Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы


АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ РЕТРОСПЕКЦИЯ



Pdf көрінісі
бет60/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ РЕТРОСПЕКЦИЯ 
ҚҰБЫЛЫСЫ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ЖАЛҒАСТЫҚ 
Айгерім Сеитмұрат 
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты 
Ғылыми жетекші: ф,ғ,д., профессор Ж.Ә.Аймұхамбет 
Аңдатпа. 
Мақалада мәтін ішіндегі ретроспекция амалының қолданылу сипаты 
мен
 
оның 
көріну 
жолдары 
баяндалды. 
Ретроспекция 
амалына 
қатысты 
әдебиеттанудағы,тіл біліміндегі зерттеулерге шолу жасалды. Аталған көркемдік 
тәсілдіңмәтін ішіндегі орны, композициялық-құрылымдық сипатықарастырылады. 
Түйін сөздер: 
мәтін,
 
ретроспекция,
 
хронотоп,
 
автор,шақ 
Ретроспекция – өткенге көз жүгірту, әдеби термин ретінде екі мағынада қолданылады: 
– Бұрында өткен оқиға; 
– баяндау құралы [1] 
Ретроспекция ұғымын түсіндіруде уақыт пен кеңістік терминдерін қолданудың 
маңызы зор. Ал бұл ғылыми терминдерді зерттеуде М.М.Бахтин, Б.А.Успенский, 
С.Лихачев,Н.Ф.Ржевская сынды ғалымдардың еңбектерін айтуымызға болады. 
Уақыт пен кеңістік ұғымын ғылымда «хронотоп» деген терминімен түсіндіріледі. Бұл 
термин жөнінде М.Бахтин мынадай пікір білдіреді: «Уақыт белгілі кеңістікте 
айқындалады және кеңістік уақыт арқылы өлшенеді»[2.127] Демек, мәтіндегі ең маңызды 
компонеттің бірі ретінде уақытты алуға болады. 
Автор көркем туындыны уақыт арқылы артқа шегіндіре алады. Сол арқылы өткен 
шақта болған оқиғаны оқырманға жеткізеді. Ал осы артқа шегіну арқылы оқиғаны 
суреттеу құбылысын ретроспекция деп айқындаймыз. 
107 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Ретроспекция көркем шығармада композиция, авторлық позиция, қаһарман бейнесі, 
сонымен қатар көркемдегіш құралдар деңгейінде көрініс табады [1]. 
Ретроспекцияның тағы бір ерекшелігі, мәтінде «маркерлер» арқылы беріледі. Осының 
нәтижесінде «ұмыт болған» ақпарат оқырман назарына ілігеді. Мұндай «маркерлердің» 
екі түрі бар: тікелей және жанама. Тікелей амал-тәсілдерге грамматикалық маркерлер 
жатады. Олар: осы, өткен, келер шақ етістік формалары, жекелеген сөздер мен уақытты 
сипаттайтын сөздер (кеше,өткенде т.б); жанама амал-тәсілдерге уақытты тура емес, 
астарлап жеткізетін тілдік құралдар жатады. Оған мысалы, мақсат, арман және т.б [3.87] 
Ғалым Меркулова ретпрспекцияның баяндалу тәсілдеріне қарсы мәндес сөздерді, 
уақытты және шақты қарсы қоюды (осы шақ – өткен шақ, келер шақ – өткен шақ), 
қайталауды жатқызады [4]. 
Көркем мәтінде ретроспекцияның объективті-авторлық және субъективті-оқырмандық 
деп аталатын екі түрі көрсетіледі. Объективті-авторлық деп аталатын түрінде автордың 
тарапынан әр түрлі амал-тәсілдер немесе маркер сөздердің қолдануы арқылы жүзеге 
асырылса, субъективті-оқырмандық ретроспекцияда оқырманның қабылдауының 
нәтижесінде іске асырылады 
[5,107]. 
Поэзия жанрындағы туындыларда бұл тәсілдің өзіндік орны бар. Мәселен, ұлы ақын 
Абай Құнанбайұлы өлеңдерінде ретроспекция құбылысы маңызды орын алады, сонымен 
қатар бұл термин кейінгі буын ақындарының шығармашылығынан да орын алып, 
көркемдік дәстүр жалғасын тапты. Ұлы суреткер ретроспекция тәсілін айқын мазмұн, тың 
суреттеулермен жүзеге асырады. Ақынның «Ескілік киімі» өлеңіндегі үзіндіге назар 
аударсақ: 
Ойланып,ойға кеттім жүз жылғы өткен, 
Тоң қабаттап кигенім-шидем,шекпен. 
Жейде-дамбал ақ саннан, жарғақ шалбар, 
Жырым балақ матамен әдіптеткен [6,135]. 
Ақын өткенге қайта бұрылу арқылы өткен шақта өткен оқиғаны оқырманның көз 
алдына әкеледі. Ғалым Е.В. Гнусарькованың айтуы бойынша, бұл тікелей ретроспекцияға 
жатады. Өйткені мұнда автор «жүз жылғы өткен» деген өткен шақты еске алатын 
уақытты белгілейтін сөз тіркестерін қолданған. Сонымен қатар бұл өлең жолдарын 
субъективті-авторлық ретроспекцияның үлгісі ретінде тануға болады. Яғни, өткен 
шақтағы іс-әрекет пен көрініс автор санасында қайта жаңғырып, уақытты кері бұрады. 
Ал келесі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлең жолдарына үңілсек: 
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім. 
Ержеткен соң түспеді уысыма, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім [6, 11]. 
Мұнда да ақын «Жасымда» деген уақыт мезетін көрсетете отырып, субъективті-
авторлық ретроспекцияның үлгісін жасайды. Сонымен бірге «ескермедім», «тексермедім» 
деген өткен шақ формасындағы етістіктерді қолдану арқылы өткенге ой жүгіртеді. 
Келесі «Есіңде бар ма жас күнің» атты өлең жолына назар аударсақ: 
Есіңде бар ма жас күнің, 
Көкірегің толық, басың бос, 
Қайғысыз, ойсыз, мас күнің – 
Кімді көрсең, бәрі дос [6, 103]. 
Бұл жерде ақын жас күнін ойға ала отырып,өткенге бұрылады, көз тастайды: 
Махаббат, қызық, мал мен бақ 
Көрінуші еді досқа ортақ. 
Үміт жақын, көңіл ақ, 
Болар ма сондай қызық шақ? 
108 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Ақын өткен жастық шағын сағына жырлайды. Өткен кезеңдегі оралмас сәттерді 
оқырман санасында қайта жаңғыртады. Ал келесі жолдарында: 
Құдай-ау, қайда сол жылдар, 
Махаббат, қызық мол жылдар? 
Ақырын, ақырын шегініп, 
Алыстап кетті-ау құрғырлар! 
Мұнда ақын «сол жылдар» деген уақытты көрсететін өткен шақтағы тіркесті 
қолданады. Шегіні, алыстап кеткен сәттердің қаншалықты қымбат екенін аңғартады. 
Ақын өлеңдерінде ретроспекция тәсілі шебер үйлесіммен беріліп, бояуы қанық, 
философиялық мәні терең суреттеулерге ұласады. 
Кез келген көркем туындыда ретроспекция құбылысы әр түрлі амал-тәсілдер немесе 
маркерлер арқылы көрініс табады. Сонымен қатар ретроспеция құбылысы кейінгі буын 
қаламгерлердің шығармашылығынан да орын алып келеді. Мысалы, Нұрлан 
Мәукенұлының «Алматы болды әуенім» атты өлеңінің үзіндісіне көз жүгіртсек: 
Жұмекен өткен жер еді, 
Кеңшілік кеткен ел еді. 
Жұматай жатқан төбе еді, 
Кезегі кімнің келеді? [7, 95] 
Ақын бұл өлеңінде ауылын, өскен жерін сағына жырға қосады. Бұл жерден,елден 
кім өтпеді деп, сол жерде өсіп-өнген текті тұлғаларды есіне алады. «Еді» деген өткен шақ 
формасындағы тіркесті қолдана отырып ретроспекция құбылысын тікелей тәсілімен 
жеткізеді. 
Ретроспекия құбылысы поэзиялық туындылардың негізгі желіінде, көркемдік 
құрылымында тұрақты көрінетін көркемдік тәсіл. Негізгі ерекшелігі сана түкпірінде 
сақталған оқиғаларды қайта жаңғырту арқылы көңіл күй қалпын, психологиялық ахуалды, 
жалпы өмірлік маңызды, мәнді сәттерді жеткізуі, сол арқылы оқырманға эстетикалық әсер 
сыйлауы. 
Әдебиеттер: 
1.
Шайтанов И.О. История зарубежной литературы. Эпоха Возрождения: В 2-х 
томах. Т. 2. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2001; 
2.
Гнусарькова Е.В. Ретроспекция Как Разновидность Временного Дисконтинуума // 
https://ipi1.ru/images/PDF/2017/115/retrospektsiya-kakrazno vidnost. pdf 
 
3.
Мағзұмов Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2012. – 184 б. 
4.
Меркулова М. Ретроспекция: Шекспировская модель ретроспекции в «Гамлете» // 
http://www.world-shake.ru/ru/Encyclopaedia/3770.html 
 
5.
Брусенская Л.А., Гаврилова Г.Ф., Малычева Н.В. Учебный словарь 
лингвистических терминов. – Ростов н/Д.: Феникс, 2005. – 256 с.
6.
Абай. Сен де бір кірпіш дүниеге. Өлеңдер мен қарасөздер. Алматы: Атамұра, 2014. 
– 208 б. 
7.
Мәукенұлы Н. Сұңқарбұлақ. Жыр кітабы. Алматы: «Жазушы», 2008. – 112 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет