске» деп қазақтағы өзара 
қастықты, пәлеқорлықты, «Пысықтар шалқайды таласып теңдеске» деп, бақталастықты 
әшкерелейді. Ақын мұнда жегіштікті де, өсімқорлықты да сынаған. 
Абай жеке адамдардың мінез-құлқын ашуға арналған сықақ өлеңдерінде 
психологиялық, портреттік детальдерді, суреттемелерді орнымен пайдаланды. Сатиралық 
шолулар «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Антпенен тарқайды», «Бойы 
бұлғаң» өлеңдерінің басты белгілеріне айналған. 
Әдебиет өмір шындықтарын көркем бейнелеуге негізделсе, сатирада да өнер ретінде 
барлық шындық-бастауы өмірден, қоғамдық жағдайдан нәр алады. Сондықтан әр кезеңде, 
қоғамдық қатынаста көрінетін басты мәселелер сатирада да өз көрінісін, бейнесін тауып 
жатады. Бірақ байқалатын бір ерекшелік – адамдық құндылықтар қай кезде де маңызды. 
Сондықтан да қоғамдық жағдайдың көрінісімен айқындалғанымен, адамдық 
құндылықтарға кереғар келетін, зиянын тигізетін барлық залалды жайлар қай заманда 
болмасын сатираның ескірмейтін объектісі болып табылады. Ойымызды бір ғана 
мысалмен дәлелдейік: жалқаулық, берекесіздік, масылдық, сараңдық, ойсыздық т.б. бұл 
қай қоғамда да болмасын сатираның тұрақты нысанасы. 
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырда сатира кеңінен дамып, түр, көркемдік амал-тәсіл 
алуандығы айқын көрінді. Тұрмыстық эпиграммалар, сатиралық портреттік суреттемелер 
мен шолу бұрынғыдан да гөрі кемелденді. Сюжетті сықақ өлең, уытты арнау мен айтыс 
өлеңдері, зілді шумақтар сатираның әлеуметтік мәнін күшейтті. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1 Қожакеев Т. Адам. Қоғам.Сатира. –Алматы: Қазақстан, 1980. –176б. 
2 Тлеужанов М.М. ХХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі сатиралық шығармалардың кейбір 
көркемдік приемдары. –Орал: Ғылым, 2009. –158б. 
3 Әуезов М.Әр жылдар ойлары. – Алматы: КМӘБ, 1959. – 245б. 
4 Сильченко М. Творческая биография Абая. –Алма-Ата, 1957. 
96 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет