Заттардың тасымалдануы
Жүрек жұмысы қанның үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ететін жүрекшелер мен қарыншалардың жүйелі жиырылуы мен босаңсуынан түрады.Біз жұмыс істегенде, демалғанда немесе ұйықтағанда ,оған қарамастан жүрегіміз үздіксіз жұмыс істейді.Бұл біздің санамыздан тыс,автоматты түрде жүреді.Жүрек автоматизмі дегеніміз- жүректің өзінде пайда болатын импульс әсерінен жиырылу қабілеті.Мұндай қабілет қозу пайда болатын оң жақ жүрекшедегі ерекше бұлшықет жасушаларына тән.Импульс екі жүрекше мен қарыншаның бұлшықет қабырғаларына беріледі де олардың жүйелі ырғақты жиырылуын туғызады.
Сонымен қатар жүрек бүкіл денеге таралатын әлсіз биоэлектрлік сигнал шығаратын ерекше қабілетке ие.Осы сигналды денеден жазып алу арқылы жүрек жұмысының ырғағын тіркейді.
1.Сырттан келген қозудан емес,өзінің арнайы қозу тудыратын жасушаларының әсерінен жиырылады.
А) Систола С) АвтоматизмВ) Диастола Д) брадикардия
2.Жүрек циклі дегеніміз не
А) Жүрекше лердің жиырылуы С )Қарыншалардың жиырылуы
В) Жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде босаңсуы
Д) Түгелі жауаптар дүрыс
3. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы
А) Ишемиялық ауру белгісі В)ТахикардияС) гипертонияД)Инфаркт
4.Жүрек соғу ырғағының орталығы қайда орналасқан
А)Сопақша мидаВ)Ортаңғы мида С)Аралық мида Д)Артқы мида
Заттардың тасымалдануы
Организмнің барлық жасушалары мен ұлпаларының қалыпты тіршілігі үшін сыртқы ортадан оттек пен қоректік заттар үнемі түсіп отыруы керек,сондай ақ организмнен алмасу өнімдері сыртқа шығарылуы тиіс.Ол өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің салыстырмалы тұрақтылығын сақтайды.Сөйтіп,организмнің барлық мүшелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді.
1.Ағза өзің сақтауы үшін тіршілік көрсеткіштерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру құбылысы
А) Гомеостаз
С) қан,лимфа
В) плазма
Д) ұлпа сұйықтығы
2.Лимфаның басты қызметі........
АЖасушааралық сұйықтықты кері қанға қайтару
В. Ішектен майлардың сіңуіне қатысады
С.Зат алмасуды қамтамасыз етеді
.Қорғаныш қызметін атқарады
3.Ұлпа сүйықтығынан түзіледі......
А) плазма
С) тромбоцит
В)эритроцит
Д) фибриноген
4.Плазма құрамындағы антидене түзетін нәруыз
А) гемоглобин
В)лимфоцит
С) моноцит
Д) нейтрофильдер
Достарыңызбен бөлісу: |