Абай Құнанбайұлы Қара сөздері сөз



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата26.12.2022
өлшемі0,51 Mb.
#59804
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Абайдың қара сөздері

 сөз
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде 
болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім 
ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не 
залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. 


Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік 
қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса 
керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа 
іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол 
болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның 
қай жерінен бірлік шықты? 
«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, 
ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, 
ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек 
қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған 
ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны 
айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал 
еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. 
Кеселді жалқау, қылжақбас, 
Әзір тамақ, әзір ас, 
Сыртың - пысық, ішің - нас, 
Артын ойлап ұялмас, - 
болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.
сөз
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп 
тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі 
өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-
жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне 
басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, 
мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» 
деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін 
сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, 
үйренсем екен деген. 
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, 
адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны 
болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін 
көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол 
немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып 
кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып 
сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз? 
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл 
жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз 


олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан 
бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды 
тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл 
айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын 
қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу 
кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - 
дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз. 
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз 
артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген 
адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, 
білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды 
білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып 
кетеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет