Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы



Pdf көрінісі
бет78/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84
қайырымды іс

қызығушылық), дәфғы мұзарратларны (
зарарлыдан қашу
) айырмақлық секілді ғылым-
білімді үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады»[4,72] – делінген. 
Біз өз ойымызды бүгінгі күннен бастап тереңдете қарастыруды, яғни негіздеуді 
дұрыс көрдік. Өзіміз куә болып отырғандай бүгінгі бастаманың көрнекті Абайтанушы 
М.Мырзахметұлының он жыл бұрынғы пікірімен және Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны 
мен әдеби портретін сомдаған М.Әуезовтің жарты ғасыр бұрынғы жазған зерттеу 
еңбегіндегі ойларымен тоғысуы мақала мәтінінің түбегейлі зерттеліп, құндақталған ойдан 
туған құндылығы мен маңыздылығын танытады. 
Халқымыздың тарихына ұқсаған Абай ілімінің дүниеден өшіріліп қалмай бүгінге 
жетуі мен енді қоғамға толықтай қызмет етуге жұмсалуы біздің рухани жеңісіміз деп 
танылуы керек. 
Мысалы, академик М.Мырзахмет 2010 жылғы сұхбатында: «Абайдың үлкен ілімі 
бар «толық адам» бірақ, біз оны аша алмадық,» – дей келіп М.Әуезов бұл ілім туралы 
білсе де, дінге қатысты болғасын Абайды толық адам деп емес «нравственный, 
гармонический» тұлға,[2] – деп келтіргенін түсіндіреді. 
Ал діни ілімде «толық адам» − кемел адам. Кемел адам (араб. «инсан-и камил» - 
толық адам) - ақыл-ойы толысқан кісі. Діни ілімде кемел адам – (яғни) кісілікке жат 
қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан
мүлтіксіздің қалыбы мен негізіне мейілінше жақындаған асыл адам. Кемел адамның 
әрбірі ісі – темірқазықтай жол көрсетуші. ... бұл ұғымның арғы төркіні Жүсіп 
Баласағұнидің «Құтты білік» дастаны мен сопылық сарындағы туындылардан тамыр 
тартады. Қазақ әдебиетінде кітаби ақындар мен Абайдан бастап сөз болып келеді. 
Кемел адам туралы ой Абай шығармаларында толық адам, жарым адам, камили 
инсани, толық сөздер арқылы жүйелі түрде жауанмәртілік (көне түрік тілінде zomard-
жомарт) ілімі негізінде таратылып отырады. Осы энциклопедиялық анықтама-түсініктің 
бәрі ғалымның өзіндік ой-нұсқасында да тұспалдап айтылып кетеді. 
Абайдың адамгершілік негіздері туралы ой-пікірлері жауанмәртіліктегі ақыл, 
әділет, рахым жайлы ізгілік ұғымдармен сабақтасып жатады. Кемел адам сипатына тән 
нәрсе – нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек. 
Бұл – діни ілімді зерттей келе өз заманы мен туған халқының тағдырын бақытты 
етудің жолын іздеген Абай Құнанбаевтың «толық адам» яғни ақыл-ойы толысқан кісі 
ілімінің концепциясы. М.Мырзахмет бұл ілімді ашуда М.Әуезовті басшылыққа ала 
отырып, ақынның «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» – жолдарына мән береді. 
Ғалым Абай дүниетанымының Мұхтар Әуезов көрсетіп кеткен үш рухани бұлағын да 
атай отырып, Абайды толық тану үшін осы үш саланың әлі де болса тереңдеп өз 
дәрежесінде зерттелмегенін, қоғамда болған өзгерістерді себеп ете отырып, нақты 
түсіндіреді. Ғалымның айтуынша кеңес тұсында Әуезов көрсеткен бұл концепция 
бұзылып шығыс пен батыс бағытын бара зерттеу, яғни тереңдей зерттеу жүргізуге тиым 
салынғаны айтылады. Осы кезеңнен зерттеушілер Абайды тануда оның негізгі ілімінің 
жүрегі болып табылатын шығыс ғылымына мүлдем бара алмаған, керісінше ақынды орыс 
әдебиетіне қатысты зерттеу көлемді түрде қолға алынған. 
128 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Сонымен бірге ғалым Абай шығысының сырын ашу үшін араб, парсы, шағатай 
(ортағасырлық түркі) тілдерін біліп, исламиаттың тарихын түбегейлі зерттеп білуіміз керек. 
Оның әлеміне ұлттық шығыстық модель арқылы кірсек қана Абай ашылады, – дейді. 
Жолдамада «Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу 
деген сөз емес. Шын мәнінде бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен 
үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс» [1]екендігі айтылады. 
Ендеше, Абай қара сөзіне оралсақ, онда былай деп келтіреді: «Адамның ғылымы, 
білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық 
бірлән табылады. Ол – алланың ғылымы емес, Һәмманы білетұғын ғылымға ынтықтық, 
өзі де адамға өзіндік ғылым береді. Аның үшін ол алланың өзіне ғашықтық. Ғылым – 
алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтық өзі хақлық һәм адамдық дүр» [4,73]. 
Француз жазушысы Луи Арагон «Абай жолын» оқығаннан кейін мынадай ой түйіпті: 
«Әлемнің басқа елдерінен онымен тең түсетін шығарма табу қиын. Менің ойымша, бұл 
ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». Автор эпопеяда суреттеу шеберлігін 
танытқан. Эпопеяда адам образдарын жасайтын штрих, детальдар толып жатыр. 
Мінездеу, мүсіндеу, жинақтау – бәрі бар». 
Кейіпкердің сөзбен бейнеленген суреті І томда көптеп кездеседі. Рахманқұл Бердібаев 
шығармадағы портреттердің кескінделуі туралы былай деді: 
1.
Қаһарманның сырт келбетін толық келтіру. 
2.
Адамның бірер белгісін ерекше атап өту. 
3.
Адам портретін қайталап, әрбір қырынан толықтырып отыру. 
4.
Қаһарманның бет-жүзіндегі, денесіндегі ерекшелікті екінші бір адамның көзімен 
бағалату. 
Осы төрт белгіге тоқталсақ, біріншіге Абайдың Ділдәға үйленгеннен кейінгі бейнесі 
жақсы келеді. Екінші ерекшелікке Ұлжан портретін алуға болады. Оспан «Ойбай, баурем 
деп» келгенде, толық денесін қозғағанынан оның денелі екенін білеміз. Ал Құнанбайдың 
бейнесі әр қырынан көрінеді. Қатал кескін оқиға барысында қайталанып отырады. Бұл 
үшінші ерекшелікке келеді. Ал соңғысына Абайдың бейнесін алайық. Әке сәлемімен 
Байдалыға барып тілдесіп, оның сөзін мырзаға жеткізуге асыққан Абай бейнесі 
Құнанбайдың көзімен көргенде, «екі көзі от шашып, беті қызғылттанған». Бүгін 
эпопеядағы арулар мен аналардың бейнесін топтастырып отырмыз. 
Зере 
Абайдың сүйікті әжесі. Құлағы мүкіс тартқан кәрі әжей. Автор қарттық дендеген 
әженің бейнесін күрделі эпитетпен көрсетеді: «Құлағы көптен мүкіс тартқан кәрі әжей». 
Құнанбайдың бұйрығын әкелген Жақыптың сөзін әжесіне Абайдың жеткізген тұсы. Әже 
бейнесі: «Әжесінің бұл күнде өңі қуарып, қатты жүдеген. Әжім атаулысы бір түрлі 
молайып кеткен. Абай жақындағанда ол құлағын түрді». Бұл үзіндіде автор бір оқиғаны 
сипаттап отырып әженің бейнесін қоса суреттеген. Кәрі әже қатты сырқаттанды. 
«Басында ыңқылы күшті боп, тынысы ауырлап келіп еді. Келесі күні дәрмен азайып, 
өздігімен қозғала алмайтын болды. Алақандары кішкентай әрі тым әлсіз. Оның дене күші 
бітсе де, ойы сап-сау. Тек үні әлсіз». Өмір мен өлім арасында арпалысып жатса да, ойы 
сап-сау әженің бойынан қуат кеткен. Автор кейіпкердің динамикасы мен бейнесін 
астастырып, байланыстырып, қарт ананың әлсіздігін дәл суреттейді. 
Күңке 
Күздеуден жеті көшіп отырып, Қызылшоқы, Қыдырға, Көлқайнарға жеткен Құнанбай 
ауылдары енді осы аралардағы қыстау-қыстауына тарамақ болатын. Бірақ Құнанбай 
«тарамасын» деген бұйрық беріпті. Үлкен бәйбіше Күңкенің үйіне түсіпті. Күңке – 
Құнанбайдың үлкен бәйбішесі. Ұзын бойлы, қара сұр, ашаң жүзді. Автордың тілдік 
шеберлігінде сөз жоқ. Әңгімені алыстан әкеліп, кейіпкердің бейнесіне тоқтайды. Кішкене 
анықтама беріп, таныстырып, жүзінің ашаңдығын, бойының ұзындығын бір ауыз сөзбен 
қайырады. 
129 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Ұлжан 
Абайдың анасы. Ұлжан үлкен, толық денелі адам. Мұны қалай анықтадық? Абай 
ауырып жатқанда Оспан «Ойбай баурем!» деп келгенде, Ұлжан Абайдың сырқатының 
үстінде өзін жаман шошытқан Оспан мінезіне қатты ашуланды. Оспан жинаулы тұрған 
жүк үстінде жатып алып «Ойбау, Абай!» деп жынды ұлғайтты. Мәтінге сүйенсек: «Оспан 
енді байқады. Шешесінің үлкен, толық денесі қайта қозғала бастады». Міне осы жерден 
денелі екендігін байқаймыз. Демек, автор кейіпкердің бейнесін оқиға желісінде 
қарапайым суреттеп береді. 
Нұрғаным 
Бердіқожа дейтін қожаның қызы, Құнанбайдың тоқалы. «Өзі жас та болса кесек, ірі 
денелі, нұр жүзді болатын. Әсіресе, толқынды қою қара шашы мен бет бітімі бөлек. 
Жүзіндегі әдемі қызылымен қатар, бет тұлғасы да сұлу. Шошақтау біткен үлкен қара 
көздерінде аса бір қайратты ашудың және естіліктің оты болатын». Нұрғанымның бейнесі 
осы үзіндіден-ақ көрініп тұр. «Толық денелі, дөңгелек жүзді Нұрғаным сұлу да, сәнді 
екен. Әсіресе, қоңырқай келген, үлкен өткір көздері ерекше ажарлы. Жүзінде жастық пен 
саулық, тоқтық – баршасы да нұрлана түсіп шырай береді. Ақаусыз бетінде мөлдіреген 
тұтас қызылы бар. Ерге біткен көрнекті мұрнының оң жағында кішкене, томпақша меңі 
бар екен. Нұрлы қызыл жүзіне біткен қап-қара мең, өзінше қатты жарасып тұр». «Кесек, 
ірі дене», «нұр жүз», «толқынды қою қара шаш», «шошақтау біткен үлкен қара көздер», 
«қоңырқай келген, үлкен өткір көздер», «ақаусыз бет», «мөлдіреген тұтас қызылы», 
«кішкене, томпақша меңі», «нұрлы қызыл жүз», «қап-қара мең» - осы эпиттердің бәрі 
Нұрғанымның бейнесін суреттейді. Автор кейіпкердің бейнесін сан түрлі палитрамен (қоя 
қара, қоңырқай, қызыл түстер) бояған. 
Сүйіндіктің қызы – Тоғжан 
«Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілі» арқылы Тоғжанның жүріп келе 
жатқанын сезесің. «Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше 
білезіктері баршасы да бұл өңірдан Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, 
аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. 
Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар 
жендеттің жебесіндей». Қазақ қызының образын дәл суреттеген автор табиғи сұлулықтың 
сырын ашып берді. Әдемі өңге сұлулық беретін бояу емес, әшекейлер екендігін айтатындай. 
Түрлі эпитеттермен қатар, ұтымды теңеу де қолданылған. Арудың қасын «қарлығаш 
қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған» деп суреттейді. 
«Жүрекке шабар жендеттің жебесіндей» деп қасының үшкірлігін бейнелейді. 
«Бір уақытта шегірен шымылдық толқып барып қозғалды да, есік жақтағы шетінен шолпы 
сылдыры естіліп, Тоғжанның әсем бойы көрінді. Қолына бір торғын көрпені алып, бері 
шығып келеді екен. Асықпай, тіпті, ақырын қозғалады. Шолпының ендігі сылдырынан өзі 
қысылған тәрізді» - ал мына бір үзіндіде қимылы мен сәні жарасқан арудың бейнесін көреміз. 
Тоғжанның сымбаттылығын асырып тұрған шолпының сыңғыры секілді. 
Ал Бөжей көшінің кезінде «Өтіп бара жатқан бес қыздың тап ортасында, жібек жал ақ 
жорға атқа мінген Тоғжан екен. Судыраған қара жібек биқасаптан әдемі жеңіл шапан киген. 
Басында жап-жаңа қара кәмшат бөрік. Мойнында әсемдеп, кең ораған құбылма түсті торғын 
шәлі. Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жатқан Тоғжан, мынау ат үстінде, 
мынадай топ қыздың тап ортасында, дәл көп жұлдыз арасындағы Шолпандай... Ақ маңдай, 
аппақ жұмыр мойнына, қолаң жібек шашына бетінің үлбіреген қызылы соншалық жарасып 
тұр. Қара шапан сыртынан белін шымқай буған сарғыш жібек белбеуге оң қолын сүйеп, 
мықынын таянған» деп автор тұтас бір мәтінді Тоғжанға арнайды. «Жібек жал ақ жорға атқа 
мінген Тоғжан», «судыраған қара жібек биқасап», «әдемі жеңіл шапан», «жап-жаңа қара 
кәмшат бөрік», «кең ораған құбылма түсті торғын шәлі», «ақ маңдай», «аппақ жұмыр мойын», 
«қолаң жібек шаш». Мына тұста жазушы кейіпкердің бейнесін 
130 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
киімдерімен қоса суреттейді. Оны өзгелерден ерекшелеп тұрған үлкен алтын сырғасы көш 
жүрген сайын ырғалып келе жатқаны көз алдыңа елестейді. 
Сүйіндік ауылына Абай мен Ербол бастаңғы кезінде қонақтатып келгендегі Абай мен 
Тоғжанның алтыбақан теуіп, қосыла ән айтатын еді ғой. Сол бір тұста «Абай бір шақта, 
жас сұлудың жүзінің бала қуанышын көрді. Бақыт күлкісіндей бір рақат, ырзалық елес 
беріп, Абайға қадала қарап, езу тартты. Келгеніне, тапқанына сүйсініп, ішінен алғыс 
айтқан тәрізді. Қарлығаш қанатының ұшындай боп, айдай сызылған жіп-жіңішке қастары 
көтеріліп-жазылып, Абайға өзгеше бір үн қатқандай болды... Нұрлы қара көздерін төмен 
салып, үнсіз мүлгіп тыңдады». «Қарлығаш қанатының ұшындай», «айдай сызылған жіп-
жіңішке қастары» жазушы әдемі теңеумен нәзік тұсты дәл суреттей алған. 
Күлбадан 
Абайдың екінші баласы. «Ділдә бейнелес, ақ сары, мазасыз қыз. Абайша, «Сары шаян». 
Әкесі «Сары шаян» атаған қыз Ділдәға ұқсайтынын осылай бір ауыз сөзбен суреттеп бере 
салған. 
Қазақтың сөз өнеріндегі «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын айрықша әсем образдар 
галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен толықты. Төрт 
кітапта үлкен-кіші, ірі-ұсақ образдағы жүзге тарта әйел кейіпкер бар. Романдағы 
әйелдерді бейнелеген сәттер оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан-жүрегін 
қоса баурайды. Бұлар жүрген жерлер кейде мұхит бойын түгел жайлаған жылы ағыс 
секілді, кейде қиырсыз кең-байтақ құрлықтың ойы-қырын тегіс сәулелендіре шүлен 
шұғыласына бөлеген күн нұры тәрізді, кейде көкжиекті керіп әкеткен кербез теңіздің көз 
жеткісіз көк айдынына сән берген аппақ ақ шағалалар сияқты. 
«Әуезов әйелдері» галереясындағы ерекше портрет – әжелердің үлгісі Зере, сарабдан, 
сабырлы ақыл иесі, аналар үлгісі – Ұлжан, «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай 
былдырлаған», бар сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін «ақ еті атқан таңдай 
аппақ» ару, махаббат таңының үлгісі - Тоғжан, жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі 
– Әйгерім. 
Абайдың дүние даналығын танудағы философиялық ойлары заманы озса да рухани 
сипаты жағынан қоғамның – болашағымыз жастарға және жалпы әрбір қоғам мүшесіне 
бүгінгі тілегімен өзектес жатыр. 
Абай, өзінің қырық бесінші қара сөзінде: «Адамшылықтың алды – махаббат, 
ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан 
тәңірінің ісі. ...Бұл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – 
ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді 
сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп» – деп, табиғат жаратылысының адам ақылының, 
ойлап табар ғылымының таусылмас, түбі жеткізбес ғажабы екенін танып кеткен. 
Ал бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің әртүрлі ғылым бағытында ақынның шығыс 
әлемін зерттеп жүрген ғалымдарымыз, өз мүмкіндіктерінше талдап, түсіндіріп жалпы 
қоғамның игілігіне айналдыруда. 
Әдебиеттер 
1.
[https//eqemen.kz “Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан”- Егемен Қазақстан. 9 қаңтар, 
2020 жыл.] 
2.
[inform.kz /Халықаралық ақпарат агенттігі/9 тамыз, 2010 жыл. Сұхбат.] 
3.
[Мұхтар Әуезов. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеу. Алматы. Санат,1995.] 
4.
[Абай. Қара сөздері. Алматы. Өнер, 2006.] 
131 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет