Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері мен олардың рухани-дүниетанымдық ұстанымдарының ерекшеліктері



бет5/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани

Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері мен олардың рухани-дүниетанымдық ұстанымдарының ерекшеліктері. Қазақ халқының тарихында XX ғасырдың бас кезіндегі Алаш зиялыларының алатын орны ерекше. Олар өз халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы күресті. Сол күрес жолында өздерін құрбан етті. Қазақ халқының азаттығы мен бостандығы үшін күрескен қайреткерлер көптеп саналады. Олардың ішінде саяси-әлеуметтік көзқарастары жағынан шоқтығы биік тұрғандары: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай. Мақалада осы адамдардың саяси-әлеуметтік көзқарастарына тоқталамыз. Бұлар қазақ халқының өмірінде үлкен із қалдырған ұлы тұлғалар. Ондай ұлы тұлғалар туралы Елбасы: «Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда адал орындаудан жал-тармағын адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұрттың азаматы болы қала бермек. Тарихтың қай кезінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген»,-деп көрсетеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов пен М.Шоқайдың көзқарастары бойынша бұрынғы хандық, әміршіл биліктердің барлығы Түркістан халықтарының тәуелсіздігі үшін қызмет істей алмайды. Себебі, олар бұл халықтардың саяси-әлеуметтік мешеулігін көздейді. Уақытша өкіметтің сыртқы істер Министрі А.Милюковтың пікірі бойынша, орыс империясын бұлжымас тұтастығында сақтау ұстанымы оған кіретін ұлттардың тәуелсіздігінен әлдеқайда қымбат екендігі [1]. Жоғарыда аталған Алаш зиялылары саяси ой саласында демократиялық бағыт ұстаған адамдар. Олардың демократиялық ойлары тек ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізумен шектелмейді, келешекте өз халықтарына дербес автономия немесе дербес мемлекет құруды көздеді. Ә.Бөкейханов жетекшілік еткен «Алаш» партиясы мен Алаш автономиясы Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық мемлекет құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық тұтастық жән халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Бұл принциптер большевиктер мен Кеңес өкіметінің ұлттық мемлекет құрудағы принциптеріне қарсы болды. Сондықтан алаштықтар Қазан революциясын, Кеңес өкіметін қолдамады, қарсы шықты. «Алаш» партиясы бағдарламасының «Мемлекет қалпы» деп аталатын І-тарауында былай де жазылды: «Россия демократическая, федеративная республика болу. Қорыта айтқанда, қазақ халқының тәуелсіздігі, еркіндігі, теңдігі, ұлт азаттығы жолындағы күресте Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай т.б. Алаш зиялыларының алатын орны ерекше. Олар өз халқының мұңын жоқтаған, сол жолда бар білімін, күш-қайратын жұмсап, халқы үшін заман тауқыметін тартқан біртуар азаматтарымыз халқымызда мәңгілік орын алады. Алаш зиялыларының азаттық, теңдік, тәуелсіздік туралы армандары қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында орындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет