Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Әл-Фарабидың философияны үйрену үшін нені білу қажеттігі жайлы ойлары



бет17/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани

Әл-Фарабидың философияны үйрену үшін нені білу қажеттігі жайлы ойлары. Әбу Насыр әл-Фараби – көрнекті, аты әлемге әйгілі ғалымдардың бірі болып саналады. Ол көптеген ғылымдарға өз үлесін белсене қосқан ғалымдардың бірі. Толықтыра айта кетсек, ислам діні туралы, әлеуметтану ғылымына,, математика, физика,астрономия, ботаника, лингвистика, логика, музыка және көптеген салаларға өз үлесін қосқан. Сол зерттеген ғылымдарының бірі философия ғылымына назар аударсақ, жан мен тәннің зерттелуіне баса көңіл қоятынын байқауымызға болады. Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында негізгі үш бағытқа тоқталады: біріншісі, ол дүниенің мәңгілігін мойындады, екінші, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ал үшінші, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, адамзаттың ақыл-парасатынан, адамның ішкі жан-дүниесінен, түр мен заттар арақатынасынан іздеді. Өзі зерттеу жүргізген грек ғалымы Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын өзіне қабылдады және оны осы тұрғыдан барынша түсіндіруге тырысты. Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған дұрыс болады. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның негізгі 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы бар мақсат —жалпылықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу болып табылады. Философ адамның өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді.
Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салады. Аристотельдің «Никомахтың этикасында» келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, яғни айтқанда мәңгілік заттарды қамтыса, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет