Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Әл-Фарабидың ақыл-ойдың (интеллекттің) түрлері жайлы ойлары



бет14/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Әл-Фарабидың ақыл-ойдың (интеллекттің) түрлері жайлы ойлары. Әл-Фарабидің эманациялық теориясы мұсылман философиясының бүкіл тарихымен екі жақты байланысты: ол теологиялық және философиялық ойдың алдыңғы бағыттарында орын алған ілімдерді өзінде біріктіреді, және өз кезегінде Әбу Насырдың соңынан ерген көптеген ғалымдар үшін теориялық түзілімдердің бастауы қызметін өзі атқарады. Өз ілімінде Әл-Фараби аспан мен ай асты мәселелерін біртұтас етіп біріктіреді. Негізінен ақылмен танылатын және өзгермейтін болмыстармен айналыса отырып, ол, сондай-ақ, денелік және өзгермелі болмыстарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Философ мәңгілік әлемді өзгермелі әлемнен бөліп қарайды, дегенмен Бүтін және көптік арасына байланыс орнатады. Әл-Фарабидің эманация теориясы өзінде теология мен космология мәселелерін біріктіреді. Ақыл барлық затты жасампаз ете отырып, жалғыздан тарайды. Бұлай болу себебі, құдай өз субстанциясын біледі, барлық игіліктің бастауы өзі екенін біледі, - деп есептейді Әл-Фараби. Құдайдың әрекеті мен жасапмаздығы ойлау процесінде, интеллектуалдық процесте жүзеге асады. Ойлау мен болмыстың өзара қатынасы Әл-Фараби философиясында жаратылыстың ұлы да сымбатты көрінісімен берілген. Адамзат ақыл-ойының эволюциясын Әл-Фараби таным процесіне қатысатын адам жанының қабілеті мен бөлшектеріне байланысты зерттейді. Адам интеллекті – бұл туа біткен қабілет, - деп көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ потенциалдық және алғашқы материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. Материалдық болып табылатын заттардың субстанциясында өзбетінше актуалды интеллект болу қабілеті жоқ. Бұл объектілердің мүмкін, яғни потенциалды танылудан актуалды танылуға өтуі үшін материядан да асқан субстанциялы мән қажет. Өзінің “Ақыл (деген сөздің) мағынасы жайындағы пайымдама” деп аталатын шығармасында Әл-Фараби интеллект деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады. Бірінші - қарапайым сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші – мутакаллимдердің түсінігінде, парасат теріске шығарылған кезде айтылады. Үшінші – Аристотельдің “Екінші Аналитика” атты шығармасында берілген мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. “Жан туралы” трактатының үшінші кітабында Аристотель айтқан әрекетшіл интеллект дегеніміз ешуақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма, - деп түйіндейді Әл-Фараби.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет