мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып
алғыш,
көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға
жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса,
мойындау, әділетті ақыл
мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік,
батырлық осы болмаса,
қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.
Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық
жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз,
қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын
жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген
мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - пәлеге,
жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да,
артын
ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен
сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа,
мақтанға салынып, өз
бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?
Достарыңызбен бөлісу: